Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 811-820 |
Страницы: « 1 2 ... 80 81 82 83 84 ... 290 291 » |
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. |
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады 1. өмірбаян 2. түйіндеме 3. жеке іс парағы 4. визит карточкасы 5. өтініш 6. арыз 7. мінездеме 8. кепілдеме 9. кеден мағлұмдамасы 10. жеделхат |
Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой! |
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Бұндай мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық мәліметтерінен көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және 2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен. |
Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. |
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. |
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан. |
Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. Адам баласы қатарында мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан, шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің тірісінде-ақ «Өлең сөздің пірі», «Поэзия алыбы», «Алатау сынды ақсақал», «Жыр күмбезі», ал 90-нан асқан жасында «XXI ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі. |
Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. |
Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай тұлғаларымызды тұғырына қондырдық. Хандарымыздың, батыр-билеріміздің қадіріне жетіп, ұлттық салт-санамызды қайта жаңғыртқанымыз – елдігіміздің белгісі. Оған тәубе, десеміз. Мызғымастай көрінген кеңестік империя күйреп, тіліміз бен дініміз, діліміз есіктен көтеріліп, терге озды. Тарихымыздан ажырап, озгепің жырын жаттап, батырын мақтап, өгей баланын күйін кешіп едік, ол сорақылықтан біржолата құтылдық. |