Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Жапалақ батыр
30.12.2013, 04:35

Кіріспе

 

     Абыралы  атырабы  деп  кең  байтақ  қазақ  даласының Сарыарқа аталатын өңіріндегі батысында Қарқаралы,солтүстігінде Баянауыл, шығысында Шыңғыстау, оңтүстігінде Қызыларай таулары аралығындағы адырлы алқапты атайды.Осы кең алқапта адам баласы жаралғаннан бері талай ұрпақ келіп,дүниеден қайтқаны баршаға мәлім.Оны қазір жер бетінде көрінер-көрінбес  болып  жатқан  сақ-ғұн тайпаларының  таспен  қоршалған мола орындарынан байқауға болады.Әрісін Жаратқанның өзі ғана біледі. Қазіргі ұрпаққа жеткені XVII ғасырдың  бірінші  ширегінде басталған  жоңғар қалмақтарының  жойқын шапқыншылығында әр төбенің басында жерленген қазақ жауынгерлері мен шайқас даласында жеңіліс тауып,қырылған қалмақ әскерлері жерленген үйінді қорымдары оған куә.

      Жоғарыда айтқандай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып бізге жеткен ауызша деректер сол XVII  ғасырдың алғашқы жартысынан бергі заманғы оқиғалар ғана.

       Бұл өңірдің өткені мен кеткен тарихын жазып жүрген жазушы Сейітжан Тәбәріков «Тобықты руын Шыңғыстауға Мамай, Ырғызбай, ал Қаракесек руын, ел-жұртын соңынан ертіп, Абыралы тауының оңтүстік және батыс баурайына бастап,орналастырған көшбасшы батыр Толыбай Қожайұлы» дейді де,бұл деректің қағазға түспеген,ауыздан-ауызға жеткен аңыз екенін «Абылай сарбаздары» деген көлемді мақаласында («Жаңғырған Абыралы» газеті, 1 мамыр 1992 жыл) айтады.

        Бұл оқиғаны Шәкерім Құдайбердиев:

                            «Келгені Тобықтының осы маңға

                            Мың жеті жүз сексенге тақағанда

                             Елді бастап әкелген Мамай батыр

                            Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға,» - деп анық жазады.

         Осы деректерді көрсетіп отырғанымыз бұл өңір жөнінде айтылған кезеңнен арғы жағы бізге беймәлім екендігі.

         Алайда, жалпы Абыралы атырабы жөнінде  XV ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы бабамыз:                    

      «Абыралы, Жалаулы

                                     Сары қиың  тұр қалаулы.

                                     Қылтанақтай бір жусан

                                     Бір тоқтыға балаулы» деп осы өңірдің табиғи жағдайын көрсетсе («Бес ғасыр жырлайды» I том,1984 ж. 85 бет), Үмбетей жырау (1706-1778):

                                     Баянаула,Қызылтау,

                                     Абыралы,Шыңғыстау,

                                     Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ

                                     Арасы толған көп қалмақ, - деп Абыралы

атауының қалмақ шапқыншылығынан бұрын аталғанын айтады. (Бұл да сонда)

         Ал, Абыралы атауы жөнінде керекулік ақын Бақи Әбдіқадырұлы «ГауҺар батыр» поэмасында:             

      «Қоңыр тау бұқпасы көп Абыралы

                                     Жорықтың естіледі дабылы әлі.

                                     Абылай заманында аталыпты

                                     Мерт болып жекпе-жекте Абыр, Әлі – десе, журналист Қабидолла Шотанов «Осындай бір аңыз бар Абыралы» деген  өлеңінде:

                                     Қазақтан шыққан кезде Әлі батыр

                                     Қалмақтан басын тікті батыр Абыр.

      . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

                                     Жер болып Әлі қалды,Абыр қалды

                                     Сол кезден таудың аты Абыралы, - дейді.

(Б.Нәсенов.  «Абыралы қанды жылдарда  (1905-1945)» 12-б.)

          Бұл  екі пікірге Қалиқан Алтынбаев ақынның 1993 жылғы   11 желтоқсанындағы «Жаңғырған Абыралы» газетінде Б.Әбдіқадыров пен Қ.Шотановтың келтіргендеріндей  «Әбір мен Әлі бас түйістіріп өліпті,жер атауы содан қалыпты деген сөз  жақсы ертегі ғана.Қалмақ батыры Әбірмен соғысатын Әлі Қабанбайдың 9 баласының ең кенжесі.Ол соғыста емес,өз ажалынан өлген,зираты Аягөз жерінде әлі бар» дейді де,мақаласының қорытындысында «Әлі батырдың Қабанбайдың 9-баласы екеніне мен дау айта алмаймын.Өйткені Әлінің қай рудың батыры жөнінде мәлімет менде жоқ» деп топшылайды.

Иә, айтса айтқандай, әр жерде жерленген Әлілердің Абыралы тауының аталуына қатысты бола қоюы қисынсыз. Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында болар «Жұлдыз» журналында «Абыралы» сөзінің аталуы жайында бір ғалым «бұл сөз осы жерді тым ертеректе мекен еткен бір халықтың «абыра»-қорған бол,қалқан бол деген ұғымды білдіретін сөзі болуы керек» деп жазып еді.Осы бір болжам шындыққа  жанасатындай көрінеді.

         Ал, Абыралы өңірінің тарихы күні бүгінге дейін іргелес жатқан Қарқаралы аймағымен тікелей байланысты болып келеді. Абыралы елінің тарихы туралы жазба деректер Б.Нәсеновтің Омбы мұрағатынан тауып  жариялаған құжаттарында анық көрінеді.Бұл деректер бойынша 1822 жылғы «Сібір қазақтарының жарғысы» негізінде 1824 жылы құрылып,1870 жылға дейін Қарқаралы  сыртқы округтік Приказы деп аталады. (Б.Нәсенов. «Абыралы-Сарыарқаның кіндігі». 71-б). Оның құрамында 20 болыстың иелігіндегі қыс қыстауы мен жаз жайлауының жер атаулары және оларды басқарған болыстардың аты-жөні көрсетілген.Сонда Абыралыға қарасты 5 болыстың да деректері бар.

        1888 жылы қазақ елін басқару Дала Генерал-губернаторлығы қолына көшеді.Оның қарамағында 16 уезд болған.Оның біреуі Қарқаралы уезі. Бұл уезге 21 болыс кіреді. Бұлардың ішінде Абыралы, Ақбота, Бөрлі, Дегелең, Темірші болыстары біркездегі Абыралы ауданы аумағында болған. (Б.Нәсенов «Абыралы-Сарыарқаның кіндігі»  560-565-б)

        Содан бері кеңес өкіметі Қазақстан жерінде орнағанға дейін  патшалы Ресейдің ықпалында болып,1928 жылы Абыралы ауданы деген әкімшілік аумаққа ие болды.Абыралы елінің 80 жылдық тарихы жайында материалдар баспасөз беттерінде азды-көпті жазылып, қалың оқырманның назарына ұсынылып жүр.Біз оны қайталауды мақсат етпедік.

Шыққан тегі

Жапалақтың шыққан тегін ел аузында қалыптасқан шежіреден таратар болсақ: Арғынның Қаракесек тобына жататын іргелі ру Қамбардан-Шымболат, одан – Құттық, Бөлек. Бөлектен-Бұланбай, Таңыбай. Бұланбайдан – Айт - Бабаң, Айбас батыр.  Айттан - Өмірзақ, Сатыпалды, Алдаберген. Сатыпалдыдан – Қошқар, Теке, Серке. Қошқардан - Жапалақ батыр туады. Ол туралы  XIX  ғасырдың басынан бергі уақытта ел аузында айтылып жүрген оның батырлық істері бүгінгі ұрпаққа дейін жеткен.

Кейіннен  республика  жұртшылығына  кеңінен  танымал болған  Болатбек Нәсенов Жапалақ батырдың  Қарқаралы  Сыртқы округі Приказының заседателі,Қарауыл-Қамбар болысының старшыны болғандығы жөнінде Омбы мұрағатынан баға жетпес мәліметтерді тауып,жарыққа шығарды.Осы мұрағаттан  табылған 1843 жылғы 30 қыркүйекте Қарқаралы округінің емші-дәрігері (лекарь) Сукиннің заседатель Жапалақ  Қошқаровтың денсаулығы жөнінде берген анықтамасында оның 56 жаста екендігін анықтап көрсетеді.Демек,ол 1787 жылы туған болып шығады.2007 жылы Жапалақ батырдың туғанына 220 жыл толады.

     Жапалақ  батырдың  өмірі  жөнінде келер ұрпаққа  қажетті  деректер әлі толыққанды жазылмай келеді. Жоғарыда табылған мұрағат деректерінде 1828 жылы 22 қазандағы тізімде оның аты-жөні Қарқаралы округіндегі сол кездегі Орта жүзге танымал аға сұлтан Тұрсын Шыңғысов, Әйбике-Шаншар болысының старшыны Алшынбай Тіленшіұлы, Нұрбике-Шаншар болысының старшыны Қазанғап Мөшекеұлы (Тәттімбеттің әкесі), тағы басқалармен қатар тұр. Омбыдағы мұрағат  деректерінде  Сібір қазақтары  Шекаралық басқарманың бастығы Полковник Фалицкийге жазылған қағазда Жапалақ Қошқаровтың ел ішіндегі беделі мен абыройы көрсетілген. Оған дәлел  Омбы  мұрағатынан  табылған 1843 жылғы 9 тамыздағы деректе Тарақты болысын сайлау кезінде заседатель Путковскийдің теріс әрекетін тыңдап талқылауға орыс ұлтының өкілі хатшы Попов пен тілмаш Александр Плотниковпен бірге біздің атамыз заседатель  Жапалақ Қошқаровтың болғандығы (Н.Б. 319-б.) көрсетілген. Бұл оның  беделінің  бүкіл  Қарқаралы  Приказы бойынша өте жоғары болғандығын дәлелдейді. Ал 1843 жылғы 25 қазандағы Шекаралық  басқарманың бастығы Фалицкий Жапалақты  емші-дәрігер Сукиннің оның  денсаулығы  жөнінде берген анықтамасына сәйкес заседательдіктен босатады.Б.Нәсенов Омбыдағы мұрағаттан 1848-1851 жылдары аралығындағы старшындар тізімінде Жапалақтың атының кездеспегендігін айтады да, оны 1845 жылдары қайтыс болған болар дейді.Ал поляктің революционер саяхатшысы А. Янушкевич «Күнделіктер мен хаттар» кітабында 1846 жылы 25 тамыздағы жазған күнделігінде «Қарауыл-Қамбар болысынан бізге Жапалақ келді. Заманында атышулы батыр болған. Қазір біраз жасқа келген. Жүзінен нұр тамады, көзінен от шашады, сақалы күмістей аппақ», деп көрсетеді. Оның  қайтыс болған жылы жөнінде басқадай нақты деректер  кездеспейді.

    Сондай-ақ, Жапалақ батыр сыртқы жаулармен соғысқа қатысты деген деректер де жоқ.Ал Кенесары бастаған қазақ халқының азаттық қозғалысына қатысқаны, иә қатыспағаны жөнінде ел арасында екі ұшты әңгімелер бар.Оның бірінде Жапекең  Кенесарыны  қолдады десе,екіншісінде қолдаған жоқ делінеді.

Өз заманының саясаткері

     Алайда, ел аузында Кенесары  Жапалақтан бір  мың жылқысын Қамбардың Көкшетауы деген жерінде қыстатып беруін сұрап,бас жылқышысын жібергенде оған келісімін беріп,жылқысын қыстатып беріпті деген сөз бар. Бұл  азаттық қозғалысының көсемі Кенесарыны қолдағаны болса, Б.Нәсеновтің  жоғарыда аталған кітабының «Кенесары және Абыралылықтар» деген тарауында мұрағаттан 1841 жылғы 5 маусымында Орынбордың Шекаралық комиссиясының бастығы  генерал-майор Генске жолдаған Кенесары мен Көшек Қасымовтардың мәлімдеме хатында 1825 жылы  сол кездегі Қарқаралы округінің сұлтаны Жамантай Бөкеевтің тапсырмасымен, дуанбасы (мұрағат  материалында осылай делінген) Иван Семенович Карбышевтің басшылығымен,Қаракесек руының қазағы Жапалақтың жолбасшылығымен олардың ағалары сұлтан Саржан Қасымовтың  ауылын шапқанын,онда кісі өлімі болғанын, көптеген малдарын алып кеткенін хабарлайды. (Б.Н. «Кенесары және абыралылықтар» тарауы 11-бет.) Бұдан біз мұны Жапалақтың орыс ұлығының бұйрығын орындағаны деп білеміз.

      Ал мұндай Кенесарыға қатысты жайлар Орта жүздің белді деген айтулы аға сұлтандарының да бастарынан өткен. Оған дәлел Мұхтар Әуезовтің «Абайды танып білмек парыз ойлы жасқа» деген кітабының «Абай өмірінің алғашқы нұсқасы (1927-1933)» деген бөлімінде: «Құнанбайдың бұдан соңғы ел есінде қалған бір ісі-орыс ұлығының бұйрығы бойынша Кенесарыны қуғандығы.Тегі Кенесарының Ұлытау, Кіші таудан көшіп, Ұлы жүзді бетке алып бара жатқан кезі.Құнанбай старшын күнінде Кенесарыны қуа шыққан орыс отрядымен бірге қазақтан кісі алып қоса қуысқан.  ... Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет деген батыр Кенесарының қолының бір батырын қуып найзаламақшы болған екен,соны Құнанбай сабапты» дейді. (Алматы «Санат» 1997 ж. 109-110-б.)

       Сондай-ақ тарлан тарихшы Е.Бекмұқанов «Қазақ халқының  Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» деген тарихи монографиясында «... патша әкімшілігімен тығыз байланысы бар Баянауыл округінің кейбір билері мен сұлтандары көтеріліске қосылуға мәжбүр болды.150 үймен  ірі  феодал  Мұса Шорманов,сұлтан Елемес Жайнақов қосылды.Алайда, қозғалыстың даму барысында олар көтерілісті сатып кетті» дейді.   (Хан  Кене. Алматы  «Жалын»  1993 ж.  314-б.)

       Тағы да Доскей ақын Әлімбаев «Кенесары» поэмасында осы жайтқа байланысты

Ұрпақтары мен айтқандары

Жапалақ батырдың өз кіндігінен  Ошаған, Өгізбай, Ханбатыр. Ханбатырдан-Шиаяқ, Әбеу, Қасқа, Жұмаділ, Тәттібай. Шиаяқтан-Жуасбек, Ырысбек. Әбеуден-Уақас, Қасымбек, Қажыбек,  Төлеубек. Қасымбектен - ГауҺарбек, Қуатбек. Қасқадан-Қоқай (-Амантай), Жанақас (-Түсіпбек, Несіпбек, Елубек (-Бақытжан). Жұмаділден –        - Келісбек - Мәдет... Тәттібайдан-Төртен. Әбеудің Уақасынан-Базарбек, Ақшабек... Шиаяқтың Жуасбегінен – Наушан атты неменесі Қарағанды қаласында тұрады, зейнеткер, қырық жылға жуық мұғалім болып істеген, жолдасы Жұмаштың Несіпбайымен бірге балалы-шағалы, іргелі отбасы. Ал Ырысбектен де бесінші ұрпағы болып келетін жалғыз қыз-Оян Қарқаралы  ауданының Қасым Аманжолов атындағы ауылда, жолдасы Қонысбаев Болатпен екеуі оншақты баланы тәрбиелеп өсірген адамдар.

      (Бұл  түзілім С.Тәбәріковтің  «Жанақ ақын» кітабынан алынды)

    Сонымен, мен Абыралы өңірінің тумасы,бір кездегі ағарту ісімен айналысқан, бұл күндері зейнеткер өз жеріміздің тарихына қатысты естіген-білген әңгімелерді келер ұрпаққа қалдыруды ойлап,Жапалақ батыр туралы ел аузынан естіген,жоғарыда айтқандай жекелеген жергілікті  жазушыларымыздың  үзік-үзік  мәліметтерін  өлең  етіп  отырмын:                                           

Жалпақ батырдың зираты

    Бұл  зират Абыралы өңіріндегі Алғабас ауылының оңтүстігінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Томар ауылына (бұрынғы «Прогресс» кеңшары) баратын тура жолдың 30- шақырымындағы тым биік емес дөң үстінде тұр.

     Төбенің шығысындағы іргесімен оңтүстіктен батысқа қарай ағатын Айғыржал өзенінің арнасы өтеді.Қар қалың түскен жылдары көктемгі қар суы жиналғанда біраз уақыт қана ағатын сияқты.

      Зираттың оңтүстігінде онша биік емес Айғыржал тауы созылып жатыр.Таудың бұлай аталуы айғырдың жалына ұқсас тассыз, бетегелі, көделі терең емес сайлармен түзілуінен болар.

     Зираттың салынған уақыты шамамен 160 жылдан әрі емес.Себебі Құнанбайдың әкесі Өскенбайға берілген астың нақты жылы 1851 жыл.Бұл уақытта Жапалақ батыр бар,жасы 64- те болған.Бұл атақты астың өтуіне Жапалақ батырдың қатысы болғанын бірнеше жазушылар кітаптарында жазған. Бұдан әрі қанша жыл жасағаны жөнінде не ауызша, не жазбаша деректер жоқ.

     Зират дөңгелене, шошайтыла қаланған,қазіргі биіктігі 5 метр шамасында. Желдің, жаңбырдың әсерінен кірпіші үгіліп, іргесіне топырақ болып үйілген. Зираттың есігі бітелуге жақын.Сол үйілген топырақтан есіктің маңдайшасынан төмен қарай 30 см-дей ғана кеңістік қалған.Зираттың  қабырғасының қазіргі қалыңдығы 1 метрден артық болмаса кем емес.Кірпіш сол маңайда атпен бастырылып құйылған болар.Қаланған кірпіштің көлемі қазіргі заводтарда дайындалған қызыл кірпіштің көлеміндей.

      Зираттың есігі оңтүстік жақтан  шығарылған.Зират ішіне кіріп, мүрденің жатқан жерін көруге мүмкіндік болмады. Есіктен бас сұғып қана көруге болады.

      Мүрденің ұзындығы екі метрден артық.Бас жағына жай тас тігінен қойылған. Кеуде тұсы кесек-кесек тастармен кейіннен жабылған сияқты.

      Зираттың күн шығыс жағынан кейіннен төртбұрышты зират жапсарлата қосылып салынған.Оның ішінде қанша мүрде жатқаны белгісіз. Ол зираттың да қабырғалары үгіліп,үйінді болып қалыпты. Жері тегістеліп кеткен.

       Жапалақ батырдың зиратының солтүстік батыс жағында 10 метрдей жерде топографиялық мұнара тұрғызылған.Оның бетінде «ГУГК 3533» деген таңба бар.Мұнараның маңында он шақты мүрденің орны жатыр. Жер бетінде тек тастары ғана қалған.

       Зираттан солтүстікке қарай Алғабас ауылына қайтқанда 7 шақырым жерде Құлжабасы деген қыстақта Мұсатаев Қадылдың балалары мал өсірумен айналысады екен.

        Ал зираттың күн батысында 10-12 км. жерде Томар ауылының Бөрілі деген қыстағында 

1)  Жайылма (Көкжайдақ)- Құнанбайдың әкесі Өскенбайға ас берілген жер.

 Ас «Көкжайдақ» деген жерде берілді деп  көрсетіледі  «Абай»   энциклопедиясында (284 б). Ол жер Көкжайдақ емес, Жайылма  деген  кең  жазық. Жазықтың  ортасында шағын өзен арнасы бар.Көктемде қар ерігенде осы жазыққа  қар  суы  жайылып, жаз ортасына дейін құрғамай жатады.Осы жазықтың шетін «Қырық ошақ», «Сегіз ауыл» деп атайды.Бұл  атаулар Өскенбайдың асына байланысты аталғаны анық.Осы  өңірді ертелі-кеш мекендеген тұрғын халық бұл жазықты «Көкжайдақ» деп атағанын естіген емес. «Жайылма» күні бүгінгі күнге дейін үлкен-кішіге осылай аталуымен жетіп отыр

Әбеу қажыдан — Уақас, Қажыбек, Төлеубек,  Шынғай,  Әзімбек.  Уақастан — Базарбек, Ақшабек,  Торғай , Есімбек, Әзімбек.  Әзімбек балалар үйінде  тәрбиеленіп, 10 класты  бітіргеннен  кейін  Ресейдің  Қазан  университетінің медицина факультетіне  түсіп , оны  1943 жылы бітірген, мамандығы хирург. Осы жылдың  июль  айында  Ұлы Отан соғысына қатысып, гвардия лейтенанты  болып жүргенде, оны  1945  жылы  2 май күні  Берлин қаласында  немістер атып  кеткен. Ол туралы  шешеме қаралы  қағаз  келген-тін. Ұлы Отан соғысының «Боздақтар»  кітабында  жазылған, фотосы қоса  бар.

            Әбеу  қажының  мекені  Айғыржал тауының  іргесінде. Ал солтүстік  батысында  дөңнің астында Уақастың қыстағы , Құлжабасы тауына   қарсы  қарап  тұрады.   Құлжабасы тауының  теріскейінде  Күлтөккен  деген жер  Шақан руының кейінгі  ата-мекені  болған. Шақаннан — Тұрдығұл,  Қожағұл  туса , Қожағұлдан —Тоқты, Қара, Төлеулі  туады. Төлеуліден — Қонақай — Шектібай — Бітімбай , Баянбай  (менің үлкен әкем) туған.  Баянбайдың үлкен  ұлы  Қорабай.  Қорабайдан — Жұмаш, одан  Несіпбай.  Несіпбайдың  жолдасы—Шиаяқтың  Жуасбегінен  туған  жалғыз  қыз  Наушан.   Наушан  маған  әрі жеңге,  әрі  нағашы  апа  тиісті  болып  келеді. Наушанның  шешесі  Зейнезайып  апам  өте  жақсы, бойы кең, ақылды  адам  еді, Шор — Тоғалақ қызы. Несіпбай мен Наушанның балалары Ақан, Қарлығаш, Сәуле, Гүлжанат, Қанат, Жанат. Бәрі үйлі-баранды ұрпақтар, Қарағанды қаласында тұрады.

              Дүйсенбай мен Әбеу қажының Уақасынан туған Торғайдың балалары — Төлеужан, Мүсілім, Несіпжан, Қанапия, Аманжан. Торғай 1906жылы туып,1995 жылы Қайнарда қайтыс болды. Ал Дүйсенбай 1898 жылы туып, 1983 жылы өмірден өтті. Бәйбішесімен бірге Бас Қайнардағы зиратта жатыр.

              Мен ұлы нағашым Жапалақтың  шошақ бейітін алғашқы рет 1946 жылы колхоздың қойын бағатын Жуасбек нағашымның үйіне барғанымда көргенмін. Әбеу қажының қорасының батыс жағында 7-8 шақырым жерде екен. Ал Рысбек нағашымның  Рымжан,Оян деген екі қызы болған. Рымжан ерте 1950 жылы ауырып қайтыс болды. Оян Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылының  Ақбай-Қызылбай бөлімшесінің Шатыр ағаш орталау мектебінде мұғалім болып істеген Қонысбайдың Болатымен тұрмыс кұрған,балалы-шағалы .Оян жуырда қайтыс болды. Рысбек нағашым бәйбішесі Шәукен деген тәтемді Шұға дейтін. Бұл үйде Жапалақ батырдың ұрысқа киетін шолақ жең,тор көзді,болат сымнан жиілеп тоқылған шынжыр шекпеншесін көргем,қолмен ұстағам.

               Жапекең өз заманында айбарлы,өте сұсты болған дейді. Ол кісі заманында  Қарқаралыдағы Оязға жолығуға келе жатып, қыстың аязды күнінде «Боп тоғайы»  деген жердегі Қарқаралы тауынан ағып шығатын бұлақтың мұзын найзасымен ойып, дәрет алып,сақал-мұртына, қабағына  қатып қалған қырауды қолындағы дойыр қамшысымен қағып түсіріп, намаз оқып жатқанын Жапекеңді қарсы алуға келген Ояздың шабармандары көреді де, осы жайды Оязға жеткізеді. Мұны естіген Ояз ойланып, «маған кіргізбей-ақ шаруасын өзінің айтуы бойынша  бітіріп жіберіңдер» деген екен. Ал Жапекеңнің шаруасы кедей балаларын әскерге деп, қара жұмысқа алдырмау екен.Сонымен шаруасын сырттай бітіріп,жөніне кетіпті.

               Арғын —Тобықты Құнанбай Қамбардың Көкшетау деген жеріндегі Жайылма өзенінің бойына әкесі Өскенбайдың асына Орта жүздің игі жақсыларын  шақырмақ болады. Осыған байланысты ол «алдымен  Жапалақ батырдың келісімін алып алайын» деп келе жатса, «Бұл не деген басынғандық» деп, Жапекең де нөкерлерімен қарсы шығады екен. Сол кезде Құнанбай атынан түсіп,жаяулап келіп, Жапекеңе сәлем беріпті де, «Уа,батыр,ағаңыздың асы қабыл болсын» десе, Жапекең бұл сөзге тоқтау жасап, «иә, қабыл болсын» депті де, асты жөнелтуге өзі басшылық жасаған екен дейді. Құнанбайдың  ондағы ойы бұл үлкен ас қалың Қамбар, Бошан, Қара, Шор елінің ортасында жанжалсыз  өтсе екен дегені болар.Солай болыпты да.

               Торғайдың  Дүйсембайдан көрген тұңғыш қызы —Төлеужан қазір Қараағаш деген жерде тұрады.Жолдасы Ильяштың Смаханы деген азамат Шордың Ер тармағынан. Төлеужанның балалары Күлби, Берік, Серік, Сержан, Әділ, Еділ, Зәмзегүл... Серігі қазір Томар ауылының әкімі, жоғары дәрежелі білімі бар,білімді,сөзге ұстамды азамат. Серіктің үлкен ұлы Сайран 2011 жылы үйленген.

                Мен, Дүйсембай мен Торғайдан туған ұлы Мүсілім зоовет институтын бітірген соң Қарағанды облысы Егіндібұлақ  ауданының «Арқалық» колхозында еңбек жолымды бастап, одан кейін Семей облысының Абай ауданында ферма меңгерушісі,бас зоотехник,бас экономист болып жұмыс істегем. Абай ауданының «Ақбұлақ» совхозын қолыммен кұрып,директоры болғанмын.Ал «Абралы» совхозында бас экономист болып 20 жыл бір жерде еңбек етіп, 1997 жылы зейнеткерлікке шықтым. Қазір бәйбішем Гүлжанмен екеуіміз  Семей қаласында тұрамыз. Гүлжан руы Жалықбас молда Мақаштың  Нұрқасымының қызы.

                 Мүсілімнен —Әділхан, Мейірхан, Құралай, Толғанай, Жанна, Дана, Шыңғыс. Әділхан жоғары білімді құрылыс инженері. Ұлы Серік мұнай саласының жоғары дәрежелі маманы,отбасылы, Әзілхан деген ұлы бар. Кенже ұлы Шыңғыс отбасылы,жұбайы Толқын Қожагелді—Сұлтанбектің Демеуғалиының қызы, ағылшын тілінің жоғары білімді маманы. Екеуінің екі баласы бар.Ұлдары Әлихан мектепте оқушы.

                 Торғайдың қызы Несіпжан мен Жалықбас Түсіптің Төкенінен — Мейрамбек, Нұргүл, Қайнарбек, Бейбітбек, Ерлан, Айгүл, бәрі де үйлі-баранды.

            Торғайдың ұлы Қанапиядан—Еділхан, Сейілхан, Әлімхан, Бейбітхан, Сейітжан, Қанағат, Алма, Алуа. Бәрі де отбасылы. Бұлар Жапалақтың жұрағат,жүрежаттары.

            Торғайдан туған кенже қыз Аманжан 1944 жылы туып, 1950 жылдары ауырып қайтыс болды. Темірші баурайында «Айтақ» деген қыстақтағы бейітте  Дүйсембайдың ең үлкен апасы 1949 жылы 79жасында өмірден өткен Айғаншамен қатар жатыр.

            Жапалақтың немересі Әбеу қажының ұрпақтары—Уақас, Қажыбек, Төлеубек, Шынғай, Жәмилә, Қасымбек. Әбеу қажының кенжесі Қасымбектен — Гаухар, Гаухарбек, Қуатбек, Қазыбек, Зейнеп, Мұратбек. Гаухар — Шымкентте, үйлі-баранды. Гаухарбек — Семейде, отставкадағы полковник, ішкі істер саласында істеген. Қазыбек те майор. Қуатбек Аякөзде әкімшілікте істейді. Зейнеп Аякөздің бір ауылында болу керек. Мұратбек пед институт бітірген, мамандығы мұғалім, қазір әскери офицер, Өскеменде істейді.

                    Ұрпағым бар мақтанамын мен соған,

                    Бәйбішем бар,ақылшым ғой ол маған.

                    Көңіліне қайбаң сезім түсірсем,

                    Енді ондай болмас деймін мен оған,- деп естелігімді аяқтаймын.                                       

Рысбек қызы Ркен

Жапалақ батырдың ұрпағы

Рысбек  қызы  Ркен  былай  дейді:

 

-Ұлы бабамыз Жапалақ батырдың шөбересі Рысбектің бәйбішесі Меркіт бидің қызы Кәукеннен Төлеутай деген ұл бала болған. Бірақ ол жас кезінде қайтыс болыпты. Көп ұзамай бәйбішесі Кәукен де қайтыс болған соң, балдызы Шәукенге үйленіпті. Шәукеннен Торғай,Рым және Оян деген қыздары болған. Рым 13 жасында қайтыс болыпты. Торғайдан мен - Ркен туыппын.Мені нағашы атам Рысбек алты айлығымда бауырына салып алған екен. Мен қазір Алғабас ауылында тұрамын, 11 бала тәрбиелеп өсіріп отырған ардақты анамын.

Ал, Рысбек атамның ағасы Жуасбек атаның Наушан деген қызы және Сәрсенбек деген ұлы болған. Ол ұлы 10 жасында қайтыс болған. Енді Рысбек пен Жуасбек аталарым ұлдары өліп қалған соң, мені ұлым деп атқа мінгізіп өсіріп, мынадай өсиет қалдырған-тын:

-Сен, мыналарды есіңе сақта, қарағым: бабаң Жапалақ атақты батыр жастай қайтыс болған Өгізбай деген баласына арнап, кірпішін қырық ешкінің майымен,жылқының жал-құйрығының қылымен араластырып бастырып құйып, зират салған.Зираттың ішінде қамырдың бас жағында Құран мен сия қарындашы болған еді,-деп еді. Балалығым ғой, сол қасиетті Құранды өзім алмағаныма қазір қатты өкінемін. Зиратқа жолдасым Әжітаев Советхан екеуіміз балаларымызбен жылда басына барып, бір мал сойып, құран оқытамыз.

Жапалақ атамыздың «Ақ тиін» деген аты болған екен. Ұзақ жолға сол аты ғана шыдаған. Әбу қыстағының жанында биік тау бар . Сол таудың басында батыр атамыздың тоғыз құмалақ ойнайтын орны бар екен және осы таудың басына шығып, үнемі қарауыл қарап отырады екен. Қартайып өлген «Ақ тиін» аттың бас сүйегі сол таудың басына қойылыпты.

Батыр атамыздың болаттан тоқылған кіреукесін 1958 жылы кейін менің қайын атам болған Қосшұғылов Әжітай колхозда бригадир болып жүргенде сол таудағы жақпар тастың арасына тыққан қоймадан тауып алып әкеп, менің Рысбек атама әкеп берген. Атам «Мен малдағы адаммын, сен ие бол» деп, ана жылдары «Доғалаң» совхозында партком болған Шахмарданов Бағдаттың әкесі колхоздың бастығы Түшкенге аманат етіп берген екен. Қазіргі уақытта сол сауыт Бағдаттың үйінде болуы тиіс.Жапалақ бабаның Ақ патшадан алған шекпені Рысбек атамның үйінде болған еді. Шәукен апамның кімге аманат етіп қалдырғанын қазір білмеймін. Әбеу қажының Меккеден әкелген құраны Оянның қолында. Бірақ Оян 2012 жылы тамызда қайтыс болып кетті. Бабамның бәйбішесін Шыңғыс ханның ұрпағы деуші еді. Ол кісіні «Шегір бәйбіше» деп атаған екен. Зиратта баласы Өгізбай, бәйбішесі және өзі жатыр. Қазіргі кезде батыр атаның сүйегі жоқ, оны Әлікей Марғұлан деген ғалым алып кеткен дейді бүгінгі күнгі үлкендер.

Бабамыз туралы әлі де айтылмаған әңгімелері болуы мүмкін.Соның бірі ол кісінің мынадай өсиеті бар екен:  «берер батамды бердім,бірақ саналы ұл болар ма екен? Егер де саналы ұл болмаса өлдім- талдым дегенде қыздың қызынан біреу шығар да , сол қозғау салар депті. Бұл өсиетті айтушы Сармұқтың Қонысбайы,қазіргі кезде «Фрунзе» совхозында тұратын Қонысбаев Болаттың әкесі. Осы сөзді маған өсиет қып тапсырған осы Болат-Оянның жолдасы, менің жездем.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 2163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar