Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақша ертегілер [ Добавить материал ]

Қу түлкі
12.03.2013, 14:08


Қу түлкі

Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі   құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.

Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес,— дейді.

—  Сенбесең,  менімен  бірге  орманға  жүр.   Ондағы   барлық аңдардың  менен  қалай қорқатынын  өз  көзіңмен  көр, — дейді түлкі.

Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:

— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.

—  Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Категория: Қазақша ертегілер | Добавил: admin | Теги: ертегілер, Ұлттық ертегілер, Қазақ ұлтының ертегілер, Қазақ ертегілер, ертегі, балаларға арналған ертегілер
Просмотров: 1596 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar