Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақша ертегілер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 54
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Рейтингу

Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл және өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі.

Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен.

Барлық реферат | Просмотров: 1262 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жапанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. 
Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты. 
Барлық реферат | Просмотров: 1524 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ертеде бірге болып мекен жайы,

Достасып,

Ашылыпты бекем, бағы...

Қой, Ешкі бір өріске шығып күнде,

Отар боп жайылады екен бәрі.

Шүйгін шөп жайылуға жараса нақ,

Бас қойып жұлады екен бара сала-ақ.

Барлық реферат | Просмотров: 1293 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.

-        Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.

-        Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.

Барлық реферат | Просмотров: 1386 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

-        Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, мағдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

Барлық реферат | Просмотров: 1641 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:

-        Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.

Барлық реферат | Просмотров: 1598 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ерте, ерте, ертеде, бір белгісіз теңізде балықтар патшалығы құрылыпты. Ол патшалықтың басшысы кит екен. Патша еліне елеулі, халқына қалаулы, абыройлы болыпты. Қарамағындағылар оны құрмет тұтып, айтқанын екі етпейді екен. Кит ірі, азулы, көк көзді екен. Сонымен бірге жомарт, қолы береген. Бұл патшалықтың халқы тату, арыздасу дегенді білмейтін кең пейілді деседі. 
Барлық реферат | Просмотров: 2222 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:

– Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді.

Барлық реферат | Просмотров: 1822 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты:

-        Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.

Барлық реферат | Просмотров: 1685 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

       Ертеде үш ағайынды жігіт болыпты. Мал дегенде үшеу ара жалғыз өгізі болыпты. Күндерде бір күн үшеуі енші алыспақ болады. Үлкені көк егіздің басын алады, ортаншысы - ортасын, кішісі - артын алады. Үлкені өгіздің басын, ортаншысы ортасын, кішісі артын бағып жүреді. 

      Бір-екі жыл өткенде көк өгіз өседі, үлкейеді: үш ағайынды жігіт бірін-бірі көре алмайтын болады. 

Барлық реферат | Просмотров: 1275 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-54