Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар
01.02.2014, 19:42
XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

Жоспар

1. Орталық Шығыстағы ағылшын -орыс қақтығыстары

2.  Батыс Қытайдағы ағылшын дипломатиясы

3. Орталық Азияда ағылшын үкіметінің экспансиясына көшуі

4. Персиядағы ағылшын -орыс қақтығыстары

5. Англияның Египетке қарсы қақтығысы. Рейтер концессиясы

Орталық Шығыстағы ағылшын - орыс қақтығыстары

 

Ресей мен Англияның Батыс Еуропа континентіндегі германдық гегемонияға бірігіп қарсылығы Азиядағы осы екі державаның қақтығысына қарамастан, 1875 жылы жүзеге асырылды.

ХІХ ғасырдың I жартысында британдық үкімет осы бөліктегі ағылшын-орыс қарым-қатынасына өзінің түсінігін білдірген. Ағылшындық нұсқауына сай, Ресей Үндістанның көптеген облыстарын бірінен кейін бірін жаулап, үзілместен шабуылдап отырған. Орыс саясатының басты мақсаты осы елді жаулап алу болды. Бірақ, бұл тек қана таза ой болды.

Англия өзінің үнділік иеліктерін қорғап, сонымен қатар Осман империясына қол сүғылмаушылықты бақылап отырды. Себебі, ол Еуропадан Үндістанға көпір болып саналды. Бұл нұсқау көптеген ағылшын көк кітаптарында және парламенттік дебаттарында дамып отырды. Оны көптеген атақты публицистер Уркварт, ал кейін Роулинсон алды және көптеген тарихи кітаптардың авторларымен шеңгерілген болатын. Оның ықпалы Англияның шегіне дейін тараған.

Бұл нұсқау тенденциялы болды. Бірақ, жағдай бұлай болған емес, Ресей тек қана шабуылдады, ал Англия тек қорғанды. Орталық Азиядағы қарама-қарсы екі экспансия кездесті. Ресей де Англия да шабуылдаушы саясатты жүргізді, сонымен қатар екі держава бір-бірінен сескенді.

Таяу Шығыстағы жағдай басқа күйде болмады, екі держава Константинопльде өздерінің ықпалын орнатуға тырысты және осы мақсатты жүзеге асыруда бір-біріне кедергі жасап отыруға тырысты. Ресей бұғаздарында бақылау орнатуға тырысты, сонымен қатар Қара теңізден британдық қолға өтуге мүмкіндікті бермеуге тырысты.

Орыстардың да, ағылшындардың да Орталық Азияда жаулаушылықтың, стратегиялық ойлар мен саудаға байланысты қызығушылықтар, сонымен қатар әскери күшінің демонстрациясы арқылы жауланған елдерінде өзінің билігін нығайтуға тырысты. Үндістанда британдық отарлаушылар халықтық көтерілістерден сескеніп, үнемі қорқынышта болды. Қандай да болмасын шетел әскерінің жақындауы халықтың наразылығын келтіреді деп санады. Бұл сонымен қатар ағылшын ықпалының таралуын тудырды, Персияда, Ауғанстанда, Қытайда көрші аудандарына және Бирмада толық билік ету мүмкіндігі болды.

Кейіннен, орыс өнеркәсібі үшін ортаазиялық мақта үлкен маңызға ие болды.

Ресейге қосылу отарлық режимінің орнауына әкелді. Ол орыс капитализмі кеңейіп өсуіне жол ашты және Ресей "ескірген бөлімінің" яғни, өзіндік держава мен феодалдық өкілдердің болуын ұзартуына әкелді. Осылайша, Орталық Азияға қосылу патшалықтың, орыс әскери-феодалдық империализмнің кеңеюі буржуазияның да қызығушылығы мен пайдалылығын тудырды. Келесі жылдары осыған мақта базасының ұйымдастырылуы қосылды.

Бірақ, осымен қатар Орталық Азияның Ресей құрамына кіргені ортаазиялық мемлекеттерінің еңбекшілерін орыс революциялық қозғалысқа ақырындап енгізген болатын. Бұл Ресейге қосылу Орталық Азия халқының көзқарасы бойынша объективті прогрессивті жағдай болды. Бірақ бұл жеңілдіктерді Азиялық мемлекеттер иемденбеді. Англияның билігіне түскен Азиялық мемлекеттер бұл жеңілдіктерге ие болмады: олар үшін шетелдік жаулаушылық тек қана отарлық езгіні әкелді. Англияның прогрессивті күшімен британдық отардың арасында ешқандай қарым-қатынас пен байланыс болмады. Англияның өзіне де бұл күштер еш нәтиже бермеді.

Ағылшын Орталық Азияға, Персияға, Ауғанстанға жүргізген саясатын лондондық кабинет тек жалпы курс ретінде ғана анықтады. Оның жүзеге асырылуы Үндістанның вице-королінің қолында болды. Ағылшын агенттері Ауғанстанды жаулады, Түркменстан мен Батыс Қытайға басып кірді. Ағылшын тыңшылардың орнына тыңшы офицерлері жұмыс атқарған. Олар ағылшын-үнділік әскердің, сонымен қатар вице-королінің басқаруына бағынды. Ағылшын агентурасының қызығушылығында түрік сұлтандары да белсенділік танытты. Орталық Азиядағы ағылшын саясатының осы шпиондық   және   диверсиялық   қызметі,   маңыздылығы   жағынан   ресми дипломатияға орын бермеді.

Орыс жағынан түркістандық генерал-губернатор Петербургтен маңызды тәуелсіздікті қолданды. Ол да феодалдық жергілікті билік етушілермен және тайпалармен кең байланысты иемденді.

Орталық Азияны бөлшектеудегі ағылшын - орыс келіссөздері.

Орталық Азиядағы ағылшын экспансиясының басты объекті - Синьцзян емес, Ауғанстан болатын. Сол жақтан ағылшын отарлаушылары Түркменияға қол сүғуды көздеп, соған дайындалды.

1869 жылы Ауғанстанда алты жылдық феодалдық езгі аяқталды. 1869 жылы 27 наурызда Британдық Үндістан территориясындағы Амбалда вице -король әмір Шер - Әлимен кездеседі. Конференцияның ең бірінші отырысында Шер - Әли келіссөзді келесі жарлықтан бастады:

«Ауғанстанда шеру басталған уақыттағы, менің билігімнің басында, мен көмек беруді сұрадым, бірақ, Англия менің сұранысымды қабылдамады. Сондықтан, мен сіздер жіберген ақша мен қару - жарақты қайтарамын. Мен сіздермен келіссөздер жүргізуге және де келісімдерге қол қоюға бара алмаймын және өз келісімімді бере алмаймын.»

Конференцияның келесі жолы бұл жарлық дипломатиялық келіссөздерде өзіне жақсы позицияны иемдену үшін жасалғаны көрінеді. Ұзақ ұрыстардан кейін, нәтижесінде ол ағылшындардан қару мен жыл сайынғы ақшалай субсидияны алуды қабылдады.

Шер - Әли одақтастық келісімдерге қол қоюды талап етті. Ол Англиядан Ауғанстандағы билік соның қолында екенін жэне кейіннен оның мұрагеріне берілетінін мойындауды талап етті. Осылайша, ағылшындар оның кенже ұлы әмір Абдулла - ханды мойындауға мәжбүр болды. Лорд Майо бүл талапты қабылдамады: себебі, Шығыстың барлық феодалдық монархияларда жүргізген саясатынан ағылшын үкіметінің бас тартқысы келмеді.

Вице -король Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауға және онда ағылшын резиденттерін жібермеуге келісімін береді.

Шер -Әли ағылшындардың ақшасы мен қаруынан бас тартпады, бірақ ағылшындарға деген сенімсіздігі мен наразылығын білдірді. Ал, Ауғанстанның халқы әмірді ағылшындарға сатылды деп жазғырды.

1869 жылдың басында либералдар лидері Гладстон басшылығымен ағылшын үкіметі Орталық Азиядағы Англия мен Ресей иеліктерінің арасына бейтарап зона құруды ұсынды. Бұл бейтарап зонаға екі елдің қол сұғып, араласуына тыйым салынды. Орыс үкіметі бүл үсынысты қабылдады, сонымен қатар, Ресейдің құрамына Ауғанстанды қосуды ұсынды. Ағылшын үкіметі қарсы шара қолданды: ағылшын үкіметі бейтарап территорияны солтүстікке қарай кеңейтуді ұсынды. Бірақ, бұл келіссөз жүзеге асырылмады.

1869 жылдың күзінде Ресей мен Англия арасында келіссөздер қайтадан жүргізілді. Олардың Петербургке енуіне Үндістанның вице - корольдің өкілі Форсайт келді. Оның келгенімен келісім жүзеге асырылды. Ол келісімнің қаулысы бойынша, Ауғанстан территориясының құрамына, шынайы түрде Шер - Әлидің иелігіндегі облыстар кіретіні мойындалды. Әмірдің өз иелігін кеңейтуді тоқтату мақсатымен, Англия барлық шарттарды қабылдауға мәжбүр болды, ал Ресей ауған территорияларына Бұқар әмірінің шабуылына қарсылық көрсететініне уәде берді. Көп ұзамай, 1869 жылы келісімді талқылаған уақытта ағылшын мен орыс үкіметінің арасында қайшылықтар туындады. Ағылшын үкіметі Шер -Әлиге оның әкесі әмір Дост Мохаммедке қараған иеліктер тиісті екендігін бекітті. 1870 жылдың 20 мамырында бұл құжат ағылшын кабинетінің көзқарасы ретінде елші арқылы орыс үкіметіне жіберілді. Ал, шындығында, Дост Мохаммедтің таралған барлық иеліктері Шер - Әлидің қолында болмады. Орыс үкіметі бұл иеліктерді ағылшындық агенттің шешіміне қарай мойындағысы келмеді.

1871 жылдың 1 қарашасында ол Лондондағы өзінің елшісі арқылы ағылшын үкіметіне Орталық Азияда «қазіргі территорияларды изоляцияда» ұстап тұру саясатын жүргізуді ұсынды. 1869 жылы келісімнің негізіне сүйене отырып, Англия мен Ресейге әрбіреуі ауған, бққар және қоқан әмірліктерін басқа иеліктердің шабуылынан бірігі қорғау ұсынылды.

Бірақ, ағылшын үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Ол қиян-кесті түрмен өзінің иелігін солтүстікке қарай кеңейтуге талпынды.

1872 жылдың 17 қазанында лондондық кабинет патшалық үкіметтен Ауғанстанның солтүстік шекарасын, Түркмен даласының орта ағысындағы Ходжа Салех пунктіне дейінгі Амудария өзенін мойындауды талап етті.

Орыс үкіметінің жауабы 19 қазанда жіберілді. Ол Бодахшан және Вахан хандықтарының территорияларының төменіндегі Амудария өзені ағысы бойынша шекараны мойындады. Бірақ, кейіннен патшалық үкіметтің ұстанымы өзгерді. Лондонның қайталанған талабын қабылдай отырып, 1873 жылдың 31 қаңтарында, Англияға ұсынылған Ауғанстанның солтүстік шекарасы линиясын қабылдады. Вахан мен Бодахшан мәселесіне өзінін келісімін берген патшалық үкіметтің мақсаты бір болды: ол, Англияның Хивин хандығын жаулауын әлсіретті. 1872 жылдың 4 желтоксанында II Александрдың басшылыгымен Ерекше жиналыс Хиуаға шабуыл жөнінде ұйым кұруды шешті.

1873   жылдың    10   маусымында   орыс  әскері   Хиуа   хандығының астанасын жаулап алды. Осыдан кейін ханмен келісімге қол қойылды. Ол басқа мемлекеттермен сыртқы қатынасты өз бетімен жүргізуден бас тартып, патшаның   вассалы   болды.   Хиуа   патшалығы   Ресейдің   протекторатына айналды.

Хиуаны жаулау ешқандай халықаралық қиындықсыз жүрді. Іс тек ағылшындардың баспасөзіндегі қарсылықпен ғана шектелді. 1874 жылдың 7 қаңтарында орыс әскерінің Хиуаны жаулағанынан кейін, 6 айдан соң, шетел істер министрі лорд Гренвиль Петербургтегі британдық елшіден патшалық үкіметке хат жіберілді.

Хатта, егер Ресей Мервк қарай жүретін болса, онда Хиуамен көршілес түркімен тайпалары ауған территориясьшдағы орыстардан көмек сұрауға тырысатындары жайлы көрсетілген. Бүл жағдайда орыс әскері мен ауғандар арасында қақтығыс болуы мүмкін еді. Ағылшын кабинеті орыс үкіметінің Азия мен Британдық Үндістандағы қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін Ауғанстанның «тәуелсіздігін» қабылдайды деп үміттенді. Хиуа хандығын бағындыруда ағылшын үкіметі қарсылық көрсетпеді. Себебі, Англияның өзі осы сияқты жолмен Ауғанстанды бағындыруға тырысты.

Ауған шекарасы жөніндегі келіссөзде отарлаушылардың дипломатиясының нұсқасы болады. Келіссөз Ауғанстан жөнінде болды, бірақ, оның орнына келіссөздерде осы елді таныстыру құқығын ағылшын үкіметі өз мойнына алды.

1875 жылдың 29 сәуірінде меморандумда Англия мен Горчаков арасындағы келіссөзде Ресей мен Англияның бәсекелестігі, екеуінің де қызығушылығына теріс септігін тигізетінін көрсетті. Бұл бәсекелестікті болдырмау үшін орыс министрінің пікірінше, осы екі ел арасында Орталық Азияда ортақ буфер орнату дұрыс болады деп шешілді. Егер екі жақ Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаған жағдайда, буфер Ауғанстан болар еді. Осы кезде Горчаков, Ресей өзінің иелігінің Орталық Азияда Бұқар жағынан да, түркмендер жағынан да кеңейтпейтінін жариялады.


Батыс Қытайдағы ағылшын дипломатиясы

 

Батыс Қытайда ағылшын отарлау биліг60 - жылдары қытайлық үкіметке қарсы Қашғариядағы қозғалысты бастаған авантюрист Якуб - бекті қару - жарақ пен ақшаның көмегімен Үндістаннан ығыстырды.

Якуб - бек Қашғарияда билікті иемденіп, Қытайдан кетті. Ағылшын дипломатиясы Якуб - бекпен байланысты жақсартты. Олар сол жылдары ағылшын үкіметінің қармағында болған түрік сұлтанын қолдады. Ұлт-азаттық қозғалысты бастаушыларынан қорғанысты. Англиядан іздеген сұлтан ағылшындарға өзінің бүкіл беделді халифатын, сонымен катар, оларға мұсылман елдерінде өзінің жұмыстарын атқаруға көмек берді. Сұлтан Якуб - бекке Әмір титулын беріп, Ресейге қарсы бүкіл мұсылман билеушілерінің басын қосуына тырысты. Ресей де Якуб - бекпен байланысын орнатуға тырысты. Бірақ, сұлтан мен ағылшын тыңшылығының ықпалымен Якуб - бек тек Қытайға ғана емес, сонымен қатар Ресейге де қарсы қатынаста болды. Якуб - бекке ресми ағылшын елшілігі берілді. Бірінші ретінде Қашғар билеушісі ағылшындарга сенбегендіктерінен бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ, ағылшын-үнділік билікті бұл тоқтатпады.

1873 жылы жазда олар Қашғарға екінші елшілікті жіберді, бұл жолы ол қабылдаған болатын. Олар Қашғар билеушілеріне ағылшын королдігі мен Британдық Үндістанның вице-королінен хаттар берді. Елшілік сонымен қатар бағалы сыйлықтар да әкелді: артиллериялық қарудың батареясын, винтовканың бір партиясын және қомақты қаржы бөлігін. Ресми түрде қару сұлтаннан болды. Якуб ағылшындармен қанаушылық сауда келісіміне қол қойды, ол бойынша Якуб оларға экстерриториялық құқығын берді.

Ағылшын елшілігінің мүшелері аз ғана таныс жерлермен орыс шекарасына дейінгі жолдардан қарады. Ағылшындар Якуб - бекке бірнеше қару - жарақ зауыттарын салып берді. Оның мақсаты, осылайша, Якубты Ресейге де Қытайға да қарсы қолдану.

Якуб - бек Қашғариядағы билігіне көңілі толмады. Бірнеше жылдар көлемінде ол өзінің билігін солтүстіктен ары қарай таратуға талаптанды. Оның иеліктерімен Ағылшын ыкпалы сферасының да таралуы мүмкін еді.

Орыс үкіметі өз жағынан Якуб - бек пен ағылшындарға солтүстікке қарай жолды жабуға шаралар қолданды. 1870 жылы ол өзінің әскерімен Тянь - Шаньдағы Музартті иемденді, ал 1871 жылы жазда - Құлжа қаласын және де Іле ауданын жаулады. 1871 жылдың 20 сәуірінде әскери министр Милютиннің билеуімен өткен ведомствоаралық жиналыста орнықтырылды. "Біздің Батыс Қытай ісіне араласуымыздың басты мақсаты бөлшектенген Қытай империясының батыс провинциясында қытайлықтардың өз билігін орнату." Қашғариядағы халықтың наразылығы мен феодалдық езгінің нәтижесінде Якуб - бектің жағдайы үзілді. 1877 жылы ол қайтыс болды.


Орталық Азияда ағылшын үкіметінің экспансиясына көшуі

 

 Ауғанстанға қарсы соғысқа дайындалу. 1874 жылы либералдар кабинеті Гладстонның орнын ауыстырған Дизраэлидің консервативті үкіметі британдық отарлау империясының кеңейту ұранымен билікке келді. Отарларға назар аудару әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде өсті. Әсіресе, бұл назар аударушылық Германия жағынан көп бөлінді. 1873 жылы Германияда, Австро - Венгрияда және АҚШ - та болған экономикалық күйзеліс сыртқы экспансияларға талпынысты тудырды.

 Дизраэлидің кабинеті экспансия мен отарлау саясатын жер шарының әр түрлі аудандарында - Оңтүстік Африкада, Египетте, Түркияда жүргізді. Орталық Шығыс та бақылаусыз қалмады. Ағылшын үкіметі өзінің тыңшылары Персия мен Түркменияға жіберуді жеделдетті. Онда тыңшыларының көмегімен әскери        саяси бақылауды күшейтті және Ресейге қарсы барлық мұсылмандық билеушілерді мобилизациялауға тырысты. Сол уақытта Дизраэлидің үкіметі Ауғанстанды толығымен бағындыруға дайындық жүргізді. Ол осы жөнінде Ресеймен келісімге келуге талпынды. 1875 жылдың мамыр айында Ресей мен Англияның Германияға қарсы одақтасып шығуы біраз уақытқа осы екі мемлекет арасындағы қарым қатынасының жақсарғаны көрінді. Бірақ, бұл олардың Түркменияда, Персияда және Батыс Қытайда жұмыстарын жүргізуді тоқтатпады.

 Бірақ, келісімге келуді ұсынған ағылшын консервативтік үкіметі Ресеймен келісім ретінде «аралық» база ретіндегі ойынан бас тартты. Ол Ресейге Орталық Азияны бөлісуді үсынды. Жаңа британдық кабинет орыс үкіметіне Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауы жөнінде келісушіліктен бас тартты. Оның орнына 1875 жылдың қазанында ағылшын кабинеті осы мемлекетте еркін іс - қимылдар жүргізетіні жайлы ресми түрде жариялады. Оған Горчаков 1876 жылдың ақпанында жауабын берді. Ол оған ағылшын позициясынан шыққан қорытындымен жауап қайтарды. 1873 жылы

Ауғанстанның шекарасы жөніндегі келісімге қол жеткізгеннен кейін, ол орыс үкіметі үшін бүл келісім жүзеге асырылды және жүзеге асырылуы аяқталды деп шешті. Екі үкімет те осы елдерде еркін іс - қимылдар жүргізуді сақтап, бірақ, өзара қызығушылықтарын назарға алып, сонымен қатар көрші болу жағдайдан аулақ болуды көздеді.

Ресейге қарағанда ағылшын үкіметіне алдына қойған мақсаттарына жету қиынырақ тиді. Дизраэлиді премьер деп жариялағанға дейін өзара жақтыртпаушылыққа қарамастан, Англияның Шер - Әлиге қарым - қатынасы қолдаушы болды. Шер - Әли 60 жылдардың аяғынан Ресейге қарсы Англияға қарағанда жағымды саясатты үстанып, жүргізді. Ол Амударияның оңтүстік жағалауында орнығуы, сонымен қатар, Түркменияға да өзінің ықпалын жүргізуді мақсат етті.

Шер Әли ағылшындардан ақша алмай, олардың талаптарын орындамай, ағылшын үкіметімен байланыс орнатты. Бірақ, бұл байланыс Англияға бағынудан кұтқарып қалуды көздеді. 1873 жылдың шілде айында Үндістанның Симл қаласында ағылшын - ауған конференциясы болып өтті. Әмірдің атынан Сеид Нур - Мухаммедхан шығып, таныстырды. Ол Англиядан әмірдің династиясын мойындауын, ақшалай, қару - - жарақпен көмек көрсетуін, сонымен қатар Сеистандағы ауған - парсылық шекара жөніндегі мәселені шешуді талап етті. Ағылшын өкілдері Герат пен Кандагарда ағылшын резиденттерін енгізуді ауғандардан талап етті.

Әмірге өзінің тыңшыларын қосу Ауғанстанмен қарым қатынаста ағылшын дипломатиясы үшін негізгі мәселе болды. Орталық әлсіз билігі бар феодалдық мемлекетте британдық резиденттердің пайда болуы ауған мемлекетінің ішкі құлдырауына және ауған мемлекеттерін иемденуге әкелетін бірнеше қадам болар еді. Англия мен Ауғанстан арасындағы келесі келіссөздер осы ағылшын резиденттері мен онда орталық орынға ие болу жөніндегі мәселелер жөнінде жүрді.   

Симлде ауғандардың осы ағылшын талаптарын орындаудан бас тартуы ағылшын ауған қарым қатынастарының бұзылуына әкелді. Ағылшын үкіметі енді әмірге қарсы қозғалысты бастады.

Әмір ағылшындарға қарсы өзінің шараларын қолданды. Ол 1874 жылы өзінің кіші үлы Абдул - ханды мұрагері деп жариялады.

1876 жылдың сәуір айында вице - корольдің орнына таққа Дизраэлидің жолын қуушы лорд Литтон отырды. Үндістанға сапарының алдында ол үкіметтен нұсқаулар алды. Ол Англия Ауғанстанды қорғайды және көмек береді, сонымен қатар әмірдің мұрагерін мойындағаны жөнінде әмірді көндіреді. Бірақ, ол үшін Англия ауған шекарасында болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды біліп отыруы қажет деген мәлімдемені айтады. Сол үшін барлык маңызды жерлерге ағылшын офицерлерін енгізу қажет болды. Осы уақытта ағылшын үкіметі Мейменді және Ауғанстанның солтүстік - батыс шекараларындағы басқа да түркмендік хандықтарды жаулауда әмірге өз ықпалын жүргізді. Орыс әскери биліктің мәлімдемесі бойынша, ол жерлерге ауған әскерінің тең жартысы жіберілген болатын.

1876 жылдың мамыр айында Литтон әмірден Кабулда ағышлын елшілігін қабылдауды талап етті.

Шер - Әли өзінің астанасында вице — корольдің елшілігін қабылдаудан бас тартты. Ол мемлекетке ағылшын резиденттерін енгізу - елде қозғалыстар мен қақтығыстарды туындатанынын және бұл жағдай мемлекеттің тәуелсіздік алуы мен әмірдің билігіне кедергі келтіретінін білген. Бірақ, Шер - Әли үнділік территорияда келіссөздер жүргізуге өзінің келісімін берді. Келіссөздер Пешаварда жүргізілетіні жайлы шарт қойылды. Сол жерге ауғандық әмірдің өкілі Нур - Мухаммед келді.

 Келіссөздер 1877 жылдың қаңтар айында ашылды. Келіссөзде әмірдің өкілі Англияның Ауғанстан істеріне араласпауы жөнінде көптеген наразылыгын білдірді. Келіссөздер ағылшын үкіметінің мақсаты Ауғанстанды өзіне бағындару: басқа шетел мемлекеттерімен ешқандай қарым - қатынас орнатудан бас тартқызу, ағылшын офицер - резиденттерін мемлекеттің шекаралары мен басты орталық жерлеріне енгізу екендігін көрсетті. Соңғы айтылған мақсаты тек әмірге ғана қарсы іс жүргізуді емес, сонымен қатар Бұқар мен Түркменияға енуді көздеді. Шер   -   Әли   ағылшын   талаптарынан   тағы   бас   тартты.   Ол   Нур Мухаммед арқылы ағылшындарға талабын орындағанша, өлгенім артық деп жариялады. Вице - король жауапты ауыр тонмен қайтарды. Сонымен қатар, ол келесі келіссөздердің нәтижесіз екендігін айтты.


Персиядағы ағылшын - орыс қақтығыстары

 

Ресей мен Англияның Персиядағы саясаты мен олардың осы елде ықпалы мен билігін жүргізу үлкен мәнге ие болды. Ағылшын отарлаушылары үшін Персия Үндістанға батыс жолмен енетін басты аудан болды.

Ағылшын билеушілері үшін стратегиялық мәнді Персия бұғазы алды. Бұл бұғаз отарлаушыларды су - әскери күшіне сүйене отырып солтүстікке қарай өтуге жол ашады. Персия бұғазының батыс жағалауындағы араб шейхтерінің көп бөлігі Англияның ұстауында болды.

Бұғазда үнемі британдық әскери флотының кемелері жүрді. Англияның осы аймақтағы позициясы Оңтүстік Персияның көшленді тайпаларының билеушілерімен ағылшын консулының тығыз байланысы нәтижесінде нығайды. Түркияда Англия Шат - эль - Арабта, Тигрда және Ефратта өзінің ықпалын жүргізді.

Персия арқылы ағылшындар Лондон мен Калькуттаны байланыстыратын үнді еуропалық телеграфты орнатты. Бұл шах үкіметінен алынған концессия негізінде жүзеге асырылды. 1863 жылы Парсы бұғазының жағалауындағы Бендер - Буширға дейін парсылық - түрік шекарасындағы Ханекиннен бастап телеграфты орнату жөніндегі концессия берілді. Осы пункттен Үндістанға дейін су асты кабелі жүргізілді. 1867 жылы ағылшын үкіметі Ресей мен Пруссиядан олардың территориялары арқылы Үндістанға телеграфты жүргізу үшін келісімін алды. 1870 жылы ағылшындар шахтан орыс шекарасынан парсылық территорияға дейін үнді - еуропалық телеграфты жүргізу жөніндегі ұсынысты концессияны алды. Оңтүстік Персия аймағындағы телеграфтарды қорғау ағылшын үкіметі мен Үндістандағы ағылшын отарлаушы билікке сылтаусыз Персияға кіріп тұруына мүмкіндік берді. Бұл Англияның осы елдегі позициясын күшейткен болатын.

Персия Англия үшін стратегиялық мәнге ие болды. Англия Персияны Ресейге  қарсы  әскери  қимылдарды  жүргізетін  және  Түркменияда өзінің қимылдарын жүргізетін плацдарм ретінде қарады. Бір жағынан парсылық Әзербайжан, ал екінші жағынан Хорасан маңызды болды. Бірақ, бүл парсылық провинцияларда, әсіресе Әзербайжанда Персияның оңтүстік аудандарына қарағанда Англияның билігі мен ықпалы тым әлсіз және оны орнықтыру жүзеге асырылмады.

1870 - 1871 жылдар аралығында генерал Гольдсмиттің басшылығымен ағылшын миссиясы қарулы қатардың шығарымымен Оңтүстік Белуджистанда өзінің жүмыстарын жүргізді. Бұл аудан Персия мен Келат арасында бөлініп алынған болатын.

1872 жылы Гольдсмиттің миссиясы Сеистанда шекараны бөлісуді жүргізуге кірісті. Гольдсмит Гильменд өзені бойынша Сеистндтың солтүстік бөлігінде шекараны бөлісуді жүргізді, одан кейін Банди - Сеистаннан Кух -и - Малик - и - Сиахқа дейінгі жерлерінің оңтүстігіне қарай жүргізді. Шекараны демаркациялау Ауғанстан мен Персия арасындағы қақтығысты тудырды. Бірақ, осындай жағдайды ағылшын отарлаушылары күткен болатын. Ауғанстан өз иелігіндегі жерлерін британдықтар Персияға қарай жүгіндірді. Ауғандар Персияға берілген жерлерге қызғана қарады, ал Персия өз кезегінде ауғандардың сулы жерлеріне қызыға қарады. Парсылардың Гильменд өзеніне жіберілуіне ауған жағы қарсы болды.

Сонымен қатар, Персияда патшалық Ресейдің өз қызығушылығы болды. Орыс капитализмі үшін бұл ел шикізат көзі ретінде қызығушылығын тудырды. Персияға орыс экспорты тез қарқынмен өсе бастады. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Ресеймен сауда көлемі Персияның тауар айналымының жартысына тең болды. Англия өзінің тауарын Персияға импортқа көп мөлшермен жіберді, бірақ ол жақтан көп тауар экетпеді, ал Ресеймен сауда екі жақты болды. Яғни, Персиядан Ресейге тауар жеткізу, Ресейден Персияға тауар жіберуден әлдеқайда көп болды. Осындай орыс парсы тауар байланыстары арқылы Персияда орыс ықпалының өсуіне әкелді. Парсылық буржуазия мен помещиктер орыс рыногын бағалады.

Персия орыс үкіметі үшін Ресеймен шекаралас жатқанынан стратегиялық жағынан маңызды болды. Егер Ресей қандай да болмасын бір елдермен өзінің шекарасының басқа бөліктерінде соғыс немесе қандай да болмасын қақтығыстар туындататьш болса немесе саяси қиындықтарға жүгінсе, орыс ықпалының деңгейіне, орыс - парсы қатынастарына қарамастан, Персия Закавказьеде Ресейге шабуыл кезінде плацдарм немесе Ресейге қауіпсіздік беретін ел болады.

Орыс парсы қатынастары үшін шекаралык сұрақтар жөнінде Түркиямен үнемі қақтыгыста болған Персия үкіметі маңызды болды. 70 жылдарда орыс - түрік қатынастарының жақсаруы, Ресей мен Персияға қарсы Осман империясы қарсылық көрсете алды.

Закавказьеде біршама әскери күшке ие болған патша үкіметі Персияға қысым көрсете алды. Персияның орыстардан экономикалық жағынан тәуелді болуы, Ресейдің осы елде ықпал жүргізу саясатын үлғайтты.

90 - жылдардың соңына дейін Персиядағы жалғыз қарсылас ел болып, Ресей мен Англия саналды. ХІХ ғасырдың басында француздардың ықпалы енді мүлдем азайып, әлсіреді. 70 - 80 жылдардың аралығында Германияның Персияға ықпалы әлі жүрген жоқ. Ағылшын - орыс қарсыластығы соңында осы екі елдің біреуі де Персияны жаулай алмады. Феодалдық шахтық мемлекет ресми түрде отарларға айналмады және де өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Ағылшын орыс қарсыластығы парсы еліне ұлттық мемлекеттілікті жоғалтып алуынан сақтап қалды.

Сонда да, ХІХ ғасырдың аяғында Персия еуропалық капитализмнің жартылай отарына айналды. Наср Эд - Дин шах билеуші болды. Ресми түрде шах тәуелсіздікті үлкен күшпен сақтап қалды.


Англияның Египетке қарсы қақтығысы. Рейтер концессиясы

 

1874 жылы билікке партияның консерваторлар үкіметінің лидері Дизраэли келеді. Ол агрессия мен отарлауға басты назарын аударды. Бұрын Жерорта теңізінің батыс және орталық бөліктерін (Гибралтар, Мальта) жаулап алған позицияларына сенген ағылшын консервативті үкіметі Жерорта теңізінің шығыс бөліктерін жаулауға талпынды.

Египет билеушісі Саид өлімінен кейін Англия өзінің қызығушылығы пайдасына оның жолын қуушы хедив Исмаилды пайдалануды ойластырды. Соңғысы Суэц каналы концессиясының жағдайын жақсартуға талпынды. Ол жұмысшы күшін әкелуді тоқтатқысы келді, қосымша каналды қайтаруды ойластырды. Себебі, бұл Египетке өз зиянын тигізді. Бірақ, Суэц каналының компаниясы Исмаилдың қимылдарын жүргізбеді. Нәтижесінде, III Наполеонның арбитражы Египетке қосымша каналды қайтарды, бірақ оның қайтарылуына және жүмысшы күшінің әкелуіне қарсылық білдірген Египет үкіметі 3,5 миллион фунт- стерлингті төлеуге мәжбүр болды. Бұл төлемақы Суэц каналының бағасының төртінші бөлігін құрайды.

1869 жылдың 17 қарашасында Суэц каналының ашылуы салтанатты түрде жүреді.

Каналды салуда Египет үкіметі барлығы 11,5 миллион фунт - стерлингті жұмсайды. Шетел акционерлері бар болғаны 4,5 миллион фунт - стерлингті қосқан болатын. Үлкен шығын Египет экономикалық әлсіреуіне септІгін тигізді, осының нәтижесінде ол еуропалық банкирлерден займ алуға мәжбүр болды. 1873 жылы қыркүйекте дейін пайыз көлемін жабу нәтижесінде 6 миллион фунт - стерлингті жүмсайды. Бұл уақытқа дейін Египеттің қазынасы бос болды. Ол шетел банкирлерінен көмек сұрауға мәжбүр болды, бұл жағдайды Англия өз пайдасына қолданды.

Англия Үндістанға барар негізгі, басты жол ретінде Египет пен Суэц каналының стратегиялық жағдайын ескерді. Египет Англия үшін мақта базасы болды.

1864 - 1873 жылдар аралығында ағылшын банкирлері египет үкіметіне үлкен пайызбен төрт ірі займды ұсынды. Бұл займ 52,5 миллион фунт - стерлингті құрады. Оның 35 миллион фунт стерлингін ғана Египет төлей алды, ал қалғаны ағылшын қаржыгерлерінің комиссионныйына қалды. 1876 жылға дейін Египеттің қарызы 80 миллион фунт - стерлингке дейін жетті.

1874 жылы Египеттің жағдайы күйзелісті болды. Египеттік қазынаның толығымен банкротқа ұшырауын болдырмау мақсатында, хедив Исмаил Египетке қарасты канал акциясын сатуға мәжбүр болды. Египеттің 172 мың акциясын Англия не бары 4 миллион фунт - стерлингке сатып алды.

1874 жылдың 26 қарашасында барлық египеттік акциялар Каирдегі британдық елшілікке, одан ары Лондонға жіберіледі.

Осы келісімнің нәтижесінде каналдағы бақылау толығымен Англияның қоластына көшті. Суэц каналы Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі ең басты стратегиялық позиция және де Үндістанға баратын жолдардың ең қысқасы болып табылады. Ал, Египет ресми түрде ағылшын отарына айналды.

1876 жылы Англия және басқа да державалар Египеттің банкрот екенін және шетел державаларының қолына көшуі жөнінде ресми түрде жариялады. Англияның мақсаты, Египетті толығымен жаулау болды. Ағылшын отарлаушылары Египетті жаулау, тек Африканы одан әрі экспансиялаудың бірінші қадамы екенін хабарлады.

Египетте өзінің беделі мен билігін нығайтқаннан кейін, Англия енді өзіне Түркияны бағындыруды мақсат етті. Осылайша, өзіне Кипр аралын бағындыруды көздеді.

Дизраэли үкіметі орыс түрік қақтығысының басталуын көздеді. Осылайша, әлсіреген Түркиядан Кипрды жаулауға келісімін алып, Константинопольді «Англияның қорғауындағы еркін портқа» айналдыруды көздеді. Ресейдің Балқандағы беделінің нығаюынан қорыққан ағылшын үкіметі Ресейдің балқан қалаларына көмек беруіне қарсылығын білдірді.

1877                -1878   жылдар   аралығында   орыс        түрік   соғысыныңбасталуынан кейін, Түркия жеңілген сайын, Англия Австрияның Ресейгесоққы   беруіне   септігін   тигізуді   көздеді.    Түріктердің   суына   ағылшын эскадрасы жіберілді. Бұл эскадра Дарданелладан өтіп, Принциптік аралда тоқтады. Осылайша, олар Константинопльге орыс әскерінің енуін тоқтатуды көздеді.

1878                жылдың  4  маусым  айында Ресейге  қарсы   ағылшын  - түрік келісіміне қол қойылды. Осы келісім бойынша, Англия Кипрді жаулады және Кіші Азиядағы түрік саясатына бақылау орнату құқығына ие болды.

ХІХ ғасырдың аяғында Англия Азияның жаңа мемлекеттердің көмегімен өзінің отарлы иеліктерін кеңейтуді жүзеге асырушы жаңа қадамдарды бастады.

Азия мемлекеттеріне жаңа шабуыл 1875 - 1876 жылдар аралығында Үндістанға Уэльстік принцтің салтанатты түрде келуі болды. Осыдан кейін парламент Дизраэлидің үсынысы бойынша, Виктория ханымның басқа титулдарымен бірге Үндістанның Ханымы титулын беруді қабылдады. 1877 жылдың 1 қаңтарында Делиде ағылшын ханымы Викторияның Ундістанның ханымы титулын алуы салтанатты түрде жүрді.

1874 жылы ағылшын отарлаушылары Малайда өзінің позицияларын орнатты. ХІХ ғасырдың басында Джохор патшалығындағы династияның қақтығысты отарлаушылар өз пайдасына қолданды. Отарлаушылар жергілікті сұлтанның Англияға Сингапур аралын беруге мәжбүр болды. Кейін, бұл жер Оңтүстік - Шығыс Азияның әскери базасына айналды. 1885 -1895 жылдар аралығындағы кейінгі қақтығыстар Малайды ағылшын отарына айналдырды.

Азияда ағылшын буржуазиясы сонымен қатар, Ауғанстанды да жаулауға талпынды.

60- жылдардың соңында Англия мен Ресей арасында Ауғанстанды бейтарап мемлекет ретінде сақтау жөніндегі келісім жүзеге асырылды. Бірақ, ағылшын үкіметі келісімнің бұл үстанымдарын орындамады. Керісінше,

Ауғанстанды Ресейге қарсы қақтығыстағы база ретінде айналдыруға талпынды. Бұл Шығыстағы ағылшын - орыс қатынастарында қақтығыстар туғызды.

1877 жылы Дизраэли үкіметі бурлармен соғысты бастады. Бірақ, ағылшын әскері өте қатты қарсылықпен кездесті. Бұл Трансваальдің ағылшын иелІктеріне кіру жолын үзді.

1879 - 1880 жылдар аралығында ағылшын жаулаушылары зулустерге қарсы әскери қимылдарды бастады.

Бірақ, бұл отарлаушы қимылдар жүзеге асырылмады жэне 1880 жылдың сәуіріндегі парламенттік сайлауда жеңісті либералдар иемденді. Өзінің үкіметін Гладстон басшылығымен қайта құрды (1880 — 1885 жылдар аралығындағы екінші министрлік).

1872 жылы ағылшын капиталистері Персияға, оны толығымен бағындару мақсатымен шабуыл жасады. Лондон қаржылық олигархиясының өкілі, әлемге танымал телеграфты тыңшылықтың басшысы, банкир Ю. Рейтер шах үкіметінен концессия беруді сұрады. Оның сұранысы жүзеге асқаннан кейін, Рейтер елдің басты экономикалық салаларында жағымды жағдайды иемдене алдаы. Рейтердің жұмыстарын жүргізуде, оған Англиядағы парсы елшісі Муксихан көмек беріп отырды. Рейтерге концессия берілу жұмысының көптеген жақтары құпия болды. Орыс дипломаттарының ойынша, ағылшындар Хуссейн - ханға - 60 мың туман, ал Муксиханға - 30 мың туман төленген. Сонымен қатар, ағылшын үкіметі мен оның Тегерандағы миссиясы үлкен колдау мен тірек болды. Қолдау өте қажырлы бірақ, құпия түрде беріліп, жүргізілді. Ағылшын үкіметі Рейтерге тек, «өнегелі» түрде ғана көмек беретінін ресми түрде жариялады.

Нәтижесінде, Рейтер шахтан келісімді алуға қолын жеткізді. Осы концессионды келісімнің мазмұны төмендеі негізгі белгілерге тән келеді.

Парсы үкіметі Рейтерге Лондонда компания немесе бірнеше компанияларды Персияның территориясында «концессияның басты мақсатына сай, қоғамдық - пайдалы жұмыстар» жүргізу үшін ұстаным берді.

Ең біріншіден, Рейтерге немесе дәлірек айтқанда, ұйымдастырылған компанияға Каспий теңізінен Парсы бүғазына дейінгі темір жол құрылысына 70 жыл көлемінде кұкық берілді сонымен бірге, басқа да «Еуропа мен Үндістанға» дейінгі темір жолдармен қосылуға құқықты болды. Бұл концессиондық келісімнің осы шарты Рейтерге Персияда жалғыз өзі темір жол салуына толығымен жол ашылды. Рейтер трамвай жолын салуға да толығымен құқылы болды.

Парсы үкіметі концессионерге темір жол салуға және басқа да құрылыстарға қажетті жерлерді беруге мәжбүр болды. Ол концессионерге жеке жер иеленушілердің жерлерін зорлық экспропирация көмегімен алып беруге мәжбүр болды. Құрылыс материалдары мен басқа да кұрылысқа қажетті материалдарды алуда концессионерге бірқатар жеңілдіктер берілді. Ол салық төлеуден босатылды және материалдар мен басқа қажеттіліктерді әкеліп жеткізуде баж салығын төлеуден босатылды.

Сонымен бірге, Рейтер мен оның әріптестеріне осы берілген 70 жыл көлемінде бүкіл парсы мемлекетінің территориясындағы таскөмір шахталарын, темір кендерін, мыс, қорғасын, мұнай кендерін жэне басқа да шахталарды иемденуге рұқсат берілді.

Парсы үкіметі концессионерлерден жыл сайын темір жолдарының кірісінен 20 пайызын, ал шахталар мен кендердің кірісінен 15 пайыз төлем алып отырды.

Концессионер Персияның барлық территориясында суландыратын жұмыстар жүргізуге толығымен қүқылы болды. Ол өзеннің ағысын бұзуға, бөгеттер салуға, құдықтар, каналдар мен су қоймаларын салуға құқылы болды.

Рейтерге сонымен қатар, бүкіл Персиядағы мемлекеттік тоғайларды пайдалану құқығы берілді.

Осыған қосымша, парсы үкіметі Рейтердің салынған капиталының үстіне жылдық кіріс 5 пайыз беруге, оған қосымша, амортизациясына 2 пайыз төлеуге кепілдік берді. Бұл кепілдік шахталардан, судан, тоғайлар мен парсы мемлекетінің кеденінен түсетін төлемдермен қамтамасыз етілді. Кепілдік Рейтер Каспий жағалауындағы Рештадан Исфаганиге дейінгі жерлерде темір жол қүрылысын аяқтағаннан кейін өз күшіне енді.

Бұл тәуелділік келісімі 1872 жылдың 25 шілде күні қол қойылды, шах оны бекітті. Парсы үкіметі бұл келісімді ұзақ уақыт бойы құпиялықта сақтады.

Егер Рейтердің концессиясы жүзеге асырылатын болса, онда Персия толығымен Англияның отарына айналар еді. Елдің бүкіл экономикалық дамуы толығымен ағылшын капиталына беріліп, толығымен тәуелді болар еді.

Концессия иран халқының наразылығын тудырды. Егер концессионды келісімге деген халықаралық - дипломатиялық реакцияны айтар болсақ, онда шешуші позиция Патшалық Ресейдің қолында болды. Орыс үкіметі шахтың осы актына өз наразылығын білдірді.

Рейтердің концессиясы Персиямен сауда қызығушылығы бар орыс буржуазиясына үлкен зиянмен қауіп төндірді. Мысалы, осындай ұсыныс берілді, Рейтерге темір жол қүрылысына қажетті материалдарды әкелуге кедергі келтіру. Себебі, Рештаға құрылысқа қажетті материалдарды еш қиындықсыз тек орыс территориясынан өткізу ғана мүмкін болды.

1873 жылдың көктем айында шах Еуропаға, одан кейін мамыр айында Петербургке сапарға шықты. Горчаков, орыс үкіметінің шахтың концессионды келісімнің келісуіне қатты наразы екенін білдірді. Орыс үкіметі Наср Эд - Динге осы концессионды келісім әлі сақталатын болса, онда Персияның Ресеймен қарым қатынасында қиындықтар туатыны жөнінде хабарлады. Шах бұл жағдайдан сескеніп, Рейтермен келісімді үзетіні жөнінде кепілдік берді.

Шах Рейтермен келісімді үзді. Себебі, Рейтер, келісім бойынша берілген 15 ай көлемінде темір жол құрылысын уақытында аяқтай алмады. 1873 жылдың 23 қазан күні шахтың бұйрығымен Хуссейн - хан мырза телефон арқылы Рейтермен келісілген концессияны үзетіні жайлы хабар берді. Бұл кең таралмаған келісімнің үзілгендігі жайлы бүкіл халыққа 28 қазан күні «Иран» газетінде жарияланды.

Рейтер концессияның үзілгеніне қарсылығын білдіріп, Тегерандағы ағылшын миссиясына сүйеніп, компенсация төлеуді талап етті.

Рейтердің концессиясын үзгеннен кейін, орыс үкіметі темір жол құрылысын өз қолына алуға тырысты. 1874 жылдың 1 қаңтар күні Горчаковтың басшылығымен осы мәселе бойынша Ерекше жиналыс өткізілді. Жиналыста темір жолды Тифлистаннан Тебризге дейін салу ыңғайлы әрі пайдалы деп шешілді. Жиналыстың мақсаты бойынша, парсы үкіметі парсы территорияларынан өтетін жолдың жалпы құнына 6 - 7 пайыз жылдық төлеуге кепілдік берді, ал орыс үкіметі қажетті капиталмен қамтамасыз етеді.

Егер бұл жоба жүзеге асырылса, Солтүстік Иранда орыс саудасының иелігі нығаяр еді. Ресейдің стратегиялық позициясы күшейе түсер еді.

1874 жылдың күзінде шах бұл ұсыныстан бас тартты. Біраз жылдардан кейін, орыс үкіметі тағы бір сәтті жағдайға ие болды. 1878 жылы Тегеранда шах әскерінің көтеріліссі басталды. Сескенген шах патшалық үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр болды.

Бұл өтінішті Петербургте қабылдады. 1879 жылы Тегеранға көмек келді. Жасақ шахты оның халқынан қорғауы кере болды, сонымен қатар парсылардан офицерлік мамандарды дайындап шығару болды. Осылайша, орыс жасағы Персияда орыс ықпалының жүргізілуіне қосымша септігін тигізді.


Ақпарат көзі: www.temakosan.net 

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықа
Просмотров: 748 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar