Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Төлеген Айбергенов
10.03.2013, 18:11

Төлеген Айбергенов

(1937-1967)

Дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 3 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған.

Ташкентпедагогикалық институтын бітірген (1959)1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағыжанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Өлеңдері республикалықбаспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдірмахаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты ұжымдықжинақта басылды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелгенпоэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. «Ақерке Жайық» «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.

ҚазақстанЛенин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974 жылы, қайтыс болғаннан кейін). 1997 жылы ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен»атты естелік кітап, 2001 жылы «Бір тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді. Жастарға арналған Т. Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.

Поэзияда оны Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындар ұстаз тұтты.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Төлеген Айбергенов
Просмотров: 4523 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar