Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Сүт өнімінен жасалған ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
03.01.2014, 16:08

Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызы, қаймағы. Кілегей сияр сүтінен алынады. Жаңа сауған сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршықтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшікті де былғауға болады.

Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып, салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақтың қалыңдығы үттің құнарлығына да байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы сиыр мен ешкінің сүтіне қарағанда қаймағы да қалың болады. Қаймағы қалың болуы үшін, сүтті тасытпай бабымен шымырлатып ғана пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін бетіндегі қаймағын қалқып алады. Қаймақты ағаштан, қайыңның тозынан немесе темірден жасалған ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы дәмсіз әрі шандырылып тұрады. Қаймақты езіп  шайға қатса,шайдың дәмі келіп, өңі ашылады. Бидай мен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады.

Қатық – сиырдың, ешкінің, қойдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де, шикі сүттен де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. Ал кілегей алынбаған шикі сүттің бетіне қалың кілегей жиналады. Аса құнарлы сүттен ұйытылған қатықтың қаймағы мен кілегейі қалың болады. Піскен сүттен ұйытылған күйінде де, сүзбе жасайды. Қатықты ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан кейін де сорпаға, көжеге қосса, астың дәмін келтіреді.

Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айранды немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Өте таза, мөлдірі әрі салқын бұлақ немесе сусын қосқан дұрыс. Су қосылған соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айран немесе 1 литр шұбатқа 1 литр су қосу керек. Айран не шұбат ащы болса үстіне құылатын судың да мөлшері өзгереді.

Қойыртпақ – қатық, айран, т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүреді. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да ашуы білінбейді.

Қорықтық (тасқорықтар) – тек қана қой-ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып алған қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі.

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркіте айналып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапқа 1 тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1825 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar