Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақ салт-дәстүр | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 21 Показано материалов: 11-20 |
Страницы: « 1 2 3 » |
Сортировать по: Рейтингу
Қазақта қонақтарға тартылатын табақтардың түрлері көп. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Бас табақ – жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме (ол жамбастың серігі) сүбе қабырға, қойдың ұлтабары; жылқы етінен: қазы, қарта, жал, жая. |
Жаубүйрек – ұлттық тағамның бір түрі. Жаужүректі малшылар, жолаушылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сыпырған соң құйрық маын білімдеп кесіп алады. Ішін жарып, өкпе-бауырын сыуырып алып бауыр мен құйрықты жұқалап жапырақтап, істікке бір май, бір бауыр етіп кесектеп шаншыпүстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтап пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жау жбүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдуілгі бір түрі деуге болады. Жаубүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, пияз салады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады. |
Үлпершек – семіз жылқының айналдырған жүрек қабына толтырып, аузын тігіп пісірген май мен ет. Үлпершіктегі екі-үш бойына асқан етке қосып пісіреді. Себебі оның 2-3 сағатта пісуі қиын. Қарын бөртпе – ел арасында сирек дайындалатын өте дәмді тағам. Көбінесе жаңа сойылған малдың етінен, майынан, бауырынан қосып, ұнмен арластырып, қарынға салып пісіреді. |
Қуырдақтың түрлері және сүрленген етҚуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе,бауырынан, мойын, төс етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарынның ұсақтап турап әзірлейді. Ол үшін іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүрек, ішек-қарын, мойын, төстік еттерді салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пиязды қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай қосады. |
Құйрық-бауыр – су 30-350 жылығанда қазанға құйрық майын салып, отты баяу жағып, 15 минуттай қайнатады. Піскен құйрық-бауырды табаққа салып суытады. Бұдан кейін бауырды жұқалап турап, оның үстіне құйрық майын турап салады және дәміне келтіру үшін дөңгелектеп туралған пияз, бұрыш салған тұздық құяды. Құйрық-бауырды асқан еттен бөлек береді. Сірне – бағланның, қаракөз, кепе қозының етін қазанға жілік-жілігімен қуырып дайындалатын өте дәмді ас. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өзіш майы мен еттің сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның аузынан бу шықпайтындай етіп ыдыс төңкеріп, от мейлінше баяу жағылады. Түбі күймес үшін, қазанның түбіне аздап су құюға болады. |
Асар. Ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын жұмыс. Ол жанадан үй салу, шөп шабу, қой қырқу, малды жайлауға не қыстауға айдап салу сияқты. Көмекке келген адамдар еңбек ақы сұрамаған. Үй иесі оларға арнайы мал сойып, ас дайындаған. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Бұл әдет қазірде бар көңіл қуантарлық жай. |
Тіл кестіру,Арыздасу,Өсиет,Көрісу,Өлімді естірту (Қазаны естірту),Көңіл айту,Шашын жаю,Ақтай жоқтау,Аманат қою,Бата жасау,Топырақ салу,Қара ту тігу,Тұл ат,Тұл киім,Тұл жартыс,Қара жықты,Естірту,Жоқтау айту,Сауын айту,Ас беру,Ошақ майлау. |
Қарсы алу. Қолға су құю. Дастархан басына шақыру. Шай құю, шыны әперу. Табақ тарту. |
Ауыз тию, Араша, Өмеңгерлік, Байлау, Барымта, Бес жақсы, Дауыс, Ерүлік, Жеті ата, Жол аяқ, Көрімдік , Көрісу, Жыл қайыру, Қарғыс, Құн, Сал серілік, Сәлемдеме, Өлі сыбаға, Тойбастар, Тізе бүгу, Ұран, Таңба (Жалғасы) |
Асар. Аңшылық. Бие бау. Кеусен. Келі түбі. Көген той. Күзем шай. Жылқы күзеу. Қол кесер. Қолүздік. Қол үшін беру. Қазық майлау. Қой басты. Тұлақ шашу. Нәзір. Қымыз мұрындық. Сірге жияр.Сабан той. Сауын салу. Саятшылық. Салбұрын. Сыралғы. Лау. Уме. Шашыратқы. |