Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
06.03.2013, 14:53 | |
Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі. Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. 1917 жылғы төңкеріске дейін оның туындылары 12 өлең жинағы мен хрестоматияларға енді. Бұл сол кезең үшін астрономиялық сан есепті. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне тәржімаланған ақын-жыршылардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әр түрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды. Шалкиіз Тіленшіұлы толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады. Көрнекті жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны туралы мәшһүр жазушы-ғалым М. Мағауин "Бес ғасыр жырлайды" жинағының ("Жазушы", І т, 1989 ж.) беташарында былай деп пікір түйген: "Өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді. Турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы - түз тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады." Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізді. Темір би өлгеннен кейін, Мамай мен оның кенже інісі Жүсіппен бірге болды. Исмайыл мен Жүсіп арасында күрес басталғанда, Шалкиіз жырау соңғысы жағынан табылды. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді. | |
Просмотров: 2195 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |