Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
Қордай ауданы
26.04.2013, 16:24 | |
Қордай ауданы – Жамбыл обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. бөлік. Алғашында (1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (1939) Жамбыл обл-на қосылды. Аум. 9,0 мың км2. Тұрғыны 107,7 мың адам (2003). Аудандағы 41 елді мекен 18 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Орт. – Қордай а. Қ. а-ның жері негізінен таулы. Солт. және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр. Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орт. және оңт.-шығыс бөлігін қамтиды. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м3), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. м3), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м3) барланған. Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа темп-расы –8 – 10ӘС, шілдеде 22 – 24ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аудан жерімен Шу өз-нің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орт. және оңт.-шығысынан Іле өз. алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, өзынсу, т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымд. 18,7 млн. м3. Олар аудан ш-тарының 4,5 мың га жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өз-нен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солт-нде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл, т.б. тіршілік етеді. Ауданда негізінен қазақтар тұрады. Одан басқа орыс, дүнген, өзбек, т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 11,8 адамнан келеді. Халық негізінен ауданның оңт., оңт.-шығыс бөлігінде (мұнда 1 км2-ге 37,2 адамнан) қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қордай (24,9 мың адам), Сортөбе (10,8), Масаншы (9,0), Отар (4,4), Ауқатты (4,2), Бетқайнар (4,4), Қаракемер (3,2), Қарасу (3,2), Қасық (3,0), т.б. Аудан ш. негізінен қант қызылшасын, сүтті-етті мал, қой өсіру, астық өндіруге маманданған. А. ш-на пайдаланылатын жердің аум. 234,0 мың га, оның ішінде жыртылған жері 52,6 мың га (13,6 мың га-сы суармалы), көп жылдық өсімдіктер 0,508 мың га жерді қамтиды. Шабындығы 4,8 мың га, жайылымы 180,0 мың га. 2001 ж. дәнді дақылдар 70,5 мың га жерді, қант қызылшасы 0,1 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың га, темекі 82 га, картоп 1,5 мың га, көкөніс 4,0 мың га, бақша егісі 1,2 мың га жерді қамтыды. Сонымен қатар, 484 га жерге жемістік және жүзімдік дақылдар отырғызылған. Ауданның барлық меншік түрлерінде (2001) 30,4 мың сиыр, 15,2 мың шошқа, 207,6 мың қой мен ешкі, 6,5 мың жылқы, 175,1 мың құс болған. А. ш. өнімдерін өндіретін 10 ассоциация жұмыс істейді. 2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда халыққа түрлі салада қызмет көрсететін 668 шаруа қожалығы, 9 ӨК, 4 АҚ және 9 ЖШС болған. Қ. а-нда Ноғайбай а. ш. колледжі, жалпы орта білім беретін 48 мектеп, 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, 4 ауд. аурухана мен емхана, 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт және 12 фельдш. пункт, сондай-ақ 32 мешіт бар (2003). Қ. Ахметов | |
Просмотров: 1724 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |