Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 721-730 |
Страницы: « 1 2 ... 71 72 73 74 75 ... 290 291 » |
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет. |
Қазақ қашаннан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санап, көп игілігін көрген. Маңғаз жатқан маң дала — Мойынқұмда да ата-бабаларымыз ежелден мал өсіріп, оны тікелей тірлік-тіршіліктің тиімді көзіне айналдыра білген. Иә, «Мал — елге құт» деген сөз бар дана халқымызда. Оның шындығына осы өркені өскен өңірде өмір сүріп, ерен еңбек еткен азаматтарымыздың іргелі істері дәйекті дәлел бола алады. |
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді. |
Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...», «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойныңа кірер денең...», - деген жолдарында, ұлы Абай әннің өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген. Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр. Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі. |
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар! 1.Алғы сөз 2.Домбыра аспабы 3.Күйдің аймақтық дамуы 4.Шертпе күйдің аймақтық ұялары 5.Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі 6.Арқа күйшілік мектебі 7.Жетісу күйшілік мектебі 8.Қаратау күйшілік мектебі 9.Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі |
Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. Сахна төрiнде орындаушының еркiндiк қалпы туралы ой қозғалады және құлағын бұрап келтiру кезiнде байқалатын адамның төрт түрлi психологиялық мiнезiн ашатын құбылыстар сөз болады. |
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді. |
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды |
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан. 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған. |
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти- желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала- дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді. |