Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Медетбекова Жанна Әкімбекқызы
15.03.2013, 22:29

Медетбекова Жанна Әкімбекқызы

Медетбекова Жанна Әкімбекқызы 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіреді.

1988-1989 жылдары Алматы облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өтеді. Интернатураны аяқтағаннан кейін Қапшағай қаласында 1989-1995 жылдары неонатолог-дәрігер болып жұмыс істейді.

1995-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының клиникалық ординатурасында оқиды.

1997-2001 жылдары Алматы қаласының облыстық балалар аурханасында балалар психоневрологиясы бөлімшесін басқарады.

2001-2006 жылдары Алматы қаласының №7 ҚКА психоневрология бөлімшесінің балалар невропатологы, оның ішінде 3 жыл психоневрология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады.

2006-2007 жылдары №7 ҚКА нейрохирургия бөлімшесінде балалар невропатологы болып жұмыс істейді.

   2007-2008 жылдары Алматы қаласының №2 БКА функциялық диагностика бөлімшесінің ЭЭГ кабинетінің дәрігері және ерте жастағы неврология бөлімшесінің невролог дәрігері.

2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жанна Әкімбекқызы Астана қаласының Республикалық балаларды оңалту орталығында невролог дәрігер және «Қадам» бөлімшесінің (3 жастан 5 жасқа дейінгі) меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ғылыми дәрежесі бар - Медицина ғылымдарының кандидаты.

2009 жылы ақпанда Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының балалар неврологиясы кафедрасында «Балалардағы инфантилді спазмының клиника-функциялық және нейрорадиологиялық сипаттамасы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

Республикалық балаларды оңалту орталығында жұмыс істей жүріп өзін жоғары білікті маман, жақсылық тілеуші, балаларға және олардың ата-аналарына қайырымды, кәсіби шеберлігін арттыру үшін жалықпайтынын көрсете білді.

Неврологиялық аурумен науқастанған балаларға көмек көрсете отырып ол өз алдына маңызды мақсаттар қояды:

-         Реабилиталогияда танып білуді ғылыми-дәлелдеу базаларымен кеңейту;

-         Организмді қалпына келтіру және сауықтырудың әртүрлі әдістерін әзірлеу, ОНЖ зақымдалған балалардың өмірін жақсарту.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Медетбекова Жанна Әкімбекқызы, Медетбекова Жанна Әкімбекқызы мәлім
Просмотров: 904 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar