Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 1031-1040 |
Страницы: « 1 2 ... 102 103 104 105 106 ... 175 176 » |
Тіл (язык) (лат. lingua, гр. glossa) — ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.
|
Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема.
|
Кеңестік тіл білімі орыс. советское языкознание — Кеңес өкіметі жылдарында калыптаскан тіл білімі. Кеңестік тіл білімі революциядан бұрынғы орыс тіл білімі дәстүрін жалғастырды. Әр түрлі мектептер мен бағыттар болғанымен, Кеңестік тіл білімі бірыңғай методологияға — маркстік философияға (диалектикалык материализм) негізделді. Кеңестік тіл білімі тілдің әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, тілді қарым-қатынас кұралы, сананын шындық өмірдегі көрінісі деп таныды.
|
Вэньянь немесе классикалық қытай тілі - Қытайда ХХ ғасырдың басына дейін қолданылған қытайдың жазба тілі. Иероглифтік жазу сөздің айтылуын емес мағынасын көрсететіндіктен, Вэньянь ескі қытай тілінің синтаксис және морфологиялық нормаларын сақтап қалды, нәтижесінде ХХ ғасырда ауызекі қытай тілі- байхуадан қатты ерекшеленді. Вэньянь- өзінің ресми мәртебесін 1919 жылдың 4 мамырында студенттер қозғалысынан кейін жоғалтып алды, қатысушылар онда Вэньянді қолдамай, байхуа тіліне өтуді талап етті. Сонда да қазіргі қытай тілінде Вэньяннің көптеген элементтері сақталып қалған.
|
Иероглифтер саны түбір сөздердің санын көбейту нәтижесінде иероглифтер формасының нұсқалары көбейді, оның ішінде сызықтар мен басқа графикалық нұсқаларын айтпағанда, иероглифтің саны бойынша ең үлкен сөздікке 50 мыңға жуық иероглиф бар. Телеграфты код анықтағышта әр иероглифте 4 арабша цифр үйлесімі (0000- ден -9999-ға дейін) бар, әрине 10мың иероглифпен шектеледі, бірақ оған кеңінен қолданылатын иероглифтер енгізілген кейбір жеке емес жалқы есімдер атауынан басқа көптеген жалқы есімдер атауы қарапайым иероглифтен құралған. Қазіргі газеттерде 6-7 мың иероглиф қолданылады.
|
Қарапайым сөз, Қарапайым тіл – күнделікті тұрмыста қолданылатын жалпы халықтық қара дүрсін сөздер. Тіл тұтынудың бәсең стиліне жататын мұндай қарым-қатынас дәстүрлі немесе классикалық жазба әдеби нормаларымен сыйыспайтын сөз тұлғаларына, дөрекі сөз орамдарына, грамматикалық байланысы тосын әр қилы сөйлемдерге шек қоймайды, кең-молынан өз қажетіне жарата береді.
|
Сөйлемдердің грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамматикалық көріністері, оның грамма-тикалық типтерінің жұмсалу ерекшеліктері тасада қалып жүр.
|
Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды.
|
Ашық сұрақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ~ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе білдіреді.
|
Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді.
|