Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 801-810 |
Страницы: « 1 2 ... 79 80 81 82 83 ... 175 176 » |
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ .
Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте
жоғары бағаланатын. "Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал
сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр
күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған. |
Айтулы
толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын
алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман
болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын,
бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып
атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік.
Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір
тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. |
Жер қайда атамекен ел сыйлаған, Ел қайда бұрынғыдай ер сыйлаған. Тозғын күндер тозаңы бастан өтті. Құбылып заман шіркін бір тұрмаған. Сұлудай мына заман сылаңдайды, Өткен іс аңыз болып қылаңдайды. Ер өксіп, даналар да өшкіндеді, Бар нәрсе бір орында тұра алмайды. |
2001 жылы
наурыз-сәуір айларында тарих ғылымдарының докторы Сейтқали Мадуан Оңтүстік
Қазақстан облысы Төле би ауданының және Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті басшыларының тапсырмасымен Мәскеу қаласында ғылыми
іс-сапармен болып қайтты. Сапардың басты мақсаты Мәскеу қаласының әлемге
әйгілі ірі мұрағаттары мен кітапханаларының қолжазба қорларынан Төле би туралы
жазба деректерді тауып, көшірмесін алып қайту еді. Осы сапардың нәтижесінде
бабамыз туралы бірсыпыра жазба деректерді табудың сәті түсті. Ол деректер
бүгінде Төле би ауданында сақтаулы. |
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат,
Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан
аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің»
мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар
кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс
руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де
шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді. |
Төле би Әлібек ұлы – қазақ халқының
қоғам қайраткері,атақты шешен.Төле би
Әлібекұлы 1663 жылы
қазіргі Жамбыл облысы
Шу ауданының Жайсаң
жайлауында дүниеге келген.Төле
би дулат руынан
тарған.Төле би 15 жасында
билікке араласып, әділдігімен,
шешендігімен елге танылды.Ол
барлық жүздердің жиналысында
жоғарғы соттың қызметін
атқарған.Ол кезде қазақ
пен жоңғар хандары
ұдайы жауласуда еді.Осы
жауласудың кесірінен Қазақ
халқы бірнеше хандыққа
бөлініп кетті.Қазақ қауымын
біріктіріп, оларды жоңғар езгісінен
азат етуде ол
Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлармен
халық майданын құрып, оны
басқарды.Абылайды бүкіл қазаққа
хан етіп сайлауда
көп қызмет етті. |
Тоқтар Әубәкіров туралы мақала жазамын деген
ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Биылғы Баспасөз күнін "Егемен Қазақстанның”
ұжымы Қосшы ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің жағасында қарсы алды. Сонда
сөзден сөз шығып отырып, әңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы
Тоқтар Әубәкіров туралы да өрбіп кетті. Бір топ журналист Тоқтар туралы әлде
аңыз, әлде ақиқатқа бергісіз біраз жайдың басын шалғанбыз. |
Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед
Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан
тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен
мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі
жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы
болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына
орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан
10 шақырым жерде болған. |
1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың
1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық
мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын
дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика
тарихында жаңа кезең басталды. |
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алаш орда
өкіметі оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл
ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы
М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын
ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және танымдық мәні бүгінде
бір мысқал төмендеген жоқ. |