Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 181-200
Страницы: « 1 2 ... 8 9 10 11 12 ... 152 153 »

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
Баға теориясы;
Баға жүйесі;
Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
Индуктивті;
Дедуктивті;
Диалектикалық

Барлық реферат | Просмотров: 903 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Барлық реферат | Просмотров: 3182 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Шәкәрім өзіне-өзі "Мұтылған” (ұмытылған – Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін "Мұтылғанның өмірі” деген толғау-өлеңнен табамыз.

Жаралы жаным шықсын деп, 
Қара жер мені жұтсын деп, 
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым: "Мұтылған”.

Шәкәрім өзінің белгілі бір кезеңдерде ұмытылатынын көре білген. Өзінің бұл қоғамға қажетті жағын, дұрысын айтқанда, бұл заман оны керек етпейтіндіктен ұмыт болатынын ақын дөп басып айтқан.

Социализм мен Шәкәрім ымыраға келмейтін өлшемдер. Адам ақылына арқа тіремеген өкіметті Шәкәрім қабылдай алмады. Білімді, данышпандықты жоққа шығару, ысырап ету сау ақылға сыятын әрекет емес.

Барлық реферат | Просмотров: 920 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан,  өздерін тыңдайтын,  Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі,  он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып,  тәуелсіз,  жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері  бұрынғыдан да күшейген. Жалпы,  дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша,  Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде,  өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген.
Барлық реферат | Просмотров: 983 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

         Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.

Барлық реферат | Просмотров: 911 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

     «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
     Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
     Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
     

Барлық реферат | Просмотров: 2329 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». 

Барлық реферат | Просмотров: 2359 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады. 

Барлық реферат | Просмотров: 9306 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

1. Мезгіл пысықтауыштың анықтамасы мен ерекшелігі

Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай)
2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін)
3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті)
4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп)
5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақстапен)
6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық)

Барлық реферат | Просмотров: 1433 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Динамика материалдық нүктелердің немесе денелердің әсерлесу кезіндегі қозғалысының өзгерісін зерттейді. Динамикада Ньютонның үш заңы негізгі заңдар болып алынады. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.
Барлық реферат | Просмотров: 3670 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды.
Барлық реферат | Просмотров: 2372 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

МАРС, қызылжұлдыз — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-планетасы. Марс жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диам. 6800 км, яғни Жер диаметрінің жартысынан сәл үлкен (0,53). Полярлық диаметрі экваторлы диаметрінен 1:190 есе кіші. Марстың көл. 0,15 Жердің көлеміндей. Массасы 6,4231023км (0,017 Жер массасындай). Орташа тығызд. 3,97 г/см3, яғни 1,4 Жер тығыздығындай. Марс бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,72 м/с2 (яғни жер бетіндегі ауырлык күші үдеуінің 0,38 бөлігіндей). Марс бетіндегі екінші ғарыштық жылдамдық, яғни ауырлық күшін жеңіп, планетаны тастап ұшып кететін дене жылд. 5,0 км/с. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен айналады, одан орташа қашықтығы 228 млн. км (перигелийінде 206 млн. км, афелийінде 249 млн. км). Марстың орбита бойымен орташа қозғалу жылд. 24,2 км/с. Орбитасының эклиптика жазықтығына еңкеюі 1,8°. Сидерлік айналу периоды 1,881 жыл (687 күн тәулігі). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады (синодтық айналу кезеңі). 
Барлық реферат | Просмотров: 981 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.
Барлық реферат | Просмотров: 2919 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде  жұмыскерлердің   негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу.  Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды. Көбінесе орташа жұмыс кепіліді жалақысы бар, Жалақысы көп күрделі жұмыс емес. Қазіргі кезде нарықта жұмысты ұқыпты орындайтын және негізі салтты жұмыскерлер. Сондада оларда жас тосқауылынан жақсы жұмыс табуға үміт аз, көбінесе олар (50жастан төмен немесе улкен) немесе рекомендацияның болмауынан. Жұмыскерлердің қажеттеліктері мен мотевациялары әрі қарай зерттеліп және жүйеленуі қажет. Сонымен, мотивация деген не?       

Барлық реферат | Просмотров: 1648 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Аталған Жарлық қазақ даласын өте ауыр жағдайда қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұқсан келтірді. Іс-жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады.
Барлық реферат | Просмотров: 1256 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің  нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1  - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан "таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Барлық реферат | Просмотров: 949 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Әрбір әулеттің, әрбір шаңырақтың өзіндік дәстүрі, жазылмаған ережесі, ұстанар қағидасы болады. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тіршілік қарекеті де осынау қалыптасқан дәстүр аясынан табылып, өніп-өрбіп отырады. Бұл тәлім-тәрбие бір кіндіктен тараған ұрпақтың алдағы өмірлеріне  бағдар, тіршілік-тұрмысына - таусылмас азық. Мұны қалыптастыратын отбасының ұйытқысы, әулеттің ақылшысы әрі алтын қазығы  Ана.

Халық даналығында «Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана жүрек, жүректі құдірет те, Ана тірек, тіректі құрметте. Анашыңың, шыңыңа сағынып жет, Ана күнің, күніңе табынып өт» деп айтуынан-ақ Ана сөзінің қасиетін аңғаруға болады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміздің өнегеге толы өмірі жоғарыда айтылған қасиеттерге толы. Өзінің ғұмырында ел үшін аянбай етіп, балаларын бақытым деп білген Әбуева Төре апайдың ғұмырнамасы өзінше жеке бір тарих.

Барлық реферат | Просмотров: 886 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін— жан біткеннің қамқоршысы, жанашыры. Қасиетті кітап Құран Кәрімде де аяулы да асыл жанның алар орны ерекше. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала адамзат баласын аналарды құрметтеуге шақырады. «Жұмақ ана табанының астында» деген бір ауыз сөздің өзінде анаға деген құрмет пен ізет жатыр. Дана қазақ, анаңды қасиетті шаһар Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы парызыңнан құтылмайсың дейді. Иә, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін абзал жанға қанша жақсылық жасап, қанша құрмет көрсетсек те артық етпейді. «Баланың табанына кірген тікен, ананың маңдайына қадалады» демекші, бауыр еті баласы үшін өмірдің азабы мен қуанышына, жылуы мен суығына қатар шыдайтын ақ жүректі аналарымыз — Жаратушы Иемізден кейінгі қамқоршымыз.
Барлық реферат | Просмотров: 830 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Қытай философиясының негізгі кезеңдерімен ерекше белгілері.

Қытай философиясы. Қытай философиясының дамуынының негізгі кезеңдері.

VII б.э.д -  III б.э Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің қалыптасуы мен тууы.

 III-XIXб.э –Индиадан Қытайға буддизмнің кіруі және оның ұлттық философиялық мектептердің әсері.

XXб.э – қазіргі таңғы кезең Қытай қоғымының үнсіздігінен өту, Қытай философиясының Еуропамен  әлем философиясының жетістіктерімен толуы.Қытай философиясында көрсетілген әлем мен қоршаған ортаны қытайша көрудің ерекше белгілері .Өз мемлекеті Өытайды әлемнің орталығы деп қабылдау.

Барлық реферат | Просмотров: 768 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Өмірге осы сауалды ән етіп қалдырған Жақсыгелді 1949 жылы құс жолындай созылған Жарық-Жезқазған теміржолы бойындағы Теректінің 70-ші разьезінде дүниеге келді. Әкесі Уәли теміржол бойының шебері болып еңбек етіп, анасы Ақбала үй тіршілігімен айналысқан өз шаруасы өзінде болған қарапайым жандар еді. Тағдыры ауыр басталып, Жақсыгелдінің айлығында «берсен жаныңды, таласып түріңді, көздесем көзіңді аламын» деп келетін аты өшкір «әулие» ауруы бас салды. Іңгәлаған дауысымен ата-анаға қуаныш сыйлағаннан басқа жазығы жоқ сәбиеге осыдан артық қасірет болмады. Баланың бойына дарып кеткен «әулие» ауруы жас сәбиді мүлдем қимылсыз сұлатып тастады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1671 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

1-20 21-40 ... 141-160 161-180 181-200 201-220 221-240 ... 3021-3040 3041-3056