Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
Онтологияның негізгі мәселелері
10.03.2013, 20:42 | |
Онтологияның негізгі мәселелері. Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория. Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр). Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды. Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы. Тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын - адам. Екінші табиғат – адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз. Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректер адам болмысының басты көрсеткіші ретінде қарастырған жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. Болмыстың түрлері сан алуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте. Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып отырған синергетика (sупеrqеіа – ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) ғылымы немесе ашық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр. Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді. Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сан түрлі болғанымен, осының бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуатлизм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін бейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады. Плюрализм – дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәуелсіздігін мойындайды. Дуализм – дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді, ал монизм бір ғана бастау туралы тұжырымдайды. Монизм идеалистік және материалистік монизм болып бөлінеді. Алғашқысы дүниенің негізі ретінде идеалдықты таниды. Мысалы, Платон барлық нәрселердің негізі ретінде идеяны, ал Гегель абсолюттік идеяны жариялады. Ортағасырлық христиан және мұсылман ойшылдарының да басым көпшілігі осы монистік көзқарасты ұстанды, бірақ дүниенің негізі құдай деп пайымдады. Материалистік монизм дүниенің бастауы материалдық дейді. Бұл көзқарастың өкілдеріне көне гректердің Милет мектебінің ойшылдарын, Ренессанс ғалымдар Н.Кузанский ме Дж. Бруноны, марксизм философиясын жатқызуға болады. Ғылымның дамуы дүниенің бір, материалдық негізі бар екендігін дәлелдеді деуге болады. Антика философтары материя (лат. mаtегіа – зат, материал) ретінде барлық нәрселер одан пайда болып, кейін оған айналатын затты түсінді. Мысалы, мокрит материалдық және идеалдық дүниедегі өмір сүруші нәрселердің бәрі бөлінбейтін, өте кішкентай бөлшектерден – атомдардан тұрады деп түсіндірді. Гераклит барлық нәрселер оттан жаратылған деген пікірді ұстанды. Дүниенің атомистикалық бейнесі материяны атомдардан тұратын, кеңістікте өмір сүретін, мызғымайтын, қозғалысқа ие және тағы басқа қасиеттері бар зат деп қарастыратын түсінікті орнатты. Бірақ ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар, атан айтқанда, электронның ашылуы, оның материалдық бөлшек емес, энергия ретінде қарастырылуы, рентген сәулелерінің, радиоактивтіліктің ашылуы материяны дүниенің негізі деп тануды жоққа шығарғандай болды. Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғана қалды, яғни субстанция деп энергияны тану қажет деген пікір айта бастады. Бұл қателік материяны оның құрылымы мен қасиеттері арқылы ғана, яғни, физикалық шеңберде ғана түсінуден туындаған еді. Шындығында материяның философиялық ұғымы өзгерген жоқ. Осы мәселенің басын ашып айтқан В.И.Ленин болды. Өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінде ол материяның жан-жақты анықтамасын берді, және, біздің ойымызша, бұл анықтама (қазір біз В.И.Лениннің көптеген идеяларынан бас тартып отырғанымызға қарамастан) өзінің маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. Материяның лениндік анықтамасы мынадай: Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін объективті реалдылық белгілейтін философиялық категория. Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады. Материя жалғыз субстанция, өзінің себебі, ол жаратылмайды және жойылмайды, оның қасиеттері – қозғалыс, кеңістік,уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана (соңғы қасиет адамға ғана тән). Материяның басты қасиеті – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың механикалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті. Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы сипатталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем – уақыт қосылады. Уақыт – әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және заңды формасы. Уақыт бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен болашаққа қарай жүреді. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі). 2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі. 3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар: 1) тітіркену – өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы. 2) сезімталдық – жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз. 3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады. 4) адам санасы – бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Өзіндік сана – адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия - тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді. Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті. Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер және т.б жатады. Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр. 1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды. 2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады. 3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол қайшылықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды. 4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні - қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді. 5) Жеке сана қоғамдық санаға толығымен кірмейді. 6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қоғамдық психология » ұғымын қарастырған дұрыс. Қоғамдық психология дегеніміз – белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері. «Қоғамдық психология» терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол «қоғамдық сана» терминін «қоғамдық психика» және «таптық идеология» деп бөліп, коғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан. Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана – маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ-ылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әде-биетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастыры-лады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады. Идеология – саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет багдарламаларын, идеологиялық ұста-нымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым. Қогамдық психологиямен қогамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі: 1) Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор; 2) Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді; 3) Идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады. Қазіргі уақытта «идеология» термині қайта жаңғырып отыр деуге болады. Кеңестер Одағы дәуірінде ұзақ уақыт тым асыра идеологияланды-рылған қоғамда өмір сүргеніміз белгілі. Ол қоғам ыдыраған соң, идеоло-гиялық вакуум пайда болды, тіпті қоғамтанушы ғалымдардың өзі бұл терминді айналып өтуге тырысты, «қоғамды идеологиясыздандыру» мәселесі де кеңінен талқыланды. Әрине, бұл көзқарас дұрыс емес, себебі әрбір мемлекеттің өзіндік құндылықтар жүйесі, қоғамның барлық мүшелерінің көзқарастарын бейнелейтін белгілі бір ұстаным-бағыты міндетті түрде болуы тиіс, қоғам онсыз өмір сүре алмайды. Осы күрделі жұмыс қазір белсенді қолға алынып, дамуда. Мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми-теориялық еңбектерінде, Қазақстан халқына 2006 жылғы Жолдауында белгіленген. Оларды жалпы қорытсақ: 1) ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету; 2) ішкі ұлттық бірлікті нығайту; 3) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; 4) қоғамда жоғары тіл мәдениетін орнықтыру; 5) тұрақтылықты, азаматтық келісімді қалыптастыру және тағы басқа. Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), гылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр. Қоғамдық сананың формалары ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды. Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді. Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практи- калық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде өмір сүруді, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рациональдік пен эмоциснальдік, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әр түрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді. Саяси идеология – белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі. Саяси идеологияны адамдардың арнайы топтары идеологтар және идеялар өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал етудің идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын идео-логиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше түрлі тәсілдері пайда болды. Саяси идеология әлеуметтік саладағы өзгерістер жасаумен қатар жүрген-де ғана табысты болмақ. Көптеген партиялар осы факторға баса назар ауда-рады, бұл 2004 жылдың күзінде өткен Парламенттік сайлауға, 2005 жылдың 4-желтоқсанында өткен Президентті сайлау дайындық барысында анық байқалды. Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси сана және мораль салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, бір-біріне әсер ету дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің бірлігі, шынайылығы, адамгершіліктік келбеті оның саяси қызметіне, халықтың арасындағы беделіне едәуір ықпалын тигізеді. Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы. Құқықтық сананың да екі деңгейі бар: 1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер. Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі. Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады. 2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі. Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды. Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады: 1) танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі. 2) бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет. 3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы. Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы. Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды. Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. 1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі. 2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. 3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрлі. Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз. Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген болатын. Өнердің функциялары: 1) танымдық – өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады. 2) тәрбиелік – эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді. 3) эстетикалық – өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады. 4) гедоникалық – өнер туындылары адамға ләззат береді. Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолда- натын да тұлға, сондықтан енер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамды сананың басқа формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер саясаттан жоғары түруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады. Тақырыпты қорытындыласақ, онтология – философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады. | |
Просмотров: 1260 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |