Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Абайдың жұмбағы - Аңыз-әңгіме
01.01.2014, 19:12

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:

-  Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:

-  Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. Абай риза болады.Тағы бірде үйіне Төлтай, Ошыбай деген кісілер келгенде Абай:

- Қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті? - депсұрайды.Ошыбай:

- Құрттың ақ малтасына қосып жеген қанттан тәтті бар дейсіз бе? - дей бастағанда, Төлтай құрдасы Ошы байға кейіп:

- Әй, сен оттама! Қатты деген жоқшылық, тәтті деген жан емес пе? - депті. Абай мырс етіп күліп:

-  Жарайсың, Төлтай! - депті.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1030 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar