Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Нотариаттың қызметін бақылау
02.02.2014, 13:38
Нотариаттың қызметін бақылау
 
Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады. 
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі мен аумақтық әділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті «Нотариат туралы» Заңның 32-33 баптарында қарастырылған.
Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады. 
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң заңдылығын және iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады. 
Бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп белгiлейдi. 
Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 
Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн және бiр жылдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi және одан кейiн әрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.

Категория: Барлық реферат | Добавил: adilbek | Теги: Нотариаттың қызметін бақылау
Просмотров: 2139 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar