Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақша ертегілер [ Добавить материал ]

Алты түлкі
12.03.2013, 14:02

Алты түлкі

        Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,— деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осыларды, мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын»,— деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:

—  Біз бір жақсы ойын қылайық!— деп.

Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарынан байлап қойып өзі бір биік таудың басына шығып, түлкілерге айтты:

      – Мына жақта бүркіттер келе жатыр,— деп өзі қашты.

Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, әммесі шолақ болып қалады, шолақ болғаннан кейін бұрынғы, міне, шолақ түлкі өздерін шолақ қылып, серік қылды. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін ешкім мазақ қылып күлмейтін болды.

Категория: Қазақша ертегілер | Добавил: admin | Теги: ертегілер, Ұлттық ертегілер, Қазақ ұлтының ертегілер, Қазақ ертегілер, балаларға арналған ертегілер, ертегі
Просмотров: 1414 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar