Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 2396 Показано материалов: 731-740 |
Страницы: « 1 2 ... 72 73 74 75 76 ... 239 240 » |
Сортировать по: Рейтингу
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екісекторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды. |
Касым хан Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған Қасым хан мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасы. Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы» деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын түсініп, шегінеді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз қарсыласын жеңеді. |
Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді. |
Кіріспе Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді. Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады. |
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті. Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады. 1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады. |
Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125). |
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. |
Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ |
Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай |
Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. |