Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Өтпелі кезең экономикасы - Қазақша реферат
05.02.2014, 22:05
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ЭКОНОМИКАСЫ – 1) экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Ө. к. э-ның біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән ин-ттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар. Ө. к. э-ның толғағы жеткен кезеңде ескі ин-ттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа ин-ттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэконон. және микроэкон. заңдылықтар мен үрдістер, әлеум. және саяси өзгерістер қалыптасып, экон. саясаттың жаңа міндеттері туындайды. 2) Экон. ғыл. пән (транзитология). Ол экон. транформация мәселелерін, әлеум.-экон. жүйенің бір күйінен екіншісіне өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасын зерттейді. 20 ғ-дың аяғы – 21 ғ-дың басында тарихи себептерге байланысты соц. жүйедегі елдердің нарықтық экономикаға өту мәселелерін транзитолог-ғалымдар саяси, әлеум.-мәдени, т.б. аспектілермен тығыз байланыста қарастырды. Шындығында, Ө. к. э. ғыл. пән ретінде 20 ғ-дың басында пайда болды, алайда ол әуелі маркстік әдебиетте көрініс тауып, онда экон. құрылыстан екінші құрылысқа ауысу мүмкіндігі және оның болмай қоймайтындығы туралы мәселе алғаш рет қозғалды. Кеңестік кезеңде шыққан еңбектердің көбінде тоталитарлық қоғамға тән тұрпайылықтың, қасаң қағидалықтың табы табиғи түрде байқалды. 20 ғ-дың аяғында экон. және саяси өмірдің тоталдық мемлекеттенген жүйеден нарықтық демократия негіздеріне өту мәселелері пайда болды. Соц. жүйе 1989 – 91 ж. күйреді. Алайда алдағы уақытта кеңестік жүйенің күйрейтін мәселесі талқылана қойған жоқ. Қазіргі түрдегі транзитологияның қалыптасуында елдің өз ішіндегі бірқатар әдебиетте 60 – 70-жылдар бойына нарықтық қатынастардың қолданылуы аясын кеңейту жолымен шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерінің ("Нарықтық социализм”, "Шаруашылық тетікті жетілдіру теориясы”) қозғала бастауы белгілі дәрежеде дайындық рөлін атқарды. Коммунизмнің күйреуіне байланысты көкейтесті мәселелерге айналған әлеум.-экон. мәселелерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ырықтандыру және макроэкон. тұрақтандыру мәселелері. Жүйенің дағдарысы көп елдерде қаржы-бюджет дағдарысымен тұспа-тұс келді және нарықтық баға белгіленіміне көшу міндеттері шын мәнінде инфляцияны тоқтату мәселесінің екінші жағы болып шықты. Екіншіден, ин-ттық мәселелер, яғни "жалпы халықтық” монополизмнің қираған күресінде жеке меншік қатынастардың дамыған жүйесін қалыптастыру керек болады. Үшіншіден, экон. өрлеу мүмкіндігі мен келешегі дербес мәселе күйінде қалды. Транзитология мәселелерінің осы аталмыш топтары бойынша кейінгі жылдары теор. талдау және экон.-матем. үлгі жасау аясында да, тәжірибелік байқаулар жүргізу және практик. тәжірибені қорытындылау аясында да елеулі ғыл. жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер Ө. к. э. жөніндегі ұсыныстарды үкіметтер мен халық баламалы түрде қабылдаған елдерде көбінесе экон. саясаттың және бұрынғы коммунистік трансформацияның қалыптасуына септігін тигізді. 
С. Рахымжанұлы 
 
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1161 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar