Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Шелпек, Бауырсақ, Ақ бауырсақ, Әлме, Бидай көже ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
03.01.2014, 16:05

Шелпек – майға қуырылып пісіретін, шай дастарханына қойылады. Қамыр бауырсаққа дайындалғандай етіп ашытылады. Дайын қамырды дөңгелектеп жайып қазанға не табаға қыздырылған майға салып пісіреді.

Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарханға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты ұннан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да пісіруге болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашылған баурысқ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп кесіп  формаға келтіреміз. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса біркелкі болып дайындалады. От қатты жансы бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де дәмді болады.

Ашыған қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қояды.

Ашытқы көпіршіктеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі.

Ашытқан қамырды есіп, жұқалап жаяды да, біркелкі етіп кеседі. Содан соң қызып тұрған майға салып пісіреді.

Ақ бауырсақ – ең жоғары сұрыптағы ұннан май құйып, құйрық майға қуырады. Көлемі өріктің үлкендігіндей болады. Ақ бауырсақты сүт пен майға сорпаға немесе жұмыртқа қосып илеп дайындауға болады.

Әлме – балалар мен қарт адамдар үшін әзірленеді. Жылы суға қантты езіп әзірлеп қояды да, табаға май салып қыздырады. Май қызған кезде отын басып, оған біртіндеп ұн сеуіп қасықпен арластырып тұрады. Ұнды арластырғанда қою болып кетсеәлме дәмсіз болады. Ұн қоңырланып қуырылған соң (2-3 минут қуырылады) қант езілген су құйылады, тағы да 3-4 минут қайнаған соң жаңағы сұйық түрдегі қуырылған ұн қоюланып, майы шетке шығады, сонда әлме жеуге дайын болады.

Бидай көже – бидайды шаң-тозаңнан тазартып, аздап су сеуіп, келігге салады да, түктеп кебегінен ажыратады. Кебегін желпіп кептіру үшін түктелген бидайды 10-15 минут кептіріп, астауға салып желпіп кебегінен тазартады. Біраз қайнаған соң қазанның қақпағын жауып, 30-40 минут бұқтырып қояды. Содан кейін көженің піскен-піспегенін тұзын тастап қарап, тағы бір қайнатады. Піскен көже қатық-айран, сүт қосып ішуге болады. Ашытқан көжеге: 300 г жаншылған бидай, 1 л су, 1 шай қасық тұз, 1 л айран, іркіт, қатық керек.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1798 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar