Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
Ой қорытынды
21.03.2013, 18:30 | |
Ой қорытынды — ойлау формасы. Білімнің негізі абстрактілі ойлаудың маңызды бір формасы — ой қорытындымен алынған білім. Біз өзімізді қоршаған болмыс туралы білімді ұғым, пікір, ой қорытынды формасында тұжырымдаймыз. Сондықтан ойлаудың бұл формалары дүниетанудың негізгі құралы болып есептеледі. Ой қорытынды — бір немесе бірнеше пікір қоспасынан шыққан жаңа пікір түріндегі ойлау формасы. Біз өзіміздің күнделікті іс-әрекетіміздің нәтижесінде ой корытынды жасап отырамыз. Егер негізге алынған пікір дүрыс болса және біз ой корытындысын дұрыс күрған болсақ, қорытындымыз әр уақытта дұрыс болып шығады. Берілген пікірден қорытынды шығару үшін ол пікірді мазмүны бойынша белгілі тәртіпте бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Кездейсоқ қатар келетін пікірден қорытынды шығаруға болмайды. Өйткені, оларда ортақ мазмұн жоқ. Мысалы, мына екі пікірден қорытынды шығаруға болмайды: "Барлық құстар — жануар", "Капиталистердің бәрі — қанаушы", өйткені бұл пікірлердің арасында логикалық байланыс жоқ. Силлогизм. Дедукциялық ой қорытындынын көп тараған айрықша формасын логиканың атасы Аристотель силлогизм (грек. "силлогизм"— жинақтау, корыту) деп атаған болатын. Бұл термин осы күнге дейін сақталып келеді. Силлогизм дегеніміз — екі немесе одан да көп алғышарттардан қорытынды, шығаратын дедукциялық ой қорытынды. Дедукциялық ой қорытынды немесе силлогизм — біреуі міндетті түрде жалпы пікір болатын екі пікірден үшінші пікір шығаратын ой қорытынды. Мысалы: Барлық оқушылардың күнделігі бар. Дәурен — оқушы. Яғни, Дәуреннің де күнделігі бар. Дедуктивті ой қорытындыға тән формасы — қарапайым силлогизм болып табылады. Қарапайым силлогизм екі сілтемеден және корытындыдан тұрады. Ал егер бірнеше қарапайым силлогизм бір ой қорытынды түрінде біріксе, онда ол күрделі силлогизм деп аталады. Қарапайым силлогизмнің жалпы тәртіптері. Қарапайым силлогизм ақиқат сілтемелерді қатаң сақтамай, ақиқат қорытынды жасауға болмайтын жеке ережелерге бағынады. Осы ережелердің көмегімен силлогизмдік ой корытындылардағы қателіктерді табуға болады. Силлогизмнің жалпы 7 ережесі бар: үш термин және төрт сілтеме ережелері. Терминдер ережесі: • Әрбір силлогизмде үш термин ғана болуы керек. • Орта термин сілтемелердің біреуіне белінуі керек. • Егер термин сілтемелерге бөлінбесе, онда ол қорытындыда да бөлінбейді. Сілтеме ережелері: • Екі қанағаттанғысыз сілтемелерден корытынды шығаруға болмайды. • Егер сілтемелердің біреуі канағаттанғысыз болса, онда қорытынды да канағаттанғысыз болады. • Екі жекеше сілтемеден қорытынды жасауға болмайды. • Егер сілтемелердің бірі жекеше болса, онда корытынды да жекеше болады. Силлогизмнің аксиомасы. Силлогизмнің үш терминінің (P-M-S) арасындағы қатынастар адамның ойлау практикасында сан мың рет қайталана келе, аксиомальщ сипатқа ие болады. Ал аксиома дегеніміз — ақиқаттығы өзінен-өзі көрініп тұрған, арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екенін математикадан білеміз. Сондықтан да силлогизм адамның ой корытындысының табиғи формасы. Силлогизмнің аксиомасы терминдердің (ұғымдардың) көлемі жәнө белгілері жағынан екі түрлі тұжырымдалады. Индукциялық ой қорытынды. Ғылым мен практиканың кез келген саласында таным үдерісі эмпириялык танымнан, яғни жеке нәрселер мен күбылыстардың сапалары мен қасиеттерін талдаудан басталады. Бір тектес табиғат және қоғам кұбылыстарын бақылау барысында зерттеуші ұқсас нәрселердің бөрінде кайталанатын белгілі бір касиеттерін табады. Олардың ұдайы қайталана беруі: ол қасиеттер белгілі бір топка, таігқа жататын барлық күбылыстар үшін ор- так жалпы қасиет екенін көрсетеді. Сөйтіп, жекеше білімнен жалпы білімге көшудің логикалық формасы — индукция әдісі қолданылады. Индукциялық ой қорытындының негізгі идеясы — жеке айғактарды жинактап, жалпы ой корытып шығару. Бұл жалпылау өзінің мазмұны мен маңызы жағынан алуан түрлі — күнделікті карапайым іс — практикалық әрекеттен бастап, ғылымдағы тәжірибелік жалпылау немесе ғылымдардың ең жалпы заңдарын қорытып шығару. | |
Просмотров: 1828 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |