Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Ағылшын тілі реферат
10.04.2013, 15:30

 

Ағылшын тілі ағылш. English language — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.

Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады. 

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Ағылшын тілі туралы, Ағылшын тілі туралы реферат, Ағылшын тілі мәлімет, Ағылшын тілі
Просмотров: 3610 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar