Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Сүт тағамдары РЕФЕРАТ
03.01.2014, 16:09

Шұбат түйе сүтінен әзірленеді. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымызды ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берердің алдында аздап шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды.

Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшрпғын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.

Сүт – төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп бөлінеді. Сиыр, қой-ешкі сүтін пісіріп ішуге, айран, қатық ұйытып ішуге де болады. Ал, жылқы сүтінен қымыз ашытса, түйе сүтінен шұбат жасайды. Сондықтан сүтті құрт, ірімшік, қатық, айран сияқты сан алуан тағам түрлерін жасайды.

Уыз – жаңа төлденген  малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» болып екіге бөлінеді. «Сары уыз» қою әрі желім сияқты жабысқақ болады. «Ақ уыздың» өңі сары уызға қарағанда ақшыл және сұйық болып келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады.

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынбаған сүттен де, қаймағы алынған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1-2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оның бетін ашып, салқын жерге қойып қояды.

Сары май – сиырдың, ешкінің, қойдың сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба, торсықта не ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйыған айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып әбден толған кезде піседі. Іркіттің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі-үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолымен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пыщақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен артылып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолымен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына салынған май. Қозы қарын май – қозының не лақтың қарынына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынға кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілгенмен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзы бар майды жақтырмайтын адамдар майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды сары майды қазанға салып қайнатады. қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасын айырған май» деп атайды.

Балқаймақ – щұңғылдау ыдысқа микі қаймақ не кілегей құйылады. Ол баяужанып жатқан  отқа қойылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіреді. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң қоспаны дастарханға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарханға шаймен бірге беріледі.

1 стақан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер, 1 шай қасық бидай ұны керек.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 2844 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar