Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Жаинизмнің философиялық көзқарасы РЕФЕРАТ
06.02.2014, 22:13

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану)тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен косылып бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі — денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі — өмірдің ұзақтығын, үшіншісі — тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды. Сансардан азат болу үшін "үшқазынаны" сақтау керек.Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім — төрт ханкарлар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық — тазалыкты, шындықты, сабырлықты, т.б. сақтау. Ал шынайы білім—жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Шынайы білім өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында жан кашықтағы ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысьнда.— өз бой-ындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жёңген жан, адамдардың казіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында сансардан азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.

Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатыңда — әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі кабатта — құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта — құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап келгенде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек.

Жаинизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жаинизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді. Буддизм. Бұл философиялык ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б.д.д. 563-483 жж.) есімімен тығыз байланысты.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1062 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar