Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Дипломдық жұмыстар [ Добавить материал ]

Кәсіпорындарда логистиканы қолдану және оның даму болашағы
[ Скачать с сервера (757.5 Kb) ] 22.03.2013, 11:51

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………..…...3

 

1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері

 

1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6

1.2    . Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17

1.3    . Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25

 

2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы

 

2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму  жағдайы және болашағы ……………………….….………….….……….….........................38

2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ»  логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49

2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59

 

Қорытынды………………………...........……………………………………69

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72

 КІРІСПЕ

 

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық әдебиетінде  логистикалық мәлелердің алатын орны маңызды және оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналған.

Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.

Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысының өзектілігін  көруге болады.

Бітіру жұмыстың мақсаты – отандық кіспорындардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

·  логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу;

·  логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру;

·  шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін талдау;

·  Қазақстан Республикасында логистиканың даму  жағдайы және болашағын қарастыру, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау;

·  Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.

Бітіру жұмысының зерттеу объектісі – Қазақстан республикасының  кәсіпорындары болып табылады.

Жұмыстың тақырыбына қатысты қарастырылатын мәселелер орын-орнымен топтастырып көрсетілген.

Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі  мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер және баспасөз  материалдары көрсетіліп кетеді.

І бөлімде  логистика тарихы, эволюциясы, ұғымы мен мазмұны, әдістемелері, экономикалық тиімділігі, шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі кеңірек қарастырылады.

ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы логистиканың даму нарығының жағдайы мен болашағы, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ»  логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін жан-жақты талданып, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары қарастырылады.

Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде логистика қызметін тиімділігін арттыру, тәжірибедегі мәселелерін шешу жолдарын көрсетіп,  ұсыныстар келтірілген.


1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері

 

 

1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы

 

Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде ''логистер'' немесе ''логистиктер'' деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.

Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен  әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың ұйымдастырылуына байланысты жеңіліп немесе жеңіске ұшырап отырған

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады [1].

Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да "logіstіes” сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: "Логистика гректің "logіstіke” сөзінен алынған – есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы "calculus ratіocіnator” (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды”.

Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логика кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын математиканың философиялық проб-лемалар саласындағы бағыты). Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысындағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.

Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XІX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: "логистика - әскерлерді маневрлеудің практикалық өнері”. Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т.б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XІX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты [2].

Логистика дамуының тағы бір бағыты – экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.

Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70–ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін "шығындарды үнемдеудің соңғы шегі” және "экономиканың танылмаған материгі” ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады [2].

Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілері: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

1-суретте шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағымдарын басқарудың теориясы мен практикасы бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші-кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.

ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.

20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді "фрагментаризация” кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді
Категория: Дипломдық жұмыстар | Добавил: admin | Теги: Дипломдық жұмыс жүктеу, Кәсіпорындарда логистиканы қолдану , Кәсіпорындарда логистиканы қолдану
Просмотров: 3423 | Загрузок: 1034 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar