Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3056
Показано материалов: 21-40
Страницы: « 1 2 3 4 ... 152 153 »

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Барлық реферат | Просмотров: 1433 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, 
Барлық реферат | Просмотров: 2184 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды.
Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ ғ.), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни (973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.
Барлық реферат | Просмотров: 2285 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б.
Барлық реферат | Просмотров: 1976 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Классикалық философия – антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл».
Барлық реферат | Просмотров: 1818 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Барлық реферат | Просмотров: 1382 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
Барлық реферат | Просмотров: 2290 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Будцизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір жолы — сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1. Өмір — қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау, т.б. осылар-дың бәрі — қасірет.

2. Касіреттің пайда болу себептері туралы ақиқатты білу Ол—өмірге, ләззатқа деген құштарлық.

3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.

Барлық реферат | Просмотров: 1296 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі.
Барлық реферат | Просмотров: 1064 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. 
Барлық реферат | Просмотров: 2178 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Барлық реферат | Просмотров: 2365 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді.
Барлық реферат | Просмотров: 1382 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Онтологияның негізгі мәселелері. Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).
Барлық реферат | Просмотров: 1403 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Лейбниц философиясы

1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы;

2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;

3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.

Барлық реферат | Просмотров: 2283 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Бақи дүние - дәстүрлі қазақы дүниетаным бойынша, аруақтардың мәңгілік мекені, яғни о дүние. Осы ретте ерекше ескерер жайт — күнделікті тілдік байланыста бақи сөзі қолданыла бергенімен негізгі категориялық мәнді ұғым - бақи дүние Бақи сөзінің тұрмыста жиі қолданыла беретіндігін тілдік үдерістегі редукционизм зандылығымен түсіндіруге болады. Демек бақи сөзі - бақи дүние ұғымының қолданысқа оңтайландырылып, қыскартылған нұсқасы. 
Барлық реферат | Просмотров: 1061 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1350 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. 
Барлық реферат | Просмотров: 1609 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қытай философиясы – қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. І. ф-ның пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. І. ф. діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты. І. ф. екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 1693 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Барлық реферат | Просмотров: 3706 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Барлық реферат | Просмотров: 1677 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

1-20 21-40 41-60 61-80 ... 3021-3040 3041-3056