Главная » Файлы » Қазақстан [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 75
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 8 »

Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда,Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ пайғамбардың кемесінің орны дейді.Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол -үңгірдің үстіне ағаш шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын киді деп, қатындар күлпарасын киеді екен. Сол уақытында жұрттыңбәрі даладағы нәрселерін үйге қояды екен, Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпес деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:

«Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсылқара жануар содан калған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге калған?

Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,

Қамбар ата жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Тышқақ тана үстінде жатып қалып

Зеңгібаба жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,

Шопаната жануар содан қалған...»

Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен.

Қазығұрттың басында көп «әулие» Мінсең аттай желеді айыр түйе, -деген мақалдар да бар. Қазығұрттың басы түйеніңөркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпенұрысамыз деп, жиылысып келген екен. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.

- Ордабасы балама айт,

Қызыл сеңдей қызыма айт,

Еншілес інім Қаңғыраққа айт! -

- Сізден арғы Қараққа айт! -

деген даусын есітіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып кетеміз ғой, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң тым болмаса, қылышты бір сілтеп қалайық деп, қылышты сілтегенде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты дейді. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен дейді қариялар.

Барлық реферат | Просмотров: 1861 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасыпханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», -

деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына

шақырып алып:

- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.

- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.

- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.

-  Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -дегенім еді, - дейді Қожа.

Барлық реферат | Просмотров: 902 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

-   Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-  Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.

Сонда Қожа:

-  Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды  екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

Барлық реферат | Просмотров: 1526 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналып-

ты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жа-

ман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, та-

мақ іш», - демепті.

Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір

киімдерін киіп, қайта келеді.

Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден

орын береді, ет келгенде:

-        Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді.

Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-        Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

-        Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? -

дейді.

Сонда Қожа:

-        Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды

екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп,

жауап береді.

Барлық реферат | Просмотров: 973 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарғабарады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

-        Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тап-

сырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды

ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне

құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.

Сол жерде сатушы:

-        Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? -

дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:

-        Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің

түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесеніұстап

үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:

-        Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,

Қожа:

-        Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп,

кесені тағы да төңкеріп қалады.

Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп

қалыпты.

Барлық реферат | Просмотров: 1058 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды. Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді. Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді. Ол ханның талабын орындамақ болады. Хан берген екі көрпені мұз үстіне төсеп, үстіне киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяздың өзінде жамбасынан сыз өтпеген Қожанасыр

үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп,еш сылтау таппаған соң:

_ Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр көз ұшынан бір оттың жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан:

«Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қожаға жөнсіз тиіседі. Қожанасыр өзінің ол оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.Ақыры Қожанасыр ханды үйіне қонаққа шақырады.Ұзын мосыға шәугімді іліп, астына жылтыратып от жа-

ғады. Шәугім биік, от әлсіз, шай қайнамайды. Сонда іші пысқан хан:

- Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не далбаса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған оттың жылуы жете ме? - депті.

  -Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында тұрған шәугімге астында жылтыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, - депті.

Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.

Барлық реферат | Просмотров: 938 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты.Хан отырып:

-   Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.

-  Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.

- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.

- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя

беріпті. Сонда Қожанасыр:

Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.

Барлық реферат | Просмотров: 841 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің алдында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жарылып қалыпты. Қожанасыр басынан аққан қанды алақанымен сүртіп, аспанға екі қолын жайыпты да:

-   Е, құдай, мен сенен дәулет сұраған жоқ па едім, бас жаруды өзім де білемін ғой! - депті.

Барлық реферат | Просмотров: 968 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты.

Шаштараз бажылдап:

-        Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.

-        Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда аларсың, -

деп Қожекең жүре беріпті.

Барлық реферат | Просмотров: 1038 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.

-  Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.

- Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр:

- Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты.

Барлық реферат | Просмотров: 943 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-75