Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
20.03.2013, 16:19 | |
Ораз Кәкімұлы Жандосов (1898–1938 жж.) – Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысқан партия қайраткері. Алматы облысының Қаскелең ауданында батырақ отбасында туған. 1918 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылы Верныйдағы (Алматы қ.) ерлер гимназиясын бітіріп, революциялық жұмысқа қатысты. Жетісу совдепінің нұсқаушысы болып, жергілікті жерде Кеңес өкіметін нығайтуға ат салысты. Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды. 1919-1921 жылдары Түркістан КП мұсылман коммунистері секциясы облыс бюросының председателі. Верныйда Қапал, Жаркент, Лепсі уездерінде бүлікшілдерді талқандауға белсене қатысты. Жетісу облысы революциялық-әскери комитетін және облыстық «Қосшы» одағын басқарды. 1921-1923 жылдары Түркістан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды. 1923 ж. Темирязев атындағы Ауыл шаруашылық академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. Ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі экспедицияны басқарды, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. 1928-1937 жылдары КАССР ағарту халкомы. Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, Қазақ Ауыл шаруашылық институтының директоры, СК(б)П Кеген аудандық комитетінің 1-секретары, Алматы обл. Аткомының председателі болды. Партияның ХІІ, ХІV-съездерінің және КСРО Кеңесінің ІІ, VII, VIII-Бүкілодақтық съездерінің делегаты. 1920-1925 жылдары БК(б)П Түркістан КП ОК-нің мүшесі және бюро мүшесі, 1925-1927 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің мүшесі және бюро мүшесі, Түркістан республикасы ОАК президиумының және БОАК мүшесі, Қазақ ОАК және оның президиум мүшесі. Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы. | |
Просмотров: 1467 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |