Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 231-240
Страницы: « 1 2 ... 22 23 24 25 26 ... 175 176 »

Қамбар – қаңлының ең азулы күшті руларының бірі болған, қисарымен өмір бойы билікке таласып, талмай күрескен. Атадан балаға көшкен жаулық, ақырында асқына келе екі рудың арасындағы ешқашан бітіспейтін қанды кекке ұласады.
Қамбардың басына бір рет ажал төнген екен. Парсының армиясы талқандалып, Құрыш өлгеннен кейін қаңлының әскербасылары «Қамбардың тұқы­­мын құртайық» деп серт қойысады. Істің насырға шапқанын сезген қамбарлар, дәл сол кезде бүкіл қаңлының біріккен әскерін басқарып отырған Тұмарға тарту-таралғысымен елші жібереді. Бір қы­зығы Сасан тарихшылары өздерін тарихшы емес «көшірмешіміз, хатшымыз» деп атайды. Яғни, олар тарихты жазбаған – бұрыннан бар жә­ді­­герлерді кө­шіріп құрастырған. 
Барлық реферат | Просмотров: 998 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Кезінде детективтің атасы болып саналатын әйгілі ағылшын Конан Дойль өзінің кейіпкері Шерлок Холмс жайындағы хикаясын күрмеп, нүктесін қойғанда, оқырманнан, әңгімені ары қарай жалғастырсаңыз деген талап-тілек жауып кетіпті. Біз де сондай күйде отырмыз. Тұмар әже мен Құрыш патшаның соғысын әңгіме еткен көлемді мақала («ЕҚ», «Қондыгер-қаңлы», 8-11 қаңтар, 2013 ж.) оқырманның көңілінен орын тауыпты. Көптеген, мүлдем танымайтын адамдар осы тарихи баянды ары қарай жалғастырсаңыз екен. Тұмар әжеміздің, Қаңлы әулетінің одан кейінгі тағдырын білгіміз келеді деп тілек айтты. 

Совет заманында, орасан идеологиялық зорлық-зомбылықтың кесірінен қазақ тарихи мектебі қалыптаса алмай қалды. Сол себепті, тек қазақ оқырманына ғана бағышталған бұл шағын еңбекті жазғанда, басынан теңдесі жоқ даңқты тарих кешкен ұлы нәсілдің бүгінгі ұрпақтары, қалай болғанда да шындықты білуі керек, ақиқатты тануы керек деген ой ғана тұрды көкірегімізде.

Барлық реферат | Просмотров: 762 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

  "Жеке адамға табынушылық" - деген заман ұзақ жылдар бойы құлаш жайып, еліміздің көп аймақтарын ауыр қасіретке душар етті. Тарихымызға түскен қара дақтар жан-жақты зерттелмегеннен кейін дүниетанымымыз орны босаған ақтаңдақтарға айналды. Шындық шырқырап құлын дауысы естіліп жатса да жалған айыппен халқымыздың  миллиондаған азаматтары жазықсыз жапа шекті.

    Сталиндік зұламаттың қазақ жеріне қалдырған ескерткіші – Қазақстан түрмелер мекеніне айналды. Жоспар бойынша құрыл­ған алғашқы жеті лагерьлік ай­мақтың біреуі - Қазақстан болды. ГУЛАГ жүйесі орналасуға тиісті КСРО-ның 25 облы­сының 7 облысы Қазақ­стан­ның (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақ­стан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлесіне тиді.

Барлық реферат | Просмотров: 1226 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Астанаға әкелінген құжаттардың ішінде қазақ хандығының басқару ережелері, Жарғылары, рулардың қоныстану аумағы, қазақтардың губернаторларға жазған шағымдары, Хан сарайының штат кестесі секілді ұлтымыздың тарихының ақтаңдақ тұстарын ашатын бірнеше құжаттар сақталған. Әсіресе құжаттардың ішіндегі 1806 жылы жазылып, Орынбор әскери губернаторының Кеңсесінде тіркелген «Ішкі Орданың Хан Кеңесінің штат кестесі» деген құжат бізге осы уақытқа дейін беймәлім болып келген құнды дүниенің бірі. Бұл құжаттың тарихи маңыздылығы «қазақтарда әкімшілік басқару жүйесінде бірізділік болмаған» деп сайрап жүріп, қазақ хандығын ертегідегідей хан мен қырық уәзірінен басқаша кейіпте елестете алмайтын ұлт тарихын қаралаушылардың ауызына құм құяры анық.
Барлық реферат | Просмотров: 894 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Ежелден халқымыздың төл заңдары болғаны анық. Қазақ хандығының іргесін қалаушы бабаларымыздың бірі Қасым хан қазақ халқының әдет-ғұрыптық ереже тәртібіне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып, зор «Жарғы», яғни заң жасады. Кейін келе жұрт оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелер: Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу). Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза қол­­дану). Әскер заңы (қосын құру, аламанның міндеті, қара қазақ, ердің құны, тұлпар ат). Елші­­лік жоралары (майталмандық, заң­­­­гер­лік, шешендік, халықаралық қа­тынастарда сыпайылық, әдептілік). Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, беке­уіл, тұтқауылдардың міндеті).

Барлық реферат | Просмотров: 1039 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық.
Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», «арийлықтар аймағы» деп айтылатын жер аты. 
Барлық реферат | Просмотров: 3580 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады.
Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша 10 үлкен тіл тобына бөлінеді. Солардың бірі – үндіеуропалық тілдер тобы. Бұл топқа Еуропаның жергілікті халықтарының тілдері түгел кіреді. Соның ішінде парсы (Иран) тілі де бар. Осы лингвистикалық бірлікке сүйеніп, «Авестаның» бізге жеткен нұсқасы парсы тілінде болғандықтан, Еуропа ғалымдарының басым көпшілігі арийлердің шыққан тегі Алдыңғы Азия (Отаны) деп, Еуропа құрлығындағы үндіеуропалық тіл семьясына жататын барлық этностардың ежелгі бабалары арийлер болатынын қағаз бетіне толтырды. Олардың негізгі сүйенетін деректері – шығарманың парсы тілінде жазылуы.
Барлық реферат | Просмотров: 1797 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы қажырлы күресі, жалпыхалықтық қайғы мен өкінішпен қатар, қазақ батырларының жеңісі мен ерлігін дүние жүзіне әйгілі етіп, ұлы апат жылдары мен сын сағатта халықтың рухын көтеріп, бірігуіне әсерін тигізді . Халық есінде қалған бұл жылдар - көптеген эпикалық аңыздар мен тарихи әңгімелер туғызды. Сол қайғы-қасіретке мол кезеңнің ең жарқын, әрі әйгілі оқиғасы - арал маңындағы Қарақұмда өткізілген Кіші және Орта жүздің халық қалаулылары қатысқан құрылтай болды. Бұл жиында күшті жауға қарсы қазақтардың әскери күштерін біріктіру мәселесі қаралды.

Құрылтай туралы естелік, бізге орыс саяхатшысы Яков Петрович Гавердовскийдің 1803 жылы Солтүстік Арал маңында болып, әйгілі Қарақұм форумына қатысқан адамдардың балалары мен немерелерінің аузынан жазып алған қолжазбасы арқылы белгілі болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1067 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Ғалым Ұлытау аймағында болған кезінде Кеңгір өзені бойында салынған Қамырхан, Алашахан. Болғанана, Домбауыл кесенелерінің сыртқы көріністерін қағазға түсірген. Бұл кесенелердің күйдірілген кірпіштен жасал­ғандығына, олардың мықты болу үшін кірпіштерінің қалауының өзіндік тәсілінің болғандығына да көңіл аударған. Ал кесенелердің сырты түрлі-түсті сырмен сыр­ланған дейді. Әсіресе, Алаша­ханның кесенесіне, құрылыс жү­йесінің қалай салынғандығына ерекше сипаттама берген.
Барлық реферат | Просмотров: 902 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Халқымыздың біртуар ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов ғылымның барлық салаларынан жетік білімдар болған десек, артық айтқан болмаймыз. Ол туралы әдебиетшілер, тарихшылар, философтар, т.б. көптеген ғылым салаларының маман-ғалымдары айтып жүр. Шығыстану саласында оның қосқан үлесі зор. Оны көрнекті шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің мына сөзінен анық байқаймыз. «Ш.Ш.Уалиханов как блестящий метеор, промыкнул над нивой востоковедения» деген еді. Бұл пікірді ғылымның археология саласында айтуға болады. Амал не, ғалым өмірден ерте кетіп, басталған ғылыми бастамалары аяқсыз қалды. Бірақ бүгінгі таңда егемендігіміздің арқасында ғалымның бастаған істері, әсіресе, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында толығымен іске асуда. Мен өзімнің бұл мақаламда ғалымның археологиялық ескерткіштер туралы жазғандарына тоқталып өтпекпін.


Барлық реферат | Просмотров: 1029 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 211-220 221-230 231-240 241-250 251-260 ... 1741-1750 1751-1756