Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
10.03.2013, 20:54 | |
Балық аулау - тіршілік қамымен немесе емдік дәру ушін балық ұстау. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкендария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдермен балық аулағандығы туралы бізге жеткен деректерде айтылады. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ сапу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты тәсілдермен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, тартпа (шаппа) сияқты шаншып аулау құралдарын, қармақты пайдапанған. Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, ілме қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған. Қармақтың түрі көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ т.б. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан ау құрудың, көл ортасына «ыспамен» жетудің жолдарын үйренген. Балықшылық кәсібіне үйренген қазақтар малға айырбастап қайық сатып ала бастады. Ташкент темір жолы жүргізілген соң балық аулау одан әрі дами түсті. Балық аулауға сәуір мен маусым аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы ыңғайлы деп есептелген. Балықтың уылдырық шашар кезі су жылып, өзен тасыған маусым-шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық ауланбайды. Балық мәселесін арнайы зерттеген Л.С. Бергтің жазуына қарағанда 1930 жылдары Аралда көктем мен күзде құрма, тоспа аулармен, бекіре мен аққайран, сазан, торта, шортан, көксерке, ақмарқа, жайын ауланған. Қаяз бен бекіреге ақан аулар салады. Сүзгі аулармен өзен суларынан ұсақ қаяз, тісті және ақмарқа аулайды. Қазақтар итбалықты еті мен майы үшін қыстыгүні аулаған. Балық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі. Желі қармақ ұзындығы 50-60 м кендір арқанның бойына 2 м сайын 20-30 қармақ, бір жерге 40- 60 желі қатарынан жалғастырылып құрылатын құрылғы. Жүз елудей қармақ байланған алты кішкене желінің қосындысын балықшылар «сүре» деп атайды. Сүрелердің аралығына байлап, су түбіне тасталатын салмағы 20 кг-дай ауыртпалық желілерді бір орында қозғалтпай ұстап тұрады. Су бетінде жиырма шақты қалтқыдан тұратын көтергі оны батырмай көтеріп тұрады. Ертедегі қарапайым желінің ұзындығы 11-13 құлаш, желі аралары 18 см етіп байланған, бауы қысқалау бір қарыс қана кендірден жасалған. Бекіре, шоқыр, қорытпа аулаудың бір әдісі - қарашағырмаққа кендірден желі жасап, жіптің бойына 8-10 см сайын қара қармақтар байлау. Қамап аулау Қыстыгүні аулау | |
Просмотров: 1605 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |