Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Шәкерім Құдайбердіұлы реферат
19.01.2014, 16:27
Шәкерім Құдайбердіұлы реферат
25.07.2013, 11:33
Шәкерім Құдайбердіұлы рефератШәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931)

Шәкәрім Құдайбердиев – қазақ халқының аса көрнекті ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ақын, жазушы,философ,тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр –сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде. Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады.Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкерімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім».Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Шәкәрім заманында қазақ арасында аса білімдар адамдардың бірі болады. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, "Қалқаман-Мамыр","Еңлік-Кебек","Нартайлақ -Айсұлу" сияқты оқиғалы дастандар, "Әділ-Мәрия" романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер,сазды әндер туды.
1911 ж."Түрік, қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі",1912 ж. Семей қаласындағы "Жәрдем" баспасынан "Қазақ айнасы", "Қалқаман-Мамыр", "Жолсыз жаза яки кез болған іс", "Еңлік-Кебек","Үш анық", "Мұсылмандық шарты", "Ләйлі-Мәжнүн т.б. шығармалары жарық көрді. "
Оның өлең-жырлары мен дастан, поэмалары жас жеткіншектерді өнер-білімге, адалдыққа, кісілікке тәрбиелейді.
Сен ғылымға...
Сен ғылымға болсаң ынтық
Бұл сөзімді әбден ұқ
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.

Өнерінді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай.
Өкініші кетпес оның,
Өз бойында босқа өлер.

Қай ғылымды білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер.

Адамдық – борышың
Адамдық – борышың
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай.
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
«Алмас қылыш жатпайды қын
Категория: Барлық реферат | Добавил: MasterSun | Теги: Шәкерім Құдайбердіұлы реферат
Просмотров: 1322 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar