Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Теміртау қаласы
26.04.2013, 11:28
Теміртау - қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т. б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.
Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.

Қала туралы

Теміртау – облысқа бағынышты қала. Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан. Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1 қа-занда құрылған. Қала мен оның өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.

Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін аяқталды.

1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді. Соғыстың қиын жылдарында, ССРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық завод салу туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия заводы жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарына қосылды. Қалада 30 мыңнан астам адам дене шынықтыру және спортпен айналысады. 2005 жылы «Миттал Стил Теміртау» жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінде баскетболға, волейболға, мини-футболға және гандболға арналған ойын залы, бокс пен күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдар, біріктірілген 2 кіші зал жұмыс істейді. Жаттығу үшін нысанда арнайы жабдықталған зал жұмыс істейді.Үлкен залда көрермендер үшін 200 орындық қойылған. Спорт кешенінде су себезгі және киім шешетін орын жұмыс істейді. Спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін қалыпқа келтіру орталығы жұмыс істейді.

2008 жылы Мұз сарайының үш жыл тоқтап тұрған тоңазтқыш жабдықтарына жөндеу жүргізіліп, 2008 жылы 4 қазанда салтанатты ашылып, хоккеймен, коньки тебумен, спорттық бимен және жалпы дене шынықтырумен айналысатындарға пайдалануға берілді. 2010 жылы 300 млн. теңгеге Мұз Сарайын жөндеудің 1-кезеңі жүргізілді, оның 200 млн. теңгесі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен жасалған Меморандум бойынша төленсе, 100 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Қалада спорт ізбасарларын дайындау және өсіп келе жатқан ұрпақты сауықтыру мақсатында облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі, спорттың есу түрлері бойынша олимпия ізбасарларын дайындайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың филиалы жұмыс істейді. Спорттың он түрі бойынша облыстық спорт мектептерінің бөлімшелері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 2838 оқушы спортпен айналысады.
«Жол картасы - 2009» Республикалық бағдарламасына сәйкес 2009 жылы спорттық нысандарға, атап айтқанда, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, «Строитель» стадионына, ату тирына және БЖСМ-нің ауыр атлетика залына, спорттың есу түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар» жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтау кентінің спорт Үйі пайдалануға берілді.

2010 жылы қалалық деңгейде 69 көпшілік-спорт шаралары өткізілді, оған 11435 адам қатысты. Қаланың құрама командалары облыстық деңгейдегі 21 жарысқа және республиклық ауқымдағы 5 турнирге қатысты. Біздің спортшыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Теміртау қаласы мәлімет, Теміртау қаласы реферат, Теміртау қаласы ақрапат, Теміртау қаласы
Просмотров: 2140 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar