Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Павлодар облысының мәдениеті мен өнері
26.04.2013, 16:33
Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
Кітапханалар
Павлодардың ірі кітапханалары: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арналған облыстық арнайы кітапханасы, П.Васильев атындағы орталық кітапхана, А.Гайдар атындағы балаларға арналған орталық кітапхана, Павлодар қаоласының орталық кітапханалар желісі, Ұлттық кітап кітапханасы, Қазақ әдебиеті кітапханасы және т.б. Облыс бойынша 12 ірі кітапхана бар, олардың арасында Ақсу қаласының орталық кітапханасы,Қазалжар ауылының модельдік кітапханасы /Ақсу қ. АОК/, Береговая ауылының модельдік кітапханасы /Қашырлық АОК/, Ақтоғай ауданының орталық кітапханасы, Мұткенов ауылының модельдік кітапханасы /Ақтоғай АОК/, Шарбақты ауданының орталық кітапханасы, Орлов ауылының модельдік кітапханасы /Шарбақты АОК/, Успен ауданының орталық кітапханасы, Галиц ауылының модельдік кітапханасы /Успен АОК/, Железинка ауданының орталық кітапханасы
 С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана
Облысымыздың бас кітапханасы болып табылатын С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы ерекше орын алуда. Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұзақ даму жолдарын бастан кешірген. Қазіргі таңда, С.Торайғыров атындағы кітапхана еліміздің үздік кітапханаларының бірі саналады. Оның қорында Павлодар облысының ірі білім, ғылыми, көркемөнер және өлкетану әдебиеттері бар. Жыл бойы кітапханада 32 мың адам болып, оларға 900 мың журнал мен кітап даналары беріледі. Бүгінгі күні, кітапхана құрылымы бойынша ақпараттық-кітапнамалық, кітапханалық қызмет көрсету және мәдени-ағартушылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 14 бөлімнен тұрады. 1985 жылдан бері М. А. Жиенбаева кітапхана басшысы болып табылады. ия и культурно-просветительской работы. С 1985 г. главой библиотеки является М. А. Жиенбаева.
Мұражайлар
Потанин атындағы музеі
Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану кітапханасы
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын. 1959 жылы оған Павлодар облысының тумасы, саяхаттаушы, Орталық Азия зерттеушісі – Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражайдың негізін өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев қалаған. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. Мұражай жинағының негізін төмендегідей коллекциялар құрайды: археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотобейне коллекциясы, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару – оқ және суық қару. Дәріс және экскурсиялық жұмыстармен қатар, мұражай республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер презентацияларын ұйымдастырады. Мастер-кластар, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер өткізеді. Тарихи-өлкетану мұражайы жанынан Павлодар өңірін зерттеу мақсатында археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі.
Д. П. Багаев атындағы үй мұражайы
Д.Багаевтың мемориалды үй мұражайы 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Бұл үйде өлкетанушы, Павлодар өңірінің жылнамашысы, Облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, Қазақстан ғана емес, шетелде де әйгілі фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмысын атқарған. Бұл Павлодар қаласындағы жалғыз мемориалды мұражай және Қазақстандағы жалғыз фотограф мұражайы. Мұражай төмендегідей кешеннен тұрады: үш бөлмелі үй, ерекше фотопавильон, қорықша. Мұражай экспозициясында жиырмасыншы ғасыр басындағы шебердің заттары, өткен жылдардағы фотожабдықтау, және, ең маңыздысы, өлкенің тарихын бейнелейтін фотосуреттер. Бұл фотосуреттер тақырыбы өзгертіліп, үнемі көрмеде тұрады. Музей сонымен қатар басқа фотографтардың жұмыстары көрмеге қойылады: Германия, Аргентина, Ресей (Екатеринбург, Новосибирск, Мәскеу) және Қазақстан қалалары — Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен.
М. Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы Үйі
Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы үйі мұражайы Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Мұражай 201 жылы 30 қаңтарда ашылды. Мұражай 2 залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал келушілерді өткен ғасырдың 20-жылдарының танымал әншісі мен сазгері Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. Бұл залдың экспозициясы әншінің өмірлік және шығармашылық жолын сипаттайтын құжаттар мен фотосуреттерден тұрады. Мұражайға келушілерді Майраның жеке заттары ерекше қызықтырады: үлкен пиала, қызыл жібек шапаны. Осы залда Майраның жолын қуған Қазына Сүбекованың 1916 жылғы гармоны да көрмеге қойылған. Осы залда сонымен бірге келушілердің назарын тағы бір ерекше экспонат аудартады. Бұл халықта «контрамарка» деген атқа ие болған үлкен пеш.
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Бұған дейін осындай мұражай тек астанада, Алматы қаласында, Г.Т.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы жұмыс істеген. 1965 жылы 18 желтоқсанда мұражай келушілерге ашылды. Сол кезде қорларда 369 экспонат болатын. 1979 жылы мұражай жаңа ғимаратқа көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы көркем сурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ерекше қорын жинаған. Мұражай қорларында 5500 астам экспонаттар бар. Жыл сайын мұражай 15 астам экспозициялар ұсынады. Оған мұражай қорының дәстүрлі тақырыптық жинақтары, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суретінің көрмелері, алдыңғы қатарлы мұражайлардың жинақтарынан құралған жылжымалы көрмелер жатады. Мұражай өткізетін суретшілермен кездесу, мастер-кластар, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, презентациялар, көркем сурет тарихына шолу жасайтын видеофильмдер қойылымдары аса назарға ие. Мұражай консультациялық-сараптамалық қызмет көрсетеді, қала мен облыс білім беру мекемелеріндегі білім беру бағдарламаларына белсене қатысады. Серіктестер арасында тек Қазақстандық мұражайлық қоғам ғана емес, сонымен бірге Омбы, Новосібір мұражайлары, Британ Кеңесі, Гете Институты, Алматы заманауи шығармашылық орталығы, «Открытый музей» Халықаралық Ассоциациясы, Ресей мұражайларының Ассоциациясы да бар.
Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы
Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы 1992 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы 8 залда орналасқан.
Ақын Павел Васильевтің үй-мұражайы
Үй-мұражайдың салтанатты ашылуы 1994 жылы 23 желтоқсанда, П.Васильевтің туған күніне орай өткізілді. Жаңа мұражай экспонаттарының көп бөлігі Е.А.Вялова, ақынның қызы Н.П.Фурман және ағасы В.Н.Васильев атынан тапсырылды. Келесі жылдары Үй-мұражай қоры тек П.Васильев қана емес, оның замандастарының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беретін құжаттар мен материалдарға тола бастады. Бұл ақпарат ақының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге ықпалын тигізді. Павлодарлықтар Үй-мұражайды «васильевтік қорық» деп атайды, сонымен бірге, мұражайда поэзия сүйетіндерге арнап әдеби-музыкалық кештер, танымал әдебиетшілермен кездсулер, П.Васильев атындағы Әдеби қоғам отырыстары өтеді. Үй-мұражайда АҚШ, Франция, Польша, Белоруссия, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар болды. П.Васильев туындылары көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Г. Н. Шафер Үйі
«Шафер Үйі» - Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар мұражайы. Ол 2001 жылы 21 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, музыкатанушы, И.О.Дунаевский шығармашылығын зерттеуші, сазгер Наум Григорьевич Шафердің бірегей коллекциясы негізінде ашылды. Коллекцияда 25000 грампластинка, 1500 магнитофон жазбасының бобинасы, 1500 аудиокассета бар. Картотекада (сазгерлер мен орындаушылар бойынша жүйеленген) 500 мыңнан астам карточка саналады. Жұма күндері (әр апта сайын) павлодарлық жазушылар, музыканттар, әртістер қатысуымен «Шафер Үйінің» концерттік залында дыбыс жазу кештері мен әдеби-музыкалық кештер өтеді.
Сонымен бірге облыста төмендегідей мұражайлар орналасқан:
Тарихи-өлкетанулық мұражай, Екібастұз қ.
Тарихи-өлкетанулық мұражай, Ақсу қ.
Қ.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражай. Баянауыл а.
Ақын С.Торайғыров атындағы мұражай, Торайғыр а.
Шарбақты аудандық тарихи-өлкетанулық мұражай, Шарбақты а.
Успен тарихи-өлкетанулық мұражай. Константиновка а.
Театрлар
 Ж. Аймаутов атындағы облыстық драма театры
 А.П.Чехов атындағы драма театры
А. П. Чехов атындағы драма театры
А. П. Чехов атындағы драма театры — Павлодардың ең ірі театры. Театр қойылымдарының арасында У.Шекспирдің «Он екінші түні», А.П.Чеховтың «Чайкасы», Дж.Патриктің «Оғаш мінезді миссис Сэвиджі», Н.Коляданың «Ақымақтар кемесі» және тағы басқалары. Театрдың директоры-шығармашылық жетекшісі ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының театр қайраткерлері Одағының басқарма мүшесі, педагогикалық ғылымдар кандидаты Виктор Аввакумов болып табылады.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры
1990 жылы 1 сәуірде ашылды. Директоры, шығармашылық жетекшісі – ҚазССР еңбегі сіңген әртісі, М.С.Щелкин атындағы Мәскеу театр училищесін бітірген Манап Мұхтархан Сәдуақасұлы. Театрдың ағымдағы репертуары 78 спектакльден тұрады, 2007-2011 жылдар арасында 35 жаңа қойылым жүзеге асты. Театр жылына 7 премьера қояды.
«Промень» Жастар театры
«Промень» театрының тарихы Павлодар қаласының Католик шіркеуінде 2000 жылдан бастап монахинялар, 2003 жылдан бастап Деркульская Ольга мен Аверьянов Денис жетекшілігіндегі театр үйірмесінен басталады. 2009 жылдың 5 қаңтарында «Промень» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Мәдени-Бос уақыт Студиясы Естай атындағы Қалалық Мәдениет Сарайының ғимаратына көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан.
Бос уақыт орталықтар және концерттік қонақ бөлмелер
«Астана» мұз сарайы
«Астана» мұз сарайы – 1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат. Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді. Оның ерекшелігі сонда – жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады. Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады. Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады. Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар. Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады. Әйелдер фитнес клубы, бассейні бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және дене шынықтырумен айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған /сағатына 200 теңге/. Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді. Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді. Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі. 
«Достық Үйі» мәдени-бос уақыт орталығы
2008 жылдың күзінде Павлодар қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық этномәдени құрамалары аңсаған Достық үйі ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл орталықта қала мен облыстың барлық этномәдени бірлестіктерінің ошақтары орналасқан.
«Шаңырақ» мәдени-бос уақыт орталығы
Павлодар облысының мәдениет департаментіне қарасты халық шығармашылығының облыстық орталығы.
Астай атындағы Қалалық Мәдениет Сарайы
«Достық» концерттік залы
«Колос» балалар мәдени-бос уақыт орталығы
Кинотеатрлар
«Шакен Айманов атындағы 3D» кинотеатры
Strong (АҚШ) проекциялық жүйемен және DOLBY DIGITAL дыбыс жүйесімен жабдықталған үш залды кинотеатр. Фильмдерді 3D форматында көрсету.
«Ertis-Cinema 3D» кинотеатры
Әлемдік премьералар мен ең кассалық фильмдер. Зал – 346 орын, ыңғайлы орындықтар мен үлкен экран (16м/6м). Кинотеатр ойын автоматтарымен (би алаңы, ату, жарыстар, балықтар, үлкен және кішкентай аэрохоккей) жабдықталған.
«Cinema Star» кинотеатры
Dolby Digital Surround форматының сандық сапасы фильмнің әр алуан дыбысталуымен тамсануға мүмкіндік береді. 90 орындық зал мен 20 орындық VIP-алаң.
«Қазақстан» кинотеары, Екібастұз қ.
 
Фиьмдерді дыбыстық сүйемелдеу Mono/Dolby-A/Dolby-SR/Dolby-Digital/Surround EX форматтарында жүзеге асырылады. Көпканалды көлемді дыбыс пен жоғары сапалы бейне экрандағы әрекетке қосылу сезімін тудырады. 2004 жылғы қыркүйекте болған қалпына келтіруден кейін 344 орындық кинозал, сонымен бірге 14 орындық VIP-алаңы бар.
Көрікті орындар
Павлодар облысы назар аударарлық орындарға толы. Павлодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін ерекше құрметтейді. Олардың көбі Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласында орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды атқызуға болады. Павлодар өңірі археологиялық ескерткіштерге де (өңірде көптеген тұрақтар, қорымдар, обалар, қоныстар бар), мәдени демалыс орындарына да бай. Бұл бөлімдеаумақтың негізгі назар аударарлық орындары, ғимараттар мен құрылыстар, ескерткіштер, мемориалдар, мүсін объектілері мен діни құрылыстар туралы ақпарат беріледі.
Табиғи ескерткіштер
Баянауыл Ұлттық табиғи саябағы
Баянауыл – қырдың ортасындағы табиғаттың көрікті аймағы. Тау қыраттары мен далалы аймақтарөсімдік түрлерінің сан алуандығымен көзге түседі. Баянауыл тауларында бір болған адам табиғаттың көріктігі мен денсаулыққа жағымдығы орынды үйлесетін табиғи баққа үнемі қайта орылғысы келеді. Туристік жолдар, өңірдің халқы – барлығы сізді Қазақстанның айрықша сұлу табиғи бағымен жақынырақ таныстырады. Баянауыл өңірінің атауын қазақтың сұлу қызы, танымал лирикалық поэмаға негіз болған қазақ Джульеттасының есімімен байланыстырады. 21 мың шаршы километр жер бойжеткеннің атымен аталады. Алайда, Баянауыл жерінің аталуы туралы бақа да пікірлер бар. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Баянауыл (Баян-Ола) сөзі баянды өлке, бақыт пен сәттілікті білдіреді. Баянауыл микроклиматы ең қаһарлы қыс кезінде де малдың қыстаудан аман-есен шығуына мүмкіндік береді.
Павлодар облысының геологиялық объектілері
Облыс территориясында мемлекеттік табиғи-қорықтық қорға кіретін, республикалық және халқаралық маңызы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылыққа ие және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қатарына енгізіген. Республикалық маңызы бар объектілерге Драверта, Кувшин, Әулие және Қоңырәулие үңгірлері, Әулиебұлақ және Телеубұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Рахай және Үшсала шатқалдары жатады.
Мемлекеттік қаумал — Қызылтау
Мемлекеттік қаумал — Қызылтау — Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы аумағы 60 000 га. Сирек кездесетін жануарлар ме олардың мекенін қорғау мен жануарлардың түрлерін шығару мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аумақ жүйесіндегі орны – бірқалыпты белдеудің далалық ландшафттық аймағы, бетегелі даланың оңтүстік аумақшасы, Қазақ платосы және ұсақ шоқылар жері, Баянауыл-Қарқаралы округы, Баянауыл ауданы.
Зоологиялық қаумал — Ертіс жағалауы
«Ертіс жағалауы» мемлекеттік зоологиялық қаумалы сол жақ жағалаудың 1-ден 10-12 км-ге дейінгі жерін, ал оң жақ жағалаудың 4-тен 6 км-ге дейінгі жерін алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымынан №877 «Мемлекеттік қорықшалар мен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері туралы» қаулысымен «Ертіс жағалауы» қаумалы (кешенді) бекітілді. Ертіс жағалауы Павлодар облысының территориясында, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жазықты оң жақ жағалаудағы Объ-Ертіс өзенаралығы (Құлынды) мен сол жақ жағалаудағы Ертіс маңындағы далаларға бөледі. «Ертіс жағалауы» қаумалының аумағы 377133 га. жер болса, қорғалған аумағы жоқ. Өзен жағалауы Батыс Сібірдің орманды аумағының оңтүстігін және далалық жерін толықтай қамтиды. Бұл 3 мың км жерге дейін жетеді. Ертістің қазіргі жағалауы биіктігі 7-8 метрге жететін алқапты құрайды, Павлодар облысының батыс шекарасына қарай 87 метрге жетеді, шығыс шекара аумағында – 112 м. Рельефтің дамуы бойынша Ертіс жағалауы көптеген протоколдарға, ескі арналарға, құмды аумақтарға толы.
Шарбақты ауданындағы Маралды көлінің жерасты байлықтары
Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады. Ертеректе Павлода облысының территориясында көптеген санаторийлер мен профилакторийлер болған. Павлодар облысының кейбір көлдері тек жергілікті халықтың ғана емес, шет жерлердегі қонақтардың да әулие орындарына айналған. Ең көп назарға Ямышевское, Маралды және Мойылды көлдері ие. Маралды көлінің жерасты сазының қасиеттері әлі де соңына дейін зерттелмеген. Оларың әсер ету спектрі өте кең. Маралды көлінің шипалы сазы жыл сайын көптеген бас июшілерін табады. Көлдің түбіндегі температура су бетіндегі температурадан 10-15 градусқа жоғары. Маралды көлінің сазы рвматизм мен буын ауруларын емдей алады, және, болжамдарға сәйкес, шипалы саз қоры 100 мың метр кубке жетеді. Одан басқа, көл түбінде көгілдір косметикалық саздың бар екендігі анықталған.
Шалдай орманы
Шалдай орманы – Павлодар өңірінің басты назар аударарлық орындарының бірі. Бұл табиғи ескерткіштің масштабы тек Павлодар өңірімен шектелмейді, оның масштабы планеталық деуге де болады – ғарыштан жасалған фотосуреттерде орманның созылыңқы таспасы (жүздеген километр) Объ пен Ертіс өзенаралығында өте әсерлі көрінеді. Осындай орман таспалары бесеу, бірақ олардың арасында тек екеуі ғана ресей-қазақстандың шекараны кесіп өтіп, Ертіске қарай созылады: біреуі кішірігім ғана, Семей қаласының маңында, екіншісі – Павлодар облысында. Кейбір пікірлер бойынша, таспалы ормандар көне мұздық солтүстік-шығысқа қарай қозғалып, ормансыз далаға ағаштардың тұқымын әкелген. Шалдай таспалы орманында жергілікті тиіндердің түрі – телеутка – тиінімен танымал. Бұл тиін түрі өте кең таралған, кішкене көгілдірленген терісін кеңестік кезде Италияға дейін жіберген.
«Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші
Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген. Қазба нәтижесінде бірнеше мың сүйек қалдықтары табылған, бұл сүйектер плиоцен-миоцен кезеңіндегі жануарларға (қазіргі африкалық фаунаның ата тегі) тән болатын. Палеонтологиялық институт шағын ғана жерге қазба жүргізген кезде бұғының 20 түрі, керіктің 40 түрі, мүйізтұмсықтың 130 түрі, гиппариондардың 200 түрі және т.б. тапқан. Палеонтологиялық жаңалық «Қаз қайтуы» ескерткішіне палеозоолог мамандардың үлкен назарын аудартты. Өкінішке орай, табылған барлық палеоматериал ғалымдармен бірге олардың зерттеу институттарына кетіп қалды, себебі, біріншіден, Павлодарда ол кзедері өлкетанулық мұражай болмады, ал екіншіден, палеонтологиялық қалдықтарды сақтауды қамтамасыз ететін ғылыми ұйым болмады. Орловтың бастамасын 1960 жылы ҚазССР ҒА Зоология институтының палеобиология бөлімінің экспелициясы жалғастырды. Електен ортаңғы және төменгі қабаттарды жуып-шаю кезінде омыртқалылардың үлкен коллекциясы табылды. Олардың арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтаржәне кішкентай құстар болды. Ескерткіш қала аумағында болғандықтан, «Қаз қайтуы» ескерткішіне павлодарлықтардың да, қала қонақтарының да тарапынан келушілер саны өте көп. «Қаз қайтуы» неоген дәуірі жануарларының ең танымал және эталонды жерлену орны болып саналады. «Қаз қайтуы» бойынша әлемдегі барлық осы дәуір жерленулері салыстырылады. Қазіргі күні қазба жұмыстары жерінде ашық аспан астындағы мұражай кейпіндегі саябақ кешені жоспарануда, кез келген адам қазба жұмыстарының өту үрдісін бақылай алатын болады.
Ғимараттар
Павлодар қаласы:
Ұлы Отан Соғысында қаза болған жауынгерлерге Ескерткіш
Қалалық мәдениет және демалыс бағынан кең аллеяда болаттан жасалған 16-метрлік ескерткіш көрінеді. Бұл ескерткіш ҰОС қайтпаған жауынгерлерге Жеңістің 25 жылдығына орай ұрпақтардан ағыс ретінде 1970 жылы 8 мамырда ашылды. Монумент көптеген күміс жіптерден құралған стела кейпінде бейнеленген. Оның алдыңғы жағында – алқагүл мен алғыс жазуы бар тақта бекітілген.
Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш.
2000 жылы ақын С.Торайғыровқа ескеткіш Павлодар қаласының көркемөнер мұражайының алдында орнатылып, алдыңғы жағымен Торайғыров көшесіне қаратылған еді. 2009 жылы ескерткіш Ак.Сәтбаев көшесі бойына, фонтандарға қарай 150 м жерге орнын ауыстырды. Мүсінші – Е.Сергебаев.
Тұғырдағы Т-34 танкі.
Павлодарлықтардың 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен әскери және еңбек ерліктеріне мемориал
Ішкі әскер жауынгерлеріне даңқ ескерткіші
В.И.Ленинге Павлодар облысындағы бірінші ескерткіш 1928 жылы Павлодар қаласында орнатылған (Ленпарк).
Даңқ мемориалы Павлодар қаласында 1975 жылы орнатылған (1 Мамыр саябағы).
Кеңес Одағының батыры К.Камзинге ескерткіш 1979 жылы Павлодар қаласында, Камзин – Толстой көшелерінің қиылысында орнатылды.
Павел Васильевке ескерткіш
Танымал еуразиялық ақын Павел Васильев (1910-1937) ескерткіші мен оның атындағы саябақ Павлодарда 2011 жылдың 23 қыркүйегінде ашылды. Павел Васильев мүсіні П.Васильев үй мұражайының ауласында орналасқан. Мүсінші Е.Мергенов, сәулетші К.Монтахаев.
Қ.И.Сәтбаевқа ескерткіш
 
2012 жылдың 12 сәуірінде академик, Қазақстан Ғылым академиясының президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа ескерткіш Павлодар қаласының орталығында, қала әкімдігінің жанынан орнатылды. Мүсін мен тұғырнаманың ортақ биіктігі – 8,5 метр. Ескерткіш авторы – мүсінші, ТМД және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік премия лауреаты, ҚР көркемөнер академиясының академигі Ольга Прокопьева. Тұғырнама авторы – еліміздің еңбегі сіңген сәулетшісі Кацев.
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер аллеясы
Павлодарда 2011 жылдың қарашасында Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер аллеясы ашылды. Орталық Кутузов көшесінде оналасқан аллея бойында ұлттардың таныма символдары орналасқан. Олар Павлодар облысындағы басқа этностардың рухани мәдениетін сипаттайды. Барлығы аллеяда он сегіз кішігірім мүсін орналасқан.
Аштық құрбандарына ескерткіш
Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық құрбандарына ескерткіш Павлодар қаласында 2012 жылдың 31 мамырында ашылды. Ескерткіш қала кіреберісінде, аштық кезінде қаза болғандарды жаппай жерлеу өткен ескі мұсылман зиратының жанынан көтерген.
Ағартушылар мен академиктардың мүсін аллеясы
Орталық почтамт ғимаратының сағат мұнарасы.
Сағат мұнара Павлодар қаласының символы болып саналады. Осы сағатпен барлық павлодарлықтар сағатын салыстырады. Сағат «Қазпошта» АҚ Павлодар филиалының ғимаратында 1983 жылы орнатылды.
Павлодар қаласының орталық жағалауы
Павлодарлықтар мен қала қонақтарының сүйікті дмалыс орны болып Ертіс өзенінің жағалауы саналады. Жағалау рельефке сәйкес террасалық қағидаға сәйкес оратылған. Жоғарғы терраса – саябақ, негізгі терраса – барлық аллеяларды біріктіретін орталық аллея. Төменгі терраса – жағажай.
«Ескі қала»
Ленин атындағы көшені «ескі қала» деп атайды, себебі бұл жерде ескі ғимараттар сақталған. Көпес Сорокин Үйі; Халықтық Үй; Майра атындағы ән шығармашылығы үй мұражайы; Владимирлік училище; Педтехникум; Көпес А.Деровтың сауда үйі; Ленин көшесіндегі сауда қатарлары; А.П.Чехов атындағы орыс драма театрының ғимараты; Көпес Охапкин үйі; Д.П.Багаев мемориалды үй мұражайы. 
«Астана» мұз сарайы
«Астана» мұз сарайын салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылдың 16 қазанында ашты. «Астана» МС басты назар аударары – мұз айдыны, оның жалпы ауданы 1830 шаршы км. Бұл айдында шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан сайыстар, мұз шоуларын жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін береді. Трибуналар 3 мыңға дейін көрөрменге арналған.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Павлодар облысының мәдениеті мен өн
Просмотров: 2047 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar