Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 741-750 |
Страницы: « 1 2 ... 73 74 75 76 77 ... 175 176 » |
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында «Жаңа Қазақстандық патриотизм» турасында сөз қозғаған болатын. Онда әр адам өз жерінің мақтанышына масаттанып, шаттана білуі керек деп айқын айтқан. Осы негізде менде өз жерімнің мақтанышын сөз еткенді жөн санадым. |
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз. |
Бірде, үйде теледидардан кино көріп отырған кішкентай інім: «Мен де өскенде осындай «Көк тарландары» секілді әскерге барып, Қазақстанды қорғайтын болам», – деген еді. Байқап қарасам, сол уақытта Қазақстан ұлттық арнасынан «Көк тарландары» деген телехикая жүріп жатыр екен. Кішкентай 5 жастағы інім бұл телехикаяның бірде-бір санын жібермей, күнделікті мүдірмей қарайды екен. Елбасы бір сөзінде: «Кино дегеніміз –барлығы. Кино, бұл – идеология, кино, бұл – сауық, кино, бұл – БАҚ, кино, бұл – патриотизм. Біз – жас мемлекетпіз, әсіресе, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуіміз керек», – деген екен. |
Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді дамытумыз керек. Жастар бойына ұлтты сүюді сіңірсе, жастардың бойына ұлтжандылықты дарытатын – алдыңғы буын. Келер болашаққа үміт қараған ел ретінде, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштікті дарыту бірден-бір талап. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында жастарға, олардың әлеуметтік жағдайына, білім алуына, саясатқа араласуына, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуына баса назар аударып, жастар тақырыбына бірнеше рет тоқталды. |
Бірнеше жыл бұрын Бүкіләлемдік рухани мәдениетінің форумы аясында «Кешегі ұлылар бізбен бірге» атты көрме ұйымдастырылып, онда әр ел өздерінің бір ұлы тұлғасын: Үндістан елшілігі М.Гандиді, Ұлыбритания У.Шекспирді, Ресей Л.Н.Толстойды, Қазақстан Абайды ұсынған болатын. Бұл жиынның мақсаты, талқыға салып, саралағаны – бүкіл халықтың рухани өсуіне ойшылдар қандай үлес қосқаны туралы болған еді. Жалпы, біз, қазақтар, ой айтқанда, ұлт болмысы, мінезі, өмір сүру дағдысы туралы айтқанда Абайдың қарасөздеріне, ғибратқа толы аталы, даналы сөздеріне жүгінетініміз ақиқат. Осы деңгейден неліктен аса алмадық? Бұл сауал «бүгінде Абайдың, Шоқанның, т.с.с. дана, оқымысты ғалымдарымыздың деңгейіне көтерілген адамдар бар ма?» – деген сауал төңірегінде туындап отыр. |
Қазақстанның Стратегия-2050 – мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті. Ол Елбасы Жодауының басым бағыттарын сөз етіп, жастарға «Мәңгілік қазақ елі» идеясының негізін түсіндірді, деп хабарлайды тілші. |
Шет елдердегі баға белгілеу мен
бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге,
Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған
білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған
және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған
еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде
даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз. |
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ |
XIX
ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп
алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында
патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті
ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде
де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін
ескергендіктен шығарылған жоқ |
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына
қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940
жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат
қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған
ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған
ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі
бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер
секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек
сіңірді. |