Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы
15.03.2013, 22:36

Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы

Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы, 1956 жылдың  26 мамырында Алматы облысы Андреевка селосында дүниеге келген. Әкесі – Сейсембеков Әділжан Сейсембекұлы майдангер, соғыстан кейін Андреев ауданының прокуратурасында, кейіннен Жоғары партия мектебін аяқтағаннан кейін аудандық атқарушы комитеттің төрағасының орынбасары, совхозда парторг болып қызмет атқарған. Анасы – Сейсембекова Айбала Малмаққызы, соғысқа қатысушы, соғыстан кейін Андреев ауданының прокуратурасында, одан кейін 60 жылдардың аяғынан зейнеткерлікке шыққанға дейін АХАЖ бюросын басқарған.

1963-1973 жылдары Андреевка селосының №2 орта мектебінде білім нәрімен сусындаған. 1973-1974 жылдары аудандық тубдиспансерде жұмыс істейді. 1974-1980 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында жетік білім алады.

1982-1985ж.ж. – педиатр-дәрігер, №3 қалалық балалар емханасы, Алматы қаласы;

1985-1987ж.ж. – хат және шағым бөлімінің инспекторы, Республикалық консультативтік емханадан ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінде, Алматы қаласы;

1987-1989ж.ж. – ҒЗИ базасында балалар неврологиясы бойынша клиникалық ординатура, Алматы қаласы;

1989-1991ж.ж. – невропатолог-дәрігер, №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы;

1991-1995ж.ж. - №7 қалалық клиникалық аурухананың ерте жастағы психо-неврология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы;

1995 жылдан 2007 жылғы тамыз айына дейін – «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері, Алматы қаласы;

2007 жылғы 24 тамыздан бастап «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ – бас директоры, одан әрі басқарма төрайымы қызметін атқарады.

 1991-1995ж.ж. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар невропатологы;

2002-2005ж.ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар реабилитологы;

2007 жылдан бастап  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас медициналық реабилитолог;

2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Дәрігерлер мен дәрішілердің Халықаралық Қауымдастығының құрамына кіретін Қазақстан Республикасының балалар реабилитологтары қауымдастығының президенті.

   Шолпан Әділжанқызы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Дәрігер мамандығын теориялық жағынан ғана емес, оқып жүріп Алматы қаласының бірінші қалалық клиникалық балалар ауруханасында жұмыс істей жүріп, тәжірибе жетілдірді. Институтты бітіргеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінде, балабақшада, мектепте, емханада жұмыс істеді, ординатурадан өткеннен кейін, ол өзінің балалар невропатологы болуы керек екенін ұғынды. Оған 1991 жылы 7-ші қалалық клиникалық ауруханада ерте жастағы неврология  бөлімшесін ашу тапсырылды. Алған білімдерін тәжірибеде табысты қолдана білді. 1995 жылы өте жоғары деңгейдегі дарынды маман ретінде көріне білген Ш. Бөлекбаеваны «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері болып тағайындайды. Орталықтың өзі болмады, оны құру қажет болды. Уақыт өте келе бір орталық БЦС-мен науқастанған балаларды оңалту қажеттілігін толық қанағаттандыра алмайтыны түсінікті болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберінде Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысы басталды. Оңалту орталығының құрылуы мен ашылуына ұйытқы болып, оның толық жұмыс істеуін ұйымдастырды. Қандай да бір жетекшілік қызметтерде болмасын Шолпан Әділжанқызы өзін жақсы ұйымдастырушылық қабілетімен, іскерлігімен, білікті басшы ретінде таныта білді. Денсаулық сақтау министрлігі оны шетел тәжірибесін үйрену үшін Ұлыбритания және Түркияға жіберді. Барлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалады. Жабдықтармен жабдықтау бойынша, кадрлармен қамтамасыздандыру бойынша, барлық қызметтер түрлерін орналастыру бойынша жұмыстарды өзі орындады. Оның күш салуымен Орталықтың қызметкерлері сынақ ісін Лондонның, Бристолдың, Нотингеманың, Лидзяның, Мәскеудің, Санкт-Петербургтың, Каунастың, Израилдың клиникаларында өтті. РБОО-да ортездік шағын зауыттың ашылуына қол жеткізді. Оның бастамасы бойынша медициналық ұйымда пациент балаларға арналған алғаш рет Намазхана, сиыну бөлмесі ашылды. Оңалтудан өткен 200-дей бала өздері алғаш рет қадам басты. Орталықта мектеп ашу пікіріде Шолпан Әділжанқызынікі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көбі алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Өз мамандығын жете меңгеріп, адамдардың денсаулығы мен бақыты жолында тынымсыз тер төгіп жүрген Шолпан Әділжанқызының еңбегі, аналардың жүрегіне үміт отын жандырады,  балалардың сауығуына және дербес болуына көмек береді.

Кәсіби шеберлігін шыңдау жолында ізденуден жалықпайтын Шолпан Әділжанқызы біліктілігін үнемі жетілдіріп, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды білуге құштар адам. Казанда профессор Ратнерден, Мәскеуде профессор Семеновадан білім алды. 2011 жылы «JGI аккредитацияның халықаралық стандарттары» бойынша Шарите-Берлин (Германия), Прага (Чехия) Вена (Австрия) Медицина университеттерінде біліктілігін жетілдірген. Әртүрлі журналдар мен жинақтарда 80-нен астам ғылыми мақалалары жарияланды. 2004 жылы «Клиникалық медицина сұрақтары» атты ғылыми мақалалар мен дәрістер жинағы, 2006 жылы «Нейрореабилитацияның өзекті сұрақтары» ғылыми еңбектер жинағы, 2008 жылы «БЦС-да кешенді оңалтудың қазіргі әдістері» атты дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдары басылды. 2011 жылдан бастап шығарылатын «Реабилитология сұрақтары» атты ғылыми тәжірибелік журналдың бас редакторы. Қазіргі заманға сай диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін терең меңгерген дәрігер.

Ақ халатты абзал жан бір қыз, бір ұл сүйіп, тәрбиелеген ардақты ана.

Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, ол мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеуде, БЦС-ның алдын алу сұрақтарын көтеруде. Қазақстан Республикасының балалар реабилитологиясының дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін кәсіби маман ретінде Бөлекбаева Шолпан «Шапағат» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның дәрігерлері мен дәрішілердің қауымдастығының  гауһар төс белгісіне», «Алтын дәрігер» төс белгісіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медаліне ие болды.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы мәлім, Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы, Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы рефер
Просмотров: 1267 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar