Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
Инфляция реферат
19.01.2014, 13:45 | |
Жоспар Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3 І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері 1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5 1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8 1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14 ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері 2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18 2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20 2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24 ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары 3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28 3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32 3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38 Қорытынды--------------------------------------------------------------------41 Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43 Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./ Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру. Курстық жұмыстың міндеттері: - инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау; - ҚР инфляциялық жағдайын талдау; - инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда.. Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары. Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. І. Инфляцияның теориялық аспектілері 1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді. Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды. Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б./ Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б./ Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Инфляцияның пайда болу себептері: Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін. Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10,110б./ «Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды. Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген: Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./ Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін. ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. /2, 105б./ Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған. Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты: Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады. Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді. Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. /16, 503б./ Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады. Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады. Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі. Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді: Р х Q = М х V, мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді. Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады. /15, 504б./ Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады. Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады. Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады./15, 216б./ Сонымен қорытатын болсақ, экономистер инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің бұзылуынан болатын. 1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады. Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі. Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді: - белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы; - мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі. Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі). Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады. Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады. Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты). Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады. Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады. Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. /15, 219б./ Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. /16, 504б./ Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б. Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді. Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі. Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./ Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті. Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады: бағалар өсуінің қарқыны бойынша: баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды; өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі; гиперинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды; бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша: теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде; болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай: - күтілген, болжалды және күтілмеген; - шығу немесе пайда болу орнына қарай: - импортталынған жене экспортталынған; - сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы). Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады. Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык шиыршық деп аталынатын факторды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді. Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді. Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады. Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды. Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады. Айтылған факторлар өндіріс шығындарын — өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады. Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады. /16, 506б./ Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған инфляция алдын ала тағайындалған еңбек ақы алатындардың, кредиторлардың және жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді. Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды индексация жасау. Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық болуы мүмкін. ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері 2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады. Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Қеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады: 1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық; 2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік; 3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция; 4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік; 5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б. Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған. Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды. Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %, 1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7 %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 ![]() 2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның даму қарқынын талдау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%. 2008 жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%, жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады. 2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын. Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% , мәдени қызметтер - 0.8%, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға қымбаттады. Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр. Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады. 3.2 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы болады: 1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с. 2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу . Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады. Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады. Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты. Дефляциялык, саясат — мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді. Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /16, 506б./ Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді: 1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту. 2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру. 3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру. 4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту. Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі. Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс: бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады. Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді. Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс. Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады: а) тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы; ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен; б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен; в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен. Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады. Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді: 1) жалақыны көбейту; 2) үйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі; 3) шикізат жөне энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді. Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. /16, 508б./ Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды. Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту меселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді. Сауда - делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды . Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы. Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады. Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады. Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатысты болады. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сүранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді. Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі. Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады. Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады. /16, 511б./ Ұлттық Банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде үстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргетгеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар. Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді. /16, 512б./ Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады: 1. Қаржы секторын тұрақтандыру. 2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу. 3. Шағын және орта бизнесті қолдау. 4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. 5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді. Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. 2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды. Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді. Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі 2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес, 2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді. Қорытынды Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді. Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді: -ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары; - Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары; - Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары; Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./ Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған. Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі. 2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж. 3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы – 2001. 4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж 5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Алматы «Экономика»-2000ж 6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж. 7. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г 8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004. 9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж. 10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997 11. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат -1996ж 12. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002 13. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж. 14. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж. 15. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым 16. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған. 17. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет. 18. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар. 19. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование. 20. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз. 21. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл 22. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г 23. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл. | |
Просмотров: 4375 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |