Главная » Файлы » Қазақстан » Қазақ салт-дәстүр | [ Добавить материал ] |
17.03.2013, 01:58 | |
Аманат. Қымбат, бағалы заттарын уақытша біреуге аманат етіп қалдыру. Аманатты сақтау үлкен адамгершілікке жатады. «Аманатқа қиянат қылма» бұл сөзде сенім тапсырған адамға аса адалдықты, адамгершілікті сақтау керектігін білдіреді. «Аманат» рулар мен жүздер арасындағы ауызша келісім шарт болып, үлкен сенімділікті білдіреді. «Аманат» достықты, бірлікті, келісімге келуді білдіреді. Сол уақытта жауласып жүрген ел арасында келісімге келіп, татуласудың белгісі ретінде бала берісіп, бала алысқан. Ант – адалдықтың, құрметтің белгісі. Ант бұзған адамды «ант атқан» - деп сөгетін болған. «Ант» беру өте ерекше жағдайда беріледі. Кінәлі адам сенімділікті, адалдықты сақтай алатын адамды арашалап, бұл жағдай қайталанбас үшін ант береді. Ақ алып шығу. Сүт,қызым,шұбат,айран т.б. қазақтар «ақ» деп атайды. Ақта қасиет бар деп есептейді. Ақ түс – адалдықты, сенімділікті білдіреді деп ойлайды. Жаңа көршілеріне ақ алып шығып, қарсы алады, біріне-бірінің қарым-қатынасы таза, шын болудың белгісі. Жаңа көшіп келген көршіні қонаққа шақырады, бұл «ерулік» деп аталады. Көршіні ерулікке шақырмау әдепсіз, дәстүрді бұзу болып табылады. Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ақты (сүт тағамдары) төгіп шашпаған. Кей жағдайда сүтті төгетін уақыт болады: үлкен өртте төгеді, үйге жылан кірсе оны ақ құйып шығарады. Бұл қазақ халқының зор құрметпен достарына, еліне, жолдастарына қарау мен бірге өзіне онша дос, жолдас емес адамдар ғана қымызын, шұбатын беріп құрметтеген. Ақ жол. «Ақ жол» - әйелдерге сын. Өзінің еріне адал, шын берілген, өтірік айтпаған әйел ауырған адамның үстінен үш рет аттаса, ол адам жазылады, деп, сол ырымды пайдаланған. Ауру аттаған адам жазылып шықса, ол әйел шын қасиетті, деп аталған. Ілияс Есенберлиннің «Каһар» романн оқыған адам біледі. Ат мінгізіп, шапан жабу. «Ат мінгізіп, шапан жабу» - өте жоғары құрмет. Қазақта аса жақсы дәстүр бар. Қадірлі қонағына, ақынына, батырына, күрескеріне т.б. аса сыйлы адамына ат мінгізіп, шапан жабады. Бұл салт бүгін де жалғасын табуда. Бұл қазақтың құрметтеп жүрген дәстүрлері. Айып. «Айып төлеу» - істеген қылмысы үшін айыптау. Кез келген қылмыс міндетті түрде өзінің жазасын алады. Ұрыс, барымта, малын айдап кетуі, көпшілік ортасында ұрыс-керіс жасау, дәстүрді бұзу,әдет-ғұрыптан өрескел қателік жасау т.б. бәрінеде айып төленеді. Оны міндетті түрде орындау керек. Ат тергеу. Біздің халықта жас адамды тәрбиелеудің әдістері өте көп, үлкенге құрмет, жасқа әдепті үйретеді. Жаңа түскен келін ауылдың үлкендеріне, жастарына өзінше атау береді, мысалы, қайын атасын – ата, қайын енесін –апа, інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем», ағасының әйелің –жеңеше т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге деген құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Қазір бұл салтта жоқ, ешкім көңіл бөлмейді. Айырылысар көже. Тату тұрған көршілердің біреуі жайлауға не қыстауға көшер болса бірін-бірі «айырылысар көжеге» шақырған. «Айырылысар көже» деген шартты түрде айтылған. Іс жүзінде аса мол құрмет көрсетіліп, мал (қой) сойылып сыйлаған. Көршілер алдағы уақытта да бірін-бірі сыйластықпен, құрметпен денсаулықтың арқасында сыйластық жалғасатына сеніммен қарап, қимастықпен айырылысқан. Ауызбастырық. Біреудің атына кіркелтіретін сықақ өлең, лайықсыз сөз, топастық қылықтар тез тарайды. Көпшілікке күлкі, мазақ болмау үшін естіген білгенін өзі айтқан адамға ауызбастырық беріп, елге жайылып кетпеуін өтініп сұрайды. Сыйлық, аса құнды зат, әшекей бұйымдар болады. Алған адам айтып елге жаюға қақысы жоқ. Бұл анттың бір түрі. Ауыз тию. Алыс жолға демалуға, емделүге бара жатқан адам, оқуға түскен, әскерге бара жатқан жастар жасы үлкен құрметті адамның үйіне кіріп амандасуы керек. Ол үйден тамақ ауыз тимей шығармайды. Содан кейін жол жүруге рұқсат. Абысын асы. «Абысын асы» ағайынды, жақын туыстардың әйелдері «абысындар» деп аталады. Үлкендердің, ағайындарының, күйеулерінің үйде болған түрде абысындар жинала алмаған. Үлкендер тойға не басқа мерекеге кеткен уақытта әйелдер ғана қалған кезде абысындар жиналып ет асып, самауыр қойып, ет жеп, шай ішіп, әзілдесіп, ақылдасып арқа-жарқа болған. Бұл жағдай бұларды жақындастырып, үйымшылдыққа жол ашқан. Араша. Өзара сөзге келісіп, төбелесіп жатқандарды көргендер оларды айырып, ақылға келтіреді. «Араша, араша» деген сөзді естігенде олар ұрысты тоқтату керек. Тыңдамаған жағдайда оларға айып салынады. Ақтық. Белгілі бір қызметіне қарай ақы төлеу. Сатқын үшін, айтылмайтын іс жөнінде басқа біреуге айту, сол үшін сыйлық алу. Ол «ақтық» деп аталады. Мұндай істі халық жаратпаған, ол жазаланған, айыптылар ол үшін айып төлеген. «Ақтық» - айғырын биеге салғаны үшін, түйеге де солай. Ол үшін айғырдың иесіне ақтық төлеген. Ат құйрығын кесу. Әр түрлі себептермен керісіп жүрген адамдар кейіннен бір-бірімен жауласып кетеді, елінен, туыстарынан безеді. Қайта келіспеске белбұған адам өзінің мініп жүрген атының, құйрығын кесіп, екі қолын көтеріп төбесіне қойып елінен безіп кетеді. Бұл қайта бұрылмастық белгісі болады. Сол себепті «атынның құйрығын кеспе», қолыңды төбеңе қойма. Ол жамандықтың белгісі. Ат майын сурау. Қазақтың қазағына көмек көрсетпейтін күні жоқ. Өмірдің әрбір кезеңіне зер салып отырған. Әсіресе күн көріс жағдайлары ауыр адамдардың от басына, жетім балаларға, жесір әйелдерге үнемі көмектесіп отырған. Соның бірі аты жоқ адам жағдайы жақсы адамнан «ат майын сұрайды». Жақсы көршілерінен, жақындарынан да сұрайды. «Ат майы» уақытша атын пайдалану. Сұраушы адам «ат майын» алады. Бұл да қазақтың жан -ашырлығы, білгендігі деуге болады. Әмеңгерлік. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі күйеуінің інілерінің біріне, ағасы болса да қосылу керек, олар болмаса жақындарынан, не алыстау ағайына. Әйел өз еркімен шығу керек. Ертеден келе жатқан дәстүр. Егер әйел бөтен біреумен кетсе, күйеуінен қалған мал, мүліктен әйел ала алмайды, үйінен келген жасауымен кетеді. Бұны «іргеден шығару» дейді. Қайны, не қайны ағасына барса, ол ұрпақ жалғастырушы болады. Күйеуінің туыстарының бірі алса, бұл «әмеңгерлік» деп аталады. Әдеп. Кішіпейілдік. Үлкендерге, өзінен кішілерге дұрыс қарым-қатынас жасау әдептіліктің белгісі. Сыпайлық,әдептілік ұлттық қасиеттерімізге тән. Үлкеннің, кішінің алдында, әйелдің ер адамның алдында, ер адамдардың әйелдер алдында, атасы келінінің алдында әдепті болуы. Келін өз кезегінде әдепті сынайы, кішіпейіл болуға тырысады. Мешітте, басқада көпшілік орындарда да әдептілікті ұмытпағаны жөн. Адам бойындағы сыпайлық, , кішіпейілдік, әдептілік адамға абырой әпереді. Бата. Бата – жақсы тілек – бағалы рухани тілек. Бата беруші шын ақ ниетімен алладан тілеп айтады. Батаны жасы үлкен адамдар береді. Батаның түрлері әр түрлі болады: Теріс бата. Қарғыс. Бата деп аталғанмен бұл жазаның бір түрі. «Теріс бата» әкесі баласының іс – әрекетіне риза болмай, тіл алмаса, әке сенімінен шықса теріс бата берген. «Теріс бата» қолының сыртын қаратып бата берген. Мысалы, «Қыз Жібектегі» Төлегеннің әкесі Базарбай қолын теріс жайып теріс батасын береді. Сырлыбайдың қызы Жібекке барыуына бөгет жасайды. Тыңдамаған соң «теріс батасын» береді. Ақыры не болғанын, оқыған, киноны көрген адам біледі. Бұндай адамдардан халық теріс айналған. Байғазы. Отау үйге алғаш келген адам байғазы беріп, қайырлы-құтты болсын айтады. Байғазы көбінде балаларға, жас адамдарға беріледі: киім кешек алса, астына машина, мотоцикл т.б. бағалы заттар болса соларға байғазы береді. Базарлық. Алыс жолдан, демалыстан келген адам базарлықсыз келмейді. Базарлық - қымбат емес зат не сувенирлер, т.б. өзінің жақын адамдарына, дос, жолдастарына сыйланады. Байлау. Тапқан әлде тапқан олжасын біреуге сыйлау. Мұны «байлау» деп атайды. Аңнан қайтқан адам алған түлкісін, қасқырын, қарсағын ауылдың үлкен ақсақалына байлайды. «Байлау» - мырзалықты, сыйластықты білдіреді. Солай бола тұра алғашқы алған аңын ешкімге бермейді. Баутағар. Аңнан қайтқан адам алғанын біреуге байлайды. Байланған кісі байлаушыға ақша не соған тұратындай зат береді. Бұл «баутағар» деп аталады. Байлауды алған адам «баутағар» бермесе, екінші рет оған «байлау» жоқ. «Баутағар» бермеген адам малынан айырылады деген ырым бар. Бармағын жалау. Ол қонақ өзінің сый-құрметін достармен бөліскісі келеді.Жақын адамдары не достары шақырылған қонақты үй иесіне хабарлайды. Біз онымен қонақ асын бөліскіміз келеді. Бұның ешқандй өрескелдігі жоқ. Үй иесі бұған қуанышты. Кейде үй иесі жастарды шақырады: Бізге үлкен сыйлы ақсақал келе жатыр, бармағын жалауға келіңдер - дейді. Бұл арнайы шақыру емес, ескерту ғана, жастарды сыйлау болып табылады. Жүздесу мен әңгімелесу, сыйласымдық ұлттық дәстүрдің бірі. «Бармақ жалау» соның бірі. Барымта. Күш пен қаруланып келген қарсы жақтың адамдары табынымен жылқыны айдап кетеді. Соңынан іздеп келгендерге есе бермесе «барымтаны» сіңіріп кетеді. Барымта ұрлық деп санамайды. Барымтаның арты үлкен дауға айналады. Барымта есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі. М.Ауэзовтың «Абай»нында барымта өте жақсы баяндалған жауласқан Базарәлі мен Тәкежан арасында. Барымта қазақ даласында жиі қайталанатын. Бал басы. Ертеде көріпкелдер, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Қазіргі күндерде де олар бар. Жоғалған мал, заттар балгердің алдын ала болжап айтқандары келген. Балгердің жұмысына ақы төлеу керек. Оны «балбасы деп атаған. Әркім өз жағдайына қарап ақы төлейді. Кедейлерге балгер «құдай үшін», - деп тегін балды ашып берген. Балгер алғысын айтып бата берген. Егер балгер бал ашқаны үшін белгілі бір сома сұраса, не мал, бұларға ешкім көңіл бөлмеген. Бәйге. Сыйлық. Көпшіліктің пікірінше бәйге «ат жарысы» деп ойлайды. Той, ас басқа да мейрамдар күрессіз, ақындар айтысынсыз, ат жарысыз өтпеген. Ерекше сыйлықты жүйрік ат алған. Бәйгеге «100 не одан да көп аттар жіберілген. Бәйге тіккен сыйлықтың бәрін айдап кетпеген. Бәйге күрестен жеңгенге – түйе кілем жамылған, ақындарға жақсы ат, шапан сыйлаған. Бәйге жарыста озғандарға берілген. Осы дәстүр біздің халықтың рухын, мәдениетін көтерген. Белкөтерер. Қарт адамдарға көрсетілетін құрмет. Арнайы ас дайындалған. Ол кісілерге дәмді, жұмсақ, колориясы мол қазы, сары май, жент, қымыз, ақ ірімшік, т.б. дайындалған. Дайындалған тағамдарды көршілері, балалары, жақын туыстар әкелген. Естеріне алып құрметтегендеріне риза болған кәрілер жақсы тілектерін айтып, бата берген. Бұл дәстүр келешекте жастарға үлгі болған. Қарт адамдарға қалай күтім көрсету керек екені жөніңде. «Белкөтерер» аурудан жазылып келе жатқан адамдарға жасалып берілген. Бес жақсы. Бес жақсы. Атына заты сай «бес жақсыны» сыйға беретін адамдары: құрметтеп жақсы көретін бай адамға, мырзаға, батырларға, билерге құрметтеп сыйлаған сыйға лайықты, достықтың белгісі ретінде берілген. Құдалар арасында «бес жақсы», қалың мал, киіт ретінде берілген. «Бес жақсы» аса зор құрметтің, сыйластықтың, достықтың белгісі болған. Бетке түкіру. Сөзбен, қолжұмсамай өзінің жек көретін, көңілі қалған адамның «бетіне түкіреді» - қолынан басқа ештеңе келмейтін шамасыз адам осыған барған. Бетіне түкірілген адамға бұл аса ауыр болған. Намыстанып қиналған. Дау. Қазақтарда болатын дау, төленетін айып, жер және жесір дауы. Дауласқан адамдар биге жүгінген. Жиналыс өткізеді. Екі жағы шешендік сөзбен даудың себебін дәлелдейді. Сөз сұраған адам қамшысын ортаға тастап сөз алады. Мұндай дауды төбе би шешеді, екі жақты татуластырады. Ақсақалдар мен төбе бидің қортынды сөзі қайта қаралмайды. Дау шешілген соң айыптың оннан бір бөлігі «төбе биге» беріледі. Айыптыларға мал басы кесіледі. Дауыс. Өмірден қатты соққы көрген, тағдырдың талқысына түскен жағдайда дауыс шығарып қатты қайырған. Бұл дауысты әйелдер атқарады. Дауысты естіген ауылдың ақсақалдары, жасы үлкен адамдар келіп тоқтау айтады. Дауыс қылу ды көп естілген кез 1928жылғы тәргілеу (конфискация), 1932-34… жылғы аштық, 1937 жылғы репрессия, 1941-1945 жылдарғы Ұлы отан соғысы. Кәзір бұл дәстүр жоқтың қасы. «Дауыс қылу», «жоқтауды» шатастырмау керек. «Жоқтау» - өмірден өткен адамды жоқтау. «Дауыс қылу» -адамның ішкі көңіл күйі. Дерт көшіру. Ауырған адам, не мал болса көшіру арқылы емдеген. Ауыл адамдары, жастар жиналып аурудың атын дауыстап «көш, көш» - деген. Бұл арнайы өлең түрінде, тақпақ түрінде айтылған, мысалы: сен жауға, суға, бұлтқа – көш, көш – делінген. Тері ауруына байланысты да айтылған. Қазір бұл ырым мүлде ұмытылған. Денгене. Бұл ырым ұмытылып бара жатыр. 3-4 жігіт жиналып малды азаматтың үйіне денгенеге келдік дейді. Бұл келісті түсінген үй иесі бір семіз қойды сойып тастайды да етін түгелдей қазанға салып пісіреді. Келген жігіттер етті тауысып, сорпасын да түгел ішу керек. Егер тауыса алмаса 2 есе айып төлейді яғни бір қойдың орнына екі қой. «Денгене» - сірне деп аталады. Оңтүстік облыстарда 4-5 жанұя бірлесіп «денгене» -«сірне» жасайды. Аз болса тағы бір қой сойылады. Кейбір өңірде сірнені кәделі ас ретінде құдаларға тартады. Дүре. Дүре –жазалау. Аса ауыр, ұяты жаза. Дүре салудағы қару қамшы болады. Жазаланған адамға қылмысына қарай 25,50, 75,100 рет қамшымен соғылады. Бұл жаза – ұрлық істеген, ауылын (отаның) сатқан адамдарға беріледі. Жаза көпшіліктің алдында болады. Бұның тәрбиелік мәні зор. Көрген адамдар мұндай қылмысқа бармайды. Дүреден өлген адамға «құн» төленбейді. Ен. Ен – белгі. Мал құлағына салынатын белгі. Қазақтың басты шаруашылығы мал өсіру болған. Әр отбасының, ауылдың, рудың өз белгілері болған. Белгі кейде қара малдың мүйізіне салынған, ені бойынша малын жоғалтып тауып алған, «енді» өшіріп не басқа түрге енгізі алмаған. Сондықтан ешқандай дау туы мүмкін емес. Ен әртүрлі болған. Қиықша, түзу, кейде сырға салынған. Ертеректе ен құлдарға салынған. Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоңыстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т.б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым-қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі. Емге сұрау. Емге сұрау – ауырған адамға ем болу үшін тамақтың өзін де жоқ түрін сұрау. Мысалы: қазы, май айындағы, сары май, т.б. Дәстүр бойынша емге сұраған затты беретін болған. Халқының бұл дәстүріне ешкім қарсы болмаған. Емшегін көкке сауу. Баласының істеріне риза болмаған анасы «емшегін көкке сауады». Төбелес, қол көтеру, ата-ананы тыңдамау, өрескел істерге бару - бұл іске баласына «теріс батасын» береді. Қарғыстың ең ауыры «теріс бата», «ананың емшегін көкке сауу». Бұл қарғыс түрлерін өзгертуге, қайтарып алуға болмайды. Есекке теріс мінгізу. Қылмыскерді, ұятқа қалдырушы әйел, еркек жеңіл жүрісті адамдарды дала заңы бойынша жазалаған. Жазалына қара есекке не қара сиырға теріс мінгізіп, аяғын есектің не сиырдың қарнына байлап, мойнына ескі қара кигізді кигізіп есекті не сиырды жетектеп әр үйдің есігің алдынан жүргізеді. Көрген адамдар бетіне түкірген. Бұл балалар мен жастарға аса қатаң жаза болып көрген. Өздері бұл көргендерінен сабақ алып, ондай бұзықтыққа бармайтын болған. Жаза. Жазалау. Билер кеңесінен соң қылмысты адам бидің шешімі бойынша сазайын алған. Оны осының алдындағы есекке теріс міңгізуден білеміз. Дүре соғу – қамшымен жазалауда алдыңғы тақырыпта айтылады. Ішімдіктен көз жұмған адам басқа адамдар жатқан жерден 100 қадам ары жерленген. Егер әйел ерінің көзіне шөп салған болса, оны «қарабет» - деп шашын кекскен. Егер күйеуі жазаласа, «талақ» етіп тастаған (айырылған). Егер адам дінін өзге дінге ауыстырып кетсе, оның дүние мүлкі тәркіленіп, басқа адамдарға бөлініп берілген. Жекпе-жек. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Бұрын әскері адамдар осы жекпе-жектен бастаған. Мұндай сайыстарда біреуі өледі. Осыған қарағанда батырлар бұл сайыстан қайтпаған, еркімен қатысқан. Қазақ халқының батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Малай-сары, Наурызбай, т.б. мұндай сайыста жеңіп шыққан. «Мақсат-жеңіс» болады. Жеңілгендердің атын, қару-жарағын алып қойған. Өлең, жырларда батырлардың жекпе-жегі көркем тілде толық жазылған. Жеті ата. Әу баста бір атадан тараған жеті жұрттың қамын жер – деген бар. Олай деу жеті атаға дейін тараған ұрпақ туысқан, жақын адамдар болып саналады. Сол себептен жеті атаны білу керек. Жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеген. Жиен құрық. Қыздан туған балаға берілетін сыйлық. Қыздан туған бала «жиен» - деп аталады. Біздің халқымызда дәстүрлі тәртіп жиенге «жиын құрық» беріледі. Нағашы жұрты (анасының туыстары) «жиенқұрықты» беруге қарсы болмауы керек. Жиен құрықты үш рет орындайды. Жиенді ешуақытта өкпелетпейді. Жол аяқ. Ұзақ жолға шығатын адам үйінде қой сойып, қонақ шақырады. Мақсаты аман-есен қайтып оралуына, барған мақсатына жетіп қайтуға «жол аяқ» жасайды. Келушілер оған шын көңілден тілектес екендіктерін білдіріп бата береді. | |
Просмотров: 2666 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |