Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Егеменмін , тәуелсізбін , азатпын реферат
19.01.2014, 16:14
Тақырыбы: «Егеменмін , тәуелсізбін , азатпын »

Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, елін- жерін қорғауға тәрбиелеу, ұлтжандылыққа, адамгершілікке баулу, халқымыздың салт дәстүрін сақтауға үйрету. Қазақстан Республикасының тәуелсіздің алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру.

Көрнекілігі: Флеш-презентация, слайд,

Жүрісі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

1 — жүргізуші : Қай халық , қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды .Әр ел өзінің егемен , тәуелсіз болуын армандайды .Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәулсіздігімізді алдық.Иншалла олар көксеген арманға 20- ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған , өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық . Осыған байланысты тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Егеменмін , тәуелсізбін , азатпын » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !

2 — жүргізуші : Міне тәуелсіздігімізді тәу етіп , егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 22 жыл болыпты . Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып еңсемізді көтерген қанша ұлы оқиғалар болды . Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара — пар . Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ , әр жылдың өз шежіресі , сыры , тарихы , қасиеті бар .

1 — жүргізуші : Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Қазақстан
Ғасырлар тойы болшы келе берер

2 — жүргізуші : Мерекең құтты болсын егемен ел
Терезең барлық елмен тең ерең ел
Бабалар мәңгі бақи арман еткен
Теңдікті бостандықты иеленгендер

1 — жүргізуші : Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл , көк майсалы , көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып тәу еткен жер

Ән : Атамекен

2 — жүргізуші : Азаттық . Теңдік . Тәуелсіздік .Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас
тікпеді , кімдер құрбан болмады . Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жері
үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды .

1 — жүргізуші : Өткеніңді еске алсаң
Өскеніңнің белгісі
Өткеніңді ұмытсаң
Өшкеніңнің белгісі — деп ақын атамыз Жұбан Молдағалиев жырлаған екен . Сондықтан халқымыздың өткен тарихы жастарға , яғни біздерге аманат .


Слайд : Тәуелсіздік - халқымыздың бостандаығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі . Н. Назарбаев


Тарихи тақпақтар : Сайда, Нұрболат, Нұршат, Ержан, Гүларша, Ақжігіт .

1 — жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны - Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды . Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті .

2 — жүргізуші: Осыдан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз Республика болып жарияланды .

Ержан : 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады .

Саиида : 1992 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды . Қазақстанның ел рәміздері шықты .

Аружан : 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Қарашаның 15- і күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы- теңге айналымға шықты .

1 — жүргізуші: Тәуба тәуелсіздік туының желбірегеніне биыл 22 - жыл ! Тәуекелдің кемесіне мініп , төрт құбыламызды түгендеп , тек алға ұмтылудамыз . Бабалар қанының құнына келген қасиетті ата жұрт , қастерлі бостандық , киелі елдік , бағалы бірлік - бәрі болашақ қалған ұлағат .

2 — жүргізуші: Ұлылардан қалған ұлағатты , ұлы дүниелердің мұрагері - бүгінгі ұрпақ бізбіз. Сондықтан тәуелсіздіктің желбіреп тұрған туынжелкілдетіп , әнін әуеге желкілдетейік , достар ! Тәуелсіздік -бізге, біз- тәуелсіздікке қызмет етейік

Ән: Қазақстаным

1 - жүргізуші : Мен қазақпын , ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін , егеменмін , азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпын

2 - жүргізуші : Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын

Слайд : Қазақстан - Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты

Әнұран: Аиида
Елтаңба: Нұрболат
Ту: Нұрсұлтан

Ән " Көк тудың желбірегені ,,

Иса, Аселия- тақпақтар

1- жүргізуші: Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем , оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы , жасыл жайлауы - менің ақ бесігім . Сондықтан мен Отанымды сүйемін !

2 - жүргізуші : Қазақстан , сен заңғар биіксің, кеңсің . Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген . Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перезентіңбіз . Тәуелсіздікті Сүйікті Отанымызды мақтаныш сөзіммен жырлайтын өлең - шумақтарын тыңдап көрелік !

Көркемсөздер : Әділғазы Қайырбеков (Аружан)
" Біз кешегі көшпелі елміз ,,
Әдібай Табылдиев (Ақжігіт)
"Көк байрақ - туымыз ,,
Ғафу Қайырбеков (Нұрсұлтан)
" Мақтаныш ,,
Тұманбай Молдағалиев (Гүларша)
"Туған ел туралы ,,
Фариза Оңғарсынова (Саиида)
"Туған жер , туған ауыл,,
Қ . Аманжолов (Гаухар)
"Қазақстан ,,
Фариза Оңғарсынова (Нұршат)
" Қазағым менің ,,

2- жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
1-жүргізуші: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын
Бейбітшілік пен босдандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Ән: Егемен Қазақстаным

2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан- Ұлы Отаным
Көк туымды қалайша құлатармын
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар
Бәріміз баласындай бір атаның

1-жүргізуші: Елімізде бақ береке ырыс болсын
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын
Халқымның ахуалы дұрыс болсын
Еліміз әрқашанда тыныш болсын

Қорытынды сөз: Сынып жетекшісі
Категория: Барлық реферат | Добавил: MasterSun | Теги: Егеменмін, азатпын реферат, тәуелсізбін
Просмотров: 4702 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar