Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді «банктің қызметтері» деген түсінікке анықтама беріп кетейік. Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан талқылау жасалынады. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы» заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың «Ақша, Несие, Банктер» кітабында «Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өніміні негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.» делінген. "Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция) іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды. Аталған қызметтерді тек езіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек. Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт. Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін «банк» түсінігінің мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын. Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады. Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды. Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте орналастырылғын ақша қаражаттарының ролі, әрине, банк үшін маңызды болса да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент банк - клиент схемасына жауап береді және «банктік қызмет» түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк , әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.
|