Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Бидай қуыру, Бөкпе, Жарма, Жент ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
03.01.2014, 16:07

Бидай қуыру – бидайды қуыру үшін адымен әбден тазартады. Бірнеше рет желпиді. Содан кейін жылы сумен мұқият жуады. Қазанды отқа қойып, ұсақтап туралған май салып шыжғырады. Май қатты қызған кезде бидайды салып қуырады. Бидай күреңдегенде отын сөндіріп, қазанның бетін жауып, 10-15 минут бұқтырады. Оны шаймен бірге береді. 7-8 сиакан бидайға: 1 стакан құйрыұ май керек.

Бөкпе – ақталған тары мен қонақтан сүтке бөрттіріліп дайындалады. Кілегейі алынбаған шикі сүтке ақталған тары не қонақты салып, түбі қарылмайтындай етіп жайлап қайнатады. Сүт суала бастағанда үстіне сары май салып, аздап құмшекер сеуіп, оттың табына бөктіреді. Сүт әбден суалып болғанша тары да піседі. Бабымен піскен бөкпенің беті қабыршақтанып, бауырдай дірілдеп тұрады. Бойына сары май мен сүтті сіңіріп балбырап піскен бөкпе аса дәмді болады. Бұл – үй ішінің күнделікті тағамы ғана емес, сонымен қатар сыйлы қонақтарға тартарлық дәмді, кәделі ас.

Жарма – қуырылған тарыдан, арпадан, бидайдан келіге түйіп дайындалатын дәм.  Жарма дайындағанда дәнді мүлде ұнтақтап жібермей, жартылай жарып қана қояды. Жарманың бітеу дәнге қарағанда артықшылығы сол – ол тез піседі. Жармалардың ішінде ең көп кәдеге жүретіні – тары жармасы. Оны сары майға, тортасынан айырған майға, шыртылдаққа, қаймаққа, кілегейге араластырып, қызыл ірімшік, ірімшіктің сары суын, сүзбені қосып, келіге жаншып, майға қуырып, сүтке бұқтырып әзірлеуге болады.

Жент – аса кәделі дастархан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.жент былғау шеберлікті талап етеді. Ақталған тарыны келіге түйіп ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құып ысытып, жаңағы араластырылған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табына араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын дерге қойылады. Әдеттен жент ешкінің немесе қойдың қарынына салып сақталады. Ол ауа өткізбейді де, жент өзінің иісін, дәмін жоймай, ерімей жақсы сақталады.жылқы майы болмағанда сары майға былғаса да болады. Жент көбіне соғым сойған кезде әзірленеді.

Күлше қоламтаға көміп пісіріледі. Қазіргі кезде күлше пісіретін ұнді тұзды суға қамырын қатты етіп илеп, 15-20 минут бетін жауып қояды. Содан кейін қамырды жуандау етіп, бөлектеп кеседі де, оқтаумен дөңгелектеп жаяды. Бетіне ағаш қасықтың сабымен өрнек жасайды. Үстіне сары май жағып, онша ыстық емес пешке немесе духовкаға қойып пісіреді. Күлшені шаймен бірге береді.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1538 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar