Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Хаттуша
26.04.2013, 16:50
Хаттуша — ЮНЕСКО Әлем мұра тізіміне 1986 жылы қабылданған, Хетт патшалығы астанасы болған (қола дәуірі кезі). Түркиядағы Богазкөй ауылы маңында орналасқан, ал Анкарадан 145 шақырым жерде.

Ортакөй ежелгі мекені

Богазкөй орналасқан Чорум уалаятындағы ежелгі мекендердің бірі де Ортакөй ежелгі мекені. Ортакөй Чорум қаласының 53 км оңтүстік шығысында, Алажа жазығының солтүстік шығысында, Гөйнүжек, Зиле және Амасия жазығы бірлескен жерде. Ежелгі мекен ауданның екі жарым км оңтүстік батысындағы Тепелерарасы және Агылөнү деген жерде орналасқан.

Ортакөйде қазба жұмыстары 1990 жылы Чорум мұражайы дирекциясы тарапынан бастатылды және 1992 жылдан кейін Проф. Айгүл Сүелдің басшылығында жалғасты.
Аймақ географиялық жағынан маңызды және егіншілікке қолайлы болғандықтан алғашқы шақтардан бері елді мекен болған. Бүгінге дейін жалғастырылған қазба жұмыстары нәтижесінде Хэт империя дәуірінен қалған үлкен тастардан жасалған храм-сарай кешенесі мен осы ғимараттың 150 метр оңтүстік шығысында кірпіштен жасалған екінші ғимарат табылды. Хэт империясы кезінен қалған ғимараттар арасында Рим дәуіріне тиісті тас қабірлер де кездеседі.

Ортакөйде қазба жұмыстары нәтижесінде храм-сарайдың ішінде Хэт тарихына жарық түсіретін үш мыңға жуық иеороглиф жазулы табақша табылды. Чорум мұражайында сақталған, діни және саяси тақырыптарды қамтығаны анықталған, көбінің хат екені түсінікті болған табақшалардан басқа түрлі керамикалар, темір құралдар, үш бұрышты бұйымдар, әшекей бұйымдары мен мөрлер де жарыққа шығарылды. Осы табақшалардан Ортакөйдің Хэт дәуірі кезіндегі есімінің Шапинува екенін көреміз.

Пазарлы ежелгі мекені

Чорумдағы ежелгі мекендердің бірі – Пазарлы ежелгі мекені. Алажаның 30 км солтүстігіндегі Чикхасан ауылындағы Пазарлы 1937-38 жылдары Түрік тарих мекемесі атынан Др. Хамит Зүбейр Кошай және Махмут Акок тарапынан зерттелді. Жасалған қазбалар нәтижесінде осы жердің калкалитикалық, ежелгі қола, хэт, фриг және классикалық дәуірлерде мекен болғаны анықталды.

Пазарлының ең маңызды дәуірі фриг қабатында көрінеді. Фриг дәуіріне тиісті қамал қалдығы мен тас іргетасы, кірпіш қабырғалары табылды. Осы кездің тастарындағы оюларда жүріп бара жатқан жауынгерлер, арыстан-табиғат күресі, ат адам, қанатты арыстан мен тау ешкілері суреттелген. Осы піскен топырақ табақшалар Анатолы археологиясының біздің дәуірімізден бұрынғы 7-ші және 6-шы ғасырларына тиісті үлгілері болып табылады.
Пазарлының фриг кезінен қалған ежелгі мекен імен осы алаңды қоршап тұрған қамалдың макеті мен осы жерден шығарылған керамика және басқа да қалдықтар Чорум және Алажахөйүк мұражайларында, піскен топырақтан жасалған түрлі түсті табақшалар болса Чорум мұражайы мен Анкара Анатолы Өркениеттер мұражайында көрмеде тұр.


Ескияпар ежелгі мекені

Чорумдағы басқа бір ежелгі мекен Ескияпар елді мекені болып табылады. Ескияпар мекені Алажа ауданының 5 км батысында, Алажа-Сунгурлу жолы бойында. Ескияпардың алғашқы қазбалары Анкара Анатолы Өркениеттер мұражайы атынан Ражи Темизер басшылығында 1968 жылы басталды. Қазба 1983 жылға дейін жалғасты. 1989 және 1991 жылдар арасында Чорум мұражайының бақылауында қазбалар қайтадан басталды. Осы қазбалар нәтижесінде күлтөбеде үздіксіз елді мекен болғаны анықталды. Күлтөбеде ежелгі қола, хэт, фриг, рим және екі сатылы элленистік кезеңдерінің іздері табылды.
Күлтөбенің солтүстік шығыс және батыс жақтарында Хэт империя шағы қала қорғанының іргетастары табылды. Тіктөртбұрышты, аулаларына тас төселген осы ғимараттар Богазкөй және Алажахөйүктегілерге ұқсас салынған.

Күлтөбенің оңтүстік шығыс жағында ежелгі хэт дәуірінен қалған мекеннен көптеген топырақ туынды жарыққа шығарылды. Осындағы оюлы культ құмыралар да осы жердің діни орталық болғанын көрсетеді.

Күлтөбеде хэт қабаттары астында орналасқан ежелгі қола дәуірі қабатында жасалған қазбаларда бір үйдің астында күміс және алтын қазынасы табылды. Күміс құмыралар, Сирия шишесі, күміс балта, түрлі алтын инелер, моншақ, сырға және білезіктерден тұратын қазына бір жағынан Алажахөйүк, Күлтөбе, бір жағынан Троя, Солтүстік Сирия Месопотамия қалдықтарына өте ұқсас. Осы олжалар әлі күнге Анкара Анатолы Өркениеттер мұражайында тұр.

Чорум мен төңірегі мыңдаған жылдан бері жалғасып келе жатқан Анатолының жергілікті мәдениет және өнер дәстүрін жалғастырған аймақтардың басында келеді. Чорумда зерттеу жасау және ежелгі туындыларды жинау санасы қалыптасқаннан кейін алғаш рет 1937 жылы Мұражай қызмет бере бастады. 1935 жылы Ататүріктің нұсқауымен басталған Алажахөйүк қазбасынан табылған олжалар да өңірде археологияға және ескі бұйымдарға деген ықыластың артуына жол ашты.
 
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Хаттуша
Просмотров: 864 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar