Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Софт [ Добавить материал ]

Kaz Spelling емле тексеру жүйесі
07.03.2013, 18:45

Kaz Spelling емле тексеру жүйесі


Емле тексеру бағдарламасы Microsoft Office және басқа қолданбаларда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің емлесін тексеретін бағдарлама. Тексеру стандартты құралдармен жүзеге асырылады, яғни тексеру функциясы бар кез келген қолданбаларда емлені тексеру қамтамасыз етіледі (мысалы, MS Word, MS Excel, MS PowerPoint, MS Outlook, Outlook Express т,б.) Макровирустардың төменгі деңгейін қосуды қажет ететін, қазақ тілінің емлесін тексерудің осы кездегі бар жүйелерінен (олардың барлығы MS Visual Basic құрамды әмірінде жүзеге асырылған, және олар тек Microsoft Wordта ғана қолданылады) ерекшелігі, Емле тексеру бағдарламасы емлені тексеруді нақты уақытта, яғни тікелей мәтінді теріп жатқан кезде (ағылшын, орыс тілдері сияқты) ұсына алады (мысалы, Microsoft Wordта қатесі бар сөздер қызыл ирек сызықпен сызылады). Қате сөзге оң батырманы басып, түзету енгізуге және сөздің дұрыс үлгісін алуға немесе сөздікке сөзді қосуға болады.

Емле тексеру CSAPI v3 (Common Spelling Application Programming Interface) стандартыны сай келеді. Емлені тексеру функциясы Microsoft CSAPI технологиясы бойынша құрылған қолданбалар қазақ тіліндегі мәтіндерді тексеруді өздіктік түрде жүзеге асырады.

Негізгі сипаттамалар

Kaz Spelling келесі сипаттамаларға ие:

  • CSAPI v3 стандартына сәйкес келеді;
  • Windows 95/98/ME /NT4/2000/XP/Vista/2003/2008 операциялық жүйелердегі жұмыс;
  • Нақты уақыт мезетіндегі орфографияны тексеру;
  • CSAPI v3 стандартын қолданатын қосымшаларда, мысалы MS Office , орфографияны тексеру мүмкіндігі;
  • Қазақ тілі үшін сөздік базасының болуы - 45 мыңнан астам сөзжасаушылары.

Kaz Spelling жұмысының негізгі қағидалары

Қазақ тілінің емлесін тексеру басқа тілдер сияқты жүзеге асады. Шынында, әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде олардағы тексттердің емлесін тексерудегі кейбір өзгешіліктер болады. Бұл көбінесе қолданылатын клавиштерге, тілдік келтірілулерге, терезелердің интерфейсіне және т.с.с. қатысты. Негізінде Kaz Spelling-да жүзеге асырылғандарға сол бір ғана сөздер базасы мен емле тексеру механизмдері (CSAPI) қолданылады. Келесі бөлімдерде Kaz Spelling базасындағы атақты қосымшалардағы емле тексеру әдістері сипатталынады.

Microsoft Word емле тексеру

Ендіру кезінде өздіктік тексеру

Мәтінді жазу кезінде мүмкін қателерді белгілеу (мысалы, MS Word-та қате сөздер қызыл ирек сызықпен белгіленеді). Қатені түзету үшін мәтінмәндік мәзір шақырыңыз да жазылу дұрыс нұсқасын алыңыз.

  • Сервис|Параметрлер мәзір әмірін орындаңыз, сосын Емле ережесі парағына өтіңіз.
  • Емленің өздіктік тексеру жалаушасын қойыңыз.
  • Қатесі бар сөзді бөлмеу жалауды алыңыз.
  • [OK] батырмаға басыңыз. Мәтінді ендіру үрдісінде, Word емлелік қатені қызыл ирек сызықпен сызуы мүмкін.
  • Қатені түзету үшін, тінтуір көрсеткішін ирек сызықпен сызылған сөзге әкеліңіз де тінтуірдің оң батырмасын басыңыз, сосын мәтінмәндік мәзір жазылу дұрыс нұсқасын алыңыз. Қосымша мүмкіндіктерді пайдалану үшін, мәтінмәндік мәзір Емле пунктін алыңыз, құжатта тікелей түзетіледі.

Ескерту. Келесі қатеге жылдам өту үшін жағдай жолының Емле ережесі таңбасына тінтуірмен екі рет шертіңіз. Егер ирек сызық құжаттағы жұмысқа кедергі келтірсе, жұмыстың басында осы сызықты бейнелеуді тоқтатуға болады. Емле ережесі парағына өтіңіз де Қатесі бар сөзді бөлмеу жалауын қойыңыз.

Дайын құжаттың емле ережесін тексеру

Жұмыс аяқталған соң құжаттың емлелік қатесін тексеруге болады. Байқалған қате түзетіледі, одан соң қатені іздеу жалғастырылады.
  • Құралдар|Параметрлер мәзір әмірін орындаңыз, сосын Емле ережесі парағына өтіңіз.
  • Емлені өздіктік тексеру жалаушасын қойыңыз.
  • [OK] батырмаға басыңыз.
  • [Емле] батырманы басыңыз.
  • Жазылудың мүмкін қатесін тапқан кезде Емле ережесі сұхбат терезеде сәйкес түзету енгізіңіз. Мүмкін сондай тікелей түзету қатесін құжатқа енгізесіз. Кез келген параметрлер туралы мәліметтер алу үшін сұрау белгісі бар батырманы басыңыз, сосын осы параметрге шертіңіз.
 
 
Ескерту. Мәтінді ендіру кезіндегі жай жаңылысты, емлелік қателерді өздіктік түзету үшін автоайырбасты пайдаланыңыз. Мысалы, дұрыс ендірілмеген сөз баал, соңынан бос орын немесе үтір тұратын сөз, Wordта бала сөзімен алмастырылады
 
Емлені тексеру кезінде жаңа сөздерді қосу:
  • [Емле] батырманы басыңыз;
  • Сөздікте Жоқ алаңға белсенді сөз қосылуға тиіс екеніне көз жеткізіңіз;
  • [Қосу] батырманы басыңыз.
Ескерту. Емлені өздіктік тексеру кезінде көмекші сөздікке сөзді қосудың жылдамырақ әдісі бар. Тінтуірдің оң батырмасы арқылы қызыл ирек сызықпен сызылған сөзді алыңыз да мәтінмәндік мәзірден Қосу әмірін алыңыз.

Емле ережесін тексеру барысында мәтінді өткізу

Емле ережесін тексеруді жылдамдату үшін Word бағдарламасына арнайы мәтінді немесе шет ел тіліндегі мәтінді тексеруге тиым салуға болады.
  • Емле ережесін тексеруді керек етпейтін, мәтінді бөліп алыңыз;
  • Құралдар|Тіл мәзір әмірін, сосын Тіл алу орындаңыз;
  • Тізімнің жоғарғы жағында Бөлінген мәтінді белгілеу тексерусіз алыңыз немесе Емле ережесін тексермеу жалаушасын қойыңыз.

Microsoft Excel емлені тексеру

Емлені тексеру

  • Емле тексерілетін ұяша аралығын бөліп алыңыз. Барлық парақтағы емлені тексеру үшін, бір ұяшаны көрсетіңіз;
  • [Емле] батырмаға басыңыз.

Қосымша сөздікке сөзді қосу

  • [Емле] батырмаға басыңыз;
  • Сөздікте жоқ сөз пайда болса, ашылатын тізімді алаңға Сөзді қосу қосымша сөздікті көрсетіңіз.;
  • [Қосу] батырманы алыңыз.
 
Ескерту. Жолдық және бас әріппен жазылған сөздерді дұрыс тану үшін, тек жолдық әріптерден тұратын, сөзді сөздікке қосу қажет. Жаңа көмекші сөздік құру үшін ашылатын тізімді Сөзді қосу алаңға оның атын ендіріңіз, сосын [Қосу] батырмаға басыңыз. Сөздікке жаңа сөздердің тізімін қосу үшін, Microsoft Excelде, Microsoft Word немесе Блокнотта қолданылатын сөздікті ашыңыз. Әрбір жаңа сөзді жеке жолға ендіріңіз (сөзді ендіру басыңыз ).

Емледе түзетілетін сөзді өздіктік қосу

  • [Емле] батырмаға басыңыз;
  • Сөздікте жоқ сөз кездессе Ауыстыру алаңына дұрыс сөз ендіріңіз;
  • Егер сөзді жазған кезде нұсқалар болса, Нұсқаларды ұсыну жалаушасын қойыңыз да Нұсқалар тізімінінен дұрыс сөзді алыңыз;
  • Ендіру кезінде қате сөз өздіктік түзетілу үшін, [Өздікайырбас] батырмаға басыңыз.

Microsoft Outlook Expressте емлені тексеру

Құрылатын хабарлар терезесінде емле ережесін тексеру үшін құралдар үстеліне немесе [Емле ережесі] батырмаға басыңыз пернесін, не Құралдар мәзірінде Емле ережесін алыңыз.

 
Ескерту. Бұрын жіберілген немесе алынған хаттарды тексеруге болмайды. Жазылып жатқан хат немесе Шығатын қалтадағы хаттар ғана тексеріледі.
 
Тексеруді баптау үшін Сервис|Параметрлер мәзірі әмірін орындаңыз да Емле ережесі парағын алыңыз. Емлені әр кезде тексеру үшін Емле ережесі парағына Жіберер алдында әрқашан тексеру пунктінің қарсысына жалауша қойыңыз.
 

Microsoft PowerPointте емлені тексеру

Емлені мәтінді ендіру кезінде, немесе басқа уақытта өздіктік тексеруге болады, мысалы, слайдтармен жұмысты аяқтаған кезде. Емлені өздіктік тексеру барысында қатесі бар сөздер ирек сызықпен сызылады. Анықталған қателер саны артық болған кезде, астын сызуды уақытша қателерді түзету кезеңіне дейін жасыра тұруға болады. Кез келген тілде жазылған мәтін емлесін, соның ішінде қазақ тілінде де тексеруге болады.

Емлені ендіру кезінде тексеру

PowerPoint сөздігінде табылмаған сөзді, мәтінді уақытында ендіріп, ол қызыл ирек сызықпен сызылу үшін мынаны орындаңыз:
  • Сервис мәзірінде Параметрлер әмірін алыңыз да Емле мен мәнер парағына өтіңіз.
  • Емлені өздіктік тексеру жалаушысын қойыңыз.
Маңызды ақпарат. Қатені түзету үшін тінтуірдің оң батырмасын асты сызылған сөзге шертіңіз де мәтінмәндік мәзірден жазылудың дұрыс нұсқасын немесе басқа әмірді алыңыз.

Талап ету бойынша емлені тексеру

Мәтінді тексеру үшін [Емле] пернесіне немесе басыңыз. Егер мәтінде қате бар болса, бейнебетте Емле терезе шығады.

 
 
Ескерту. Емле ендірілетін нысандарда тексерілмейді (мысалы, диаграммаларда), арнайы мәтіндік әсерлерде және Word құжаты сияқты қойылмалы нысандарда.

Емлелік қателерді бөлуге тиым салу

Емлелік қателері бар сөздер бөлінбеуі үшін мынаны орындаңыз:
  • Сервис мәзірінде Параметрлер әмірін алыңыз да Емле мен мәнер парағына өтіңіз.
  • Осы құжатта емлелік қателерді жасыру жалауын қойыңыз.
Емлелік қателерді бейнелеу үшін, осы құжатта емлелік қателерді жасыру жалауын алыңыз.

Емлені өздіктік тексеруді үзу

Емле өздіктік тексеру орындалмау үшін мынаны орындаңыз:
  • Сервис мәзірінде Параметрлер әмірін алыңыз да Емле мен мәнер парағына өтіңіз.
  • Емлені өздіктік тексеру жалауын алыңыз.
Категория: Софт | Добавил: admin | Теги: емле тексеру, емле, проверка казахского правописания, программа для проверка казахского п
Просмотров: 2186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar