Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қымыз және қымыздың түрлері
03.01.2014, 16:10

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатынденсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Сары қымыз – дертке шипа, денге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып тастайды. Қор езіліп, саумалға толық тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған саумалы құйып, әр саумалды құйған сайын ыдыстың ішіне қодың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі дәмді болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтымданып қымыздың бетіне қалқып жұреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қыптап қойып, келесі күні биені бас сауымен сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіу, ең кемі бір рет ыстап отыру керек. Дер кезінде ысталып, тазартылмағныдыс өңесденіп, қымыздан ескі дәм шығып тұрады. Қымыздан 1 күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерді қор қалуға тиіс.

Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ең бастылары төмендегідей:

Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.

Бал қымыз – әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымызға қарағанда сары қою болады.

Басты қымыз – төрт күн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.

Дөнен қымыз – үш үн түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашулы жеткен қымыз.

Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылатын қымыз.

Қымыз ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.

Құнан қымыз – екі күн түнегеннен кейін қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.

Қысырақ қымыз – бірнеше рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда саулып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте "Ту қымыз" деп те атайды.

Қысырдың қымызы – бие ағытылып кеткеннен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымзы» дейді.

Сары қымыз – шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі сары болады.

Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып уыз қымыз ішер уақытта бір той болса, бие ағытылып, сірге жияар қымызды ішер уақытта да бір той болады.

Түнеме қымыз – ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні қотарылған қымыз.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1402 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar