Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қызыл кеніш сарайы туралы аңыз
01.01.2014, 21:28
Қызыл кеніш сарайы туралы аңыз
Бағзы бір заманда Әуке және Қонтажы деген екі хан өмір сүріпті. Әукенің Нежде деген сұлу қызы болған. Қонтажы болса соған ғашық. Көп кешікпей олар құда түсуге қам жасайды. Базарлықтарын артып алып, керуен жолға шығады. Қонтажы өте бай болған. Әуке хан онымен құда болатынына өте қуанады. Көп кешікпей Нежде өзінің туған үйінен бірінші рет алыс сапарға шықты. Бас аяғы елу түйеге жүк артылып, сексен адам керуен құрамына енді. Олармен қоса бір қазақ, бір қалмақ батырын жібереді.
Олар Кент тауының бауырына келгенде күн суытып, боран соғады. Батырлар тоңғаннан кейін бір-бірімен күресуге бел байлайды. Олар ұзақ алысып, ақырында қазақ батыры қалмақтың белін сындырады. Мұны көрген хан қызы ашуға мінеді. Бірақ ол көп кешікпей, қазақ батырына көңілін білдірді. Одан соң хан қызы бұдан әрі бармаймыз, осы жерде қыстаймыз дейді. Оның сөзін екі етпейтін керуен мүшелері сарай салу қамына кірісті. Сарай құрылысы басталып оны қызыл граниттен салған. Сондықтан, оны қызыл - Кеніш деп атау ұйғарылды. Қызыл кеніш туралы аңыздың бірнеше түрлері бар.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar