Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 1711-1720 |
Страницы: « 1 2 ... 170 171 172 173 174 175 176 » |
Азау қаласында дүниеге келіп, Астрахань маңында қайтыс болған. Көне қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі, әскери жорықтардың жыршысы. Доспамбет жырау қазақ халқы ұлт ретінде қалыптаса бастаған дәуірде өмір сүрді. Өз кезінде Қырым, Ноғай және Қазан хандықтарының арасында болған жорықтар мен шайқастарға қатысқан. |
Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. |
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. |
XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. |
Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. |
Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан. |
Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан. |
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. |
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. |
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. |