Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Софт [ Добавить материал ]

Ғажайып қазақ тілі
07.03.2013, 18:59


 


Шыққан жылы: 
2010
Версиясы: 
8.0.22.0
Платформасы: 
x32, x64
Типі: 
Оқыиу
Интерфейс тілі: 
казақша
ОЖ: 
Microsoft Windows XP, Server 2003, Vista, 7, Server 2008 или более поздняя версия



Аңдату 
 
      Мемлекеттік тілді үйретуді балабақшадан бастау керек деген устаным негізінде соңғы жылдары елімізде әдістемелік тәжірибелер жинақталып, оқулықтар шығарылуда. Балалардың қызығушылығын ояту үшін қазіргі заман талабына сай мультимедиалық оқу қуралдарын көптеп шығару керек.
     «Руханият» орталығында «Ғажайып қазақ тілі» атты балаларга арналган мультимедиалық бағдарлама дайындалды. Мультимедиалық багдарламаның мақсаты - балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу метіндерімен бірге, ойын түрлері, викториналық сурақтар арқылы қазақ тілін білу дағдыларын қалыптастыру. Атап айтқанда, 6-7 жастағы балаларға мультимедиалық құралда берілген түрлі тапсырмаларды орындау мен викториналық сурақтарға жауап беру арқылы ез бетінше немесе мүғалімнің көмегімен қазақ тілін меңгерту.
      Мунда жеткіншектер қазақ тілін достары арқылы үйренеді, яғни мультимедиалық құралда негізгі кейіпкерлер ұл мен қыз. Кейіпкерлер кез-келген қазақ тілін үйренуші баламен достасып, тілді өздерімен бірге үйренуге шақырады. Демек, қазақ тілін үйреніп отырған жас жеткіншек компьютерді басқару арқылы достарымен тікелей тілдесе алады, танысу барысында өзінің отбасы мен басқа да достары туралы айтады, саяхаттарга шығып, түрлі викториналық ойындар ойнайды, достарының көмегімен өз дәптеріне қажетті сөздерді жазып үйренеді, егер мультимедиалық қуралдағы достарының сұрақтары мен тапсырмаларын дұрыс орындаса, соңынан жинаған упайларының есебінен белгілі бір сыйлыққа немесе алғысқа ие болады. Яғни, қатысымға шығаратын сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым) қолданылады. Тапсырмаларды оң шешіп, сұрақтарға дурыс жауап берсе, упай саны кебейеді. Будан шығатын қорытынды, баланың монитордағы балалармен танысып, тікелей тілдесуінің езі оның тілді үйренуге деген қызығушылыгын арттырады, түрлі анимациялар арқылы логикалық ойлау жене сөздерді дурыс айта, білу қабілеттерін дамытады, лексикалық қорын байытады, жазуға машықтанады.

Категория: Софт | Добавил: admin | Теги: қазақ тілі бағдарлама, Ғажайып қазақ тілі
Просмотров: 1327 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar