Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Софт [ Добавить материал ]

Қазақстан тарихы 10 сынып (Электронды оқулық)
07.03.2013, 15:18



 

10 сыныпқа арналған

"Қазақстан Республикасының тарихы"

(1914 – 1945 жж.)

электронды оқулығының

ТҮСІНІКТЕМЕСІ.

     Отандық тарихқа қоғамдық қызығушылықтың артуы, оның белестерін ой елегінен қайта өткізу қажеттігі, тарихи оқиғалар мен фактілердің түрлі көзқарас пен бағыттағы ғалымдар тарапынан сан-саққа жүгіртіліп баяндалуы, ғаламдық ақпараттану, дәстүрлі оқулықтармен қатар, электронды оқу құралдарын жасауды өткір мәселе етіп қойды. Әрбір оқушы ғаламдық Internet  желісі арқылы көп жағдайда бұрмаланған, әрі сыннан өтпеген мағлұмат ала алатын, бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптасып отырған қазіргі кезде арнайы жасалған электрондық оқулықтың маңызы арта түсті. Оның үстіне кітап дүкендері сөрелерін ғылыми деректерге емес, даурықпа материалдарға негізделген, дүмбілез әдебиет басып кетті.

     Көз алдыңыздағы 10 сыныпқа арналған "Қазақстан тарихының" электронды оқулығы мектептің типті оқу бағдарламасына сәйкес, ҚР Б.Ғ.М. бірегей үлгісі негізінде жасалған. Отандық және шетелдік тарихшылардың соңғы он жылдағы ғылыми жетістіктері оқулық |

мазмұнының негізгі арқауы болды. Э.О. авторлары 1997 жылы шыққан дәстүрлі оқулық материалдарын қайталамау, әр тақырып бойынша, Қазақстанның ғана емес, дүниежүзілік тарихтың өзара қабысып жатқан өзекті мәселелерін жүйелік-құрылымдық жолмен шоғырландыруға тырысты.

     Оқулық мәтіні көптеген тарихнамалық материалдармен сабақтасып отырды. Мұның өзі оқушыға белгілі бір тақырыпты тереңірек зерттеу қажет болғанда арнайы ғылыми зерттеулерге сүйенуге мүмкіндік береді.

     Оқулықтағы түсінік сөздік арқылы атаулардың мәні  және тарихи фактілер мен тұлғалар туралы тез арада қысқаша анықтама алуға болады.

     Көрнекті құралдардың көмегімен (рәсімдер, суреттер, карталар) оқушы тарихи фактілер мен оқиғаларды көзге елестете алады.

Қажетті бөлімді немесе тақырыпты іздеп, табу интерфейсті қолдану арқылы барынша жеңілдетілген.

     Графикалық ноқаттарды, үлкен мәтінді қосымшаларды және "ойға салуды" пайдалану бүкіл материал бойынша "жұмсақ жылжып" отыруға, өткен тақырыптарға қайта оралуға көмектеседі.

     Әр бөлім бойынша өтілген тақырыптарды тестілеу әдісімен тексеруге болады. Тестілерге оқушының игеріп білуіне тиісті негізгі мәселелер енгізілді. "Тексеріп" қана қоймай, "оқыта" да алу, тестілік тапсырмалардың басты ерекшелігі болып табылады. Тестілік сұрақтарды даярлау барысында авторлар, оқушыны дұрыс жауапқа жетелейтін "ойға салу" жүйесін қолданды. Қарапайым тестілер қысқаша берілді.

     Э.О. ғылыми зерттеу саласында, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихын оқытуда мол тәжірибесі бар ҚР Ұ.Ғ.А-ның Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтының ғалым-тарихшылары жазып шығарды. Көрнекті құралдар кино және фото құжаттары Мемлекеттік Орталық мұрағатынан алынды. Көптеген суреттер тұңғыш рет осы Э.О. жарияланып отыр.

     "Қазақстан тарихы" Э.О. дәстүрлі оқытумен қатар, оқып-үйренуге тиісті материалға барынша "терең" үңілуге жағдай жасап, оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі. Оқыту үрдісіне оқушының өзінің қатысуы материалдың неғұрлым жеңіл әрі толық игерілуіне әсер етеді. Материалдың көрнекілігі, үлкен сілтемелер мүмкіндігі мен түсінік сөздігі оқушыны жалықтырмай, оның асоциациялық ойлау қабілеті мен оқуға деген ынтасын арттырады.

     Авторлардың пікірінше, ұсынылып отырған Э.О. оқушыны тарихи құбылыстар мен оқиғаларға өзінше баға беруге, талдауға үйретеді.

     Баяндаудың ғылыми тәсілі, елеулі фактографиялық және құжатты материал мен қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдар мектепте тарихты оқытудағы білім беру мақсаттарын толық қанағаттандыра алады.


ОҚУЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

І бөлім. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан.

І тақырып. ХХ  ғ. басында Қазақстандағы экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдай.

2 тақырып. Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

3 тақырып.1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс.

 

ІІ бөлім. Қазақстандағы 1917 жыл.

1тақырып. 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары кезінде саяси биліктің ауысуы және күштердің орналасуы.

2 тақырып. Саяси  партиялар мен қозғалыстардың құрылуы.

 

ІІІ бөлім. Қазақстанда Кеңестік жүйенің қалыптасуы.

1 тақырып. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы.

2 тақырып. Азамат соғысы және "әскери коммунизм".

3 тақырып. Қазақстандағы шаруалар көтеілістері (1920-1921 жылы).

 

IV бөлім. Қазақстан ЖЭС  жылдарында.

1тақырып. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

2 тақырып. "ЖЭС-тың ымырты".

3 тақырып. Қазақ жерлерін біріктіру саясаты.

 

V бөлім. Бір елдегі "социализм"?

1 тақырып. Голощекин тұсындағы Қазақстан.

2 тақырып. Қазақстандағы индустриаландыру және оның қорытындысы.

3 тақырып. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру.

4 тақырып. Мемлекеттің өз халқына қарсы жазалау саясаты.

5 тақырып. Қазақстандағы мәдени құрылыс.

 

VI бөлім. Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде.

1 тақырып. Соғыс жылдарындағы Қазақстан экономикасы.

2 тақырып. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының майдандарында.


Категория: Софт | Добавил: admin | Теги: Қазақстан тарихы 10 сынып электроны, Қазақстан тарихы 10 сынып (Электрон
Просмотров: 6815 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar