Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақша ертегілер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 54
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 »

Сортировать по: Рейтингу
Қай елде болмасын, жалпы ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі. Оның мақсаты – тыңдаушыға өмірдегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық, олардың өзара күресі, бастабында ылғи да жамандық, сұрқиялық, жауыздық жеңгенімен, түптің түбінде жақсылық жарқырап көрініп, әділеттілік салтанат құрып, ізгілік жеңіс тұғырына көтерілетіндігі туралы ғибрат беру. Яғни ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функциясы өте кең. Сондықтан қандай ертегі болмасын, оның ең басты мақсаты –  сюжетті барынша қызықты да таңғажайып етіп ала отырып, оны көркемдеп, әрлеп баяндау. Қазақ халық ертегілерінің ішінде мұндай үлгідегі ертегілер өте мол. Солардың бірі –  «Аяз би» ертегісі.  
Барлық реферат | Просмотров: 2206 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқыбағып жүрсе, бір адам келіп:

-        Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, - депті. Бала тұрып:

-        Құп! Берейін, үйретіңіз, - дейді. Әлгі кісі:

Барлық реферат | Просмотров: 1123 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға  ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»
Барлық реферат | Просмотров: 1486 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ерте-ерте заманда бір бай болған екен.Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігіттердің ойын-сауығына араласпай байдың ұлы малын бағып, ес-ақылы толып жігіт бола бастайды. Бір күні ел ішінде үлкен бір той болады. Бұны естіген байдың ұлы тойға барғысы келіп, әкесінен рұқсат сұрайды. Сонда әкесі «барма, балам» деп айта алмай:
Барлық реферат | Просмотров: 932 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының  күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: 

Барлық реферат | Просмотров: 1619 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда,Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ пайғамбардың кемесінің орны дейді.Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол -үңгірдің үстіне ағаш шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын киді деп, қатындар күлпарасын киеді екен. Сол уақытында жұрттыңбәрі даладағы нәрселерін үйге қояды екен, Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпес деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:

«Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсылқара жануар содан калған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге калған?

Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,

Қамбар ата жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Тышқақ тана үстінде жатып қалып

Зеңгібаба жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,

Шопаната жануар содан қалған...»

Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен.

Қазығұрттың басында көп «әулие» Мінсең аттай желеді айыр түйе, -деген мақалдар да бар. Қазығұрттың басы түйеніңөркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпенұрысамыз деп, жиылысып келген екен. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.

- Ордабасы балама айт,

Қызыл сеңдей қызыма айт,

Еншілес інім Қаңғыраққа айт! -

- Сізден арғы Қараққа айт! -

деген даусын есітіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып кетеміз ғой, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң тым болмаса, қылышты бір сілтеп қалайық деп, қылышты сілтегенде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты дейді. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен дейді қариялар.

Барлық реферат | Просмотров: 1788 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасыпханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», -

деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына

шақырып алып:

- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.

- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.

- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.

-  Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -дегенім еді, - дейді Қожа.

Барлық реферат | Просмотров: 858 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

-   Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-  Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.

Сонда Қожа:

-  Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды  екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

Барлық реферат | Просмотров: 1428 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналып-

ты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жа-

ман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, та-

мақ іш», - демепті.

Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір

киімдерін киіп, қайта келеді.

Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден

орын береді, ет келгенде:

-        Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді.

Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-        Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

-        Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? -

дейді.

Сонда Қожа:

-        Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды

екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп,

жауап береді.

Барлық реферат | Просмотров: 927 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарғабарады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

-        Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тап-

сырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды

ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне

құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.

Сол жерде сатушы:

-        Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? -

дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:

-        Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің

түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесеніұстап

үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:

-        Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,

Қожа:

-        Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп,

кесені тағы да төңкеріп қалады.

Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп

қалыпты.

Барлық реферат | Просмотров: 957 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-54